ЖАМАННЫҢ КӨЗІНЕН ЗАЛАЛ, ӘУЛИЕНІҢ КӨЗІНЕН НҰР КЕЛЕДІ

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8203
ЖАМАННЫҢ КӨЗІНЕН ЗАЛАЛ, ӘУЛИЕНІҢ КӨЗІНЕН НҰР КЕЛЕДІ
іші теріс ойға, кесапатқа толы жаман адамның назары тіл-көз болып тисе, біреуді зияндауы, құртуы мүмкін. Ал іші ізгілікке, нұрға, иманға толы адамның, әсіресе әулиенің назары адамға рухани шипамен оң энергия береді. Яғни әулие сізге қараса, ол сізге ем, береке әкелуі мүмкін, сондықтан, әулиенің құзіретінде болып, батасын алуда зор игілік бар. Әйгілі әулие Мәуләнә Руми хазірет, 'таза дін кітаптан емес, әулиенің назарынан келер' дейді. Пайғамбарлармен әулиелерге адамдарға қарау уәжіп болған, себебі олар қарағанда Алланың нұрымен қарайды, ол адамға ем-шипа әкеледі, имани қуат береді, адам бойындағы күнәны жуады, хидаятқа әкеледі. Әулиелердің назарында осындай игіліктер бар. Сол үшін пайғамбарлармен әулиелерге көшеге шығу, жер аралау, сапарлау әмір етілген, олар осы барыста Алла қалауында көптеген адамдарға ем, береке, хидаят әкеледі, өз жүректерінен мүминдердің жүректеріне иман қуатын таратады, рухани күш береді. Олардың назары жәй адамдарға ұқсамайды, жәй адамдар бірдеңеге қараса, харам болып, күнә табуы мүмкін. Кітап, намаз оқу көп сауап береді, бірақ иман қуатын бәлендей арттыра алмайды, тіпті ниет дұрыс болмаса, олар сауап түгілі, күнә әкеледі. Бірақ, ниетті дұрыстап, әулиелермен бірге болу, оларға еру, олардың назарында болу адамның иман қуатын арттырады, исламның дәмін шынайы татқызады, хикімет бітіреді. Әулиелер рухани күйде әрдайым Алла және пайғамбарымызбен бірге жүреді, сондықтан олардың назарында Алланың илаһи нұры бар.
- БҰЛ МӘЛІМЕТТЕР НАҚЫШБАНД СОПЫЛЫҚ ТӘРИҚАТЫНЫҢ 40 ІНШІ ӘУЛИЕ ПІРІ МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ХАЗІРЕТТІҢ СҰХБАТТАРЫНАН АЛЫНДЫ
جاماننىڭ كوزىنەن زالال، اۋليەنىڭ كوزىنەن نۇر كەلەدى
ءىشى تەرىس ويعا، كەساپاتقا تولى جامان ادامنىڭ نازارى ءتىل-كوز بولىپ تيسە، بىرەۋدى زيانداۋى، قۇرتۋى مۇمكىن. ال ءىشى ىزگىلىككە، نۇرعا، يمانعا تولى ادامنىڭ، اسىرەسە اۋليەنىڭ نازارى ادامعا رۋحاني شيپامەن وڭ ەنەرگيا بەرەدى. ياعني اۋليە سىزگە قاراسا، ول سىزگە ەم، بەرەكە اكەلۋى مۇمكىن، سوندىقتان، اۋليەنىڭ قۇزىرەتىندە بولىپ، باتاسىن الۋدا زور يگىلىك بار. ايگىلى اۋليە ءماۋلانا رۋمي حازىرەت، 'تازا ءدىن كىتاپتان ەمەس، اۋليەنىڭ نازارىنان كەلەر' دەيدى. پايعامبارلارمەن اۋليەلەرگە ادامدارعا قاراۋ ءۋاجىپ بولعان، سەبەبى ولار قاراعاندا اللانىڭ نۇرىمەن قارايدى، ول ادامعا ەم-شيپا اكەلەدى، يماني قۋات بەرەدى، ادام بويىنداعى كۇنانى جۋادى، حيداياتقا اكەلەدى. اۋليەلەردىڭ نازارىندا وسىنداي يگىلىكتەر بار. سول ءۇشىن پايعامبارلارمەن اۋليەلەرگە كوشەگە شىعۋ، جەر ارالاۋ، ساپارلاۋ ءامىر ەتىلگەن، ولار وسى بارىستا اللا قالاۋىندا كوپتەگەن ادامدارعا ەم، بەرەكە، حيدايات اكەلەدى، ءوز جۇرەكتەرىنەن مۇميندەردىڭ جۇرەكتەرىنە يمان قۋاتىن تاراتادى، رۋحاني كۇش بەرەدى. ولاردىڭ نازارى ءجاي ادامدارعا ۇقسامايدى، ءجاي ادامدار بىردەڭەگە قاراسا، حارام بولىپ، كۇنا تابۋى مۇمكىن. كىتاپ، ناماز وقۋ كوپ ساۋاپ بەرەدى، ءبىراق يمان قۋاتىن بالەندەي ارتتىرا المايدى، ءتىپتى نيەت دۇرىس بولماسا، ولار ساۋاپ تۇگىلى، كۇنا اكەلەدى. ءبىراق، نيەتتى دۇرىستاپ، اۋليەلەرمەن بىرگە بولۋ، ولارعا ەرۋ، ولاردىڭ نازارىندا بولۋ ادامنىڭ يمان قۋاتىن ارتتىرادى، يسلامنىڭ ءدامىن شىنايى تاتقىزادى، حيكىمەت بىتىرەدى. اۋليەلەر رۋحاني كۇيدە ءاردايىم اللا جانە پايعامبارىمىزبەن بىرگە جۇرەدى، سوندىقتان ولاردىڭ نازارىندا اللانىڭ يلاھي نۇرى بار.
- بۇل مالىمەتتەر ناقىشباند سوپىلىق ءتاريقاتىنىڭ 40 ءىنشى اۋليە ءپىرى ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەتتىڭ سۇحباتتارىنان الىندى
#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8203