You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: сопылық тәриқат атын жамылған алаяқтан сақтан (2025.04.02 / Хижра 1446-жыл 04-Шауал)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8157
Сұхбат: сопылық тәриқат атын жамылған алаяқтан сақтан (2025.04.02 / Хижра 1446-жыл 04-Шауал)
Исламбол (Станбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

(Türkiye-Cyprus, Lefka, Shaykh Nazim Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓا۟ إِن جَآءَكُمْ فَاسِقٌۢ بِنَبَإٍ فَتَبَيَّنُوٓا۟ أَن تُصِيبُوا۟ قَوْمًۢا بِجَهَـٰلَةٍ فَتُصْبِحُوا۟ عَلَىٰ مَا فَعَلْتُمْ نَـٰدِمِينَ» (о, иман келтіргендер, егер кесірлі біреу сендерге хабар әкелсе, оны тексеріңдер, әйтпесе надандықпен біреуге залал әкеліп, істегендеріңе өкініп қаласыңдар) (құран 49:06), садақал лахул ғазим. Алла Әззә Уә-Жәллә, «егер кезкелген хабар, кезкелген нәрсе естісеңдер, оны әбден зеріттеңдер, анық-қанығына жетіңдер, әйтпесе ол қате болады, олар қате хабар беретін болады, немесе қате бірдеңе істеп қойып, оған өкініп отыратын боласыңдар» дейді, Ол осылай айтар. Сондықтан, істелінбекші болған істер жете зеріттеліп, әбден анықталуы керек, мейлі өз ісіңіз, әлде біреудің ісі болсын, жұрттың ісі болсын, сопылық тәриқат ісі болсын, демек әрбір істе осылай болуы тиіс, сіз оны әбден анықтап, тұрақтандырған соң ғана жұртқа әңгіме айтуыңызға болады, міне осыдан кейін сізге ештеңе жауапкершілік етілмейді.

Сопылық тәриқат істерінде адамдар сопылық тәриқатқа Алла ﷻ ризалығы үшін келеді, олар бір қақпа тапты, сонда олар дүниеден аулақтана алады, олар осы қақпаны құшты, оған таза адамдар, ниеті таза адамдар келеді, ал кейде олар сопылық тәриқат ішінде жүрген надан адамдарға кездесіп қалады, бұл надандар өздерін тәуір біреу санайды және ол манағы жақсы адамдардың артына түседі, бұндайда қатысты сұрақтар сұрап, тексерулер жүргізу керек. Бірақ бұл кісілер қате емес, олар бұл ара Алла ﷻ дың қақпасы болғандықтан келді, олар дергаға келді, медіресеге келді, мешітке келді, бұл жерлер Алла ﷻ ға арналған жерлер, онда еш жамандық істелінбеуі керек, бірақ ондай іс туылуы мүмкін, иә, болуы да мүмкін, ол әр жерде туылады. Олар келеңсіз істі ең қасиетті жер қағбада да, әл-харам мешітінде де істейді, ал ол жерде әр жақсы амал 100 мың еселенеді, ал ондағы күнәға да 100 мың есе жаза бар, тауап кезінде адамдар әл-хажар әл-асуадқа (қара тас) жақын жерде де ұрлық істейді, олар елдің ақшасын ұрлайды, бұл жерлерде де осындай істер болады, ал олар дергада да туылады.

Сондықтан, дергаға келгенде де адамдар, «мәлім бірдеңені істемей кетіппін» демей, сақтанып қауіпсіздікке көңіл бөлуі керек, «бұл не қылған адам? ол адам өзі неге, ісі неге ұқсайды? бұнда ол не қылып жүр? оның сөзі сенімді ме? немесе ол сенімсіз адам ба?» деп, осы адам жәйлы бақылау-зеріттеу жүргізу керек, сонда ол пайдалы болмақ. Біз де бұнда әр адамның игілігі үшін жүрміз, Алла ﷻ үшін жүрміз, осында болуға әмір етілдік, ал біз бұнда жақсы болмаған адамдар келсе, көңілсіз боламыз, біз жұрттың сондай жаман ниетті немесе кесір ниетті адамдарға, ақылсыз адамдарға еріп кеткенін естігенде онан арман көңілсіз боламыз, адамдардың олардан сақтануы үшін олардың атын айтамыз, бұл жұрттың олардан сақтануы үшін еді.

Тақдир (аялау) бар және текдир (ұрсу) бар, ал аялауды түсінбейтін адам ұрысқа ұшырайды, тақдир дегеніміз жақсы сөздермен оған түсіндіру, міне осы кезде олар оны түсінбесе, оны қатты сөзбен түсіндіруіңіз керек, оларды жазалауыңыз керек, сонда осы араға келген адамдар оның залалына ұшырамайтын болады, тек адамдардың пайдасына жарайтын істерге ғана жол берілуі керек, шәриғатта жаза бар және сыйлық бар. Сондықтан осыбір бұзық адамдардың аттары айтылып, суреттері сыртқа қойылды, бұнда және басқа жаққа айтылды, ол біз мәз болатын немесе жақсы көретін іс емес, оны істеуге мәжбұр болдық, сонда ол адам өзін де және өзгелерді де зияндай алмайтын болады, күнә істемейді, жұрт одан залал көруден сақтанады. Сондықтан, біз сақ болуымыз керек, сіз дергаға кіргенде сізге жақындаған адамның кім екендігіне, неге ұқсайтындығына көңіл бөлуіңіз керек, сонда игілікке жетемін деп жүргенде залалға ұшырамайтын боласыз, бұл маңызды іс.

Пайғамбарымыз ﷺ ның кезінде, Алла Әззә Уә-Жәллә ... меккеде ондай адамдар жоқ еді, себебі мекке өте қиын жер, ал олар мединеге келгенде онда көптеген мұнафиықтар болды, егер мұнафиқ мұсылман болмаса, оған мәселелер келуші еді, бірақ қарамаққа мұсылман көрінгендер (мұнафиқтар) исламның дұшпаны еді, міне солар жаулар. Міне осындай адамдар да болады, әр заманда осындай адамдар болған, ал пайғамбарымыз ﷺ оларды біледі, көптеген сахабалар да оларды біледі, олар кезде манағылардың есімдерін кейде атайды, кейде атамайды, олардың хәлдері де құран әзиму-шәнда айтылған, міне осы себептерге байланысты, сахабаларға олардан сақтану ескертілген еді. Сол үшін дергада сақ болыңыз, онда мұнафиқтар да, ақымақтар да, топас-надандар да және жаман ниетті адамдар да болуы мүмкін, сондықтан сіз келген кезде сұраңыз және тексеріңіз, әрі олардан аулақ болыңыз.

егер бұл залалды болмаса, біз оны айтпас едік, алайда адамдардың басым бөлігінің істегені көптеген залал алып келеді, және олар айтқан кеңеске де құлақ аспайды, оларға ештеңемен түсіндіре алмаймыз, сондықтан сақ болыңыз. Алла ﷻ бізді қорғағай, манағы адамдарды түзегей, тәриқат дегеніміз міне осы, адамдар бұнда өзін түзегелі келді, ал кейбірі оны бұзғалы келеді, Алла ﷻ бізге жәрдем еткей, біз ақиқатты айтамыз, ненің дұрыс екендігін айтамыз, бізді ешкім мазаламасын, ешкімнен қорықпаймыз, Алла ﷻ бізге жәрдем еткей. Алла ﷻ ақиқатпен бірге, ал жаман ниетті адам, «وَلَا يَحِيقُ ٱلْمَكْرُ ٱلسَّيِّئُ إِلَّا بِأَهْلِهِۦ ۚ» (бірақ жаман айласы олардың өз адамдарынан басқа ешкімге келмейді) (құран 35:43), Алла Әззә Уә-Жәллә, «жаман ниетті адамның айла-қулығы оның өз басына түсетін болады» дейді, демек оның жамандығы өзіне келеді, Алла ﷻ ол адамды түзегей, сонда өз кесірі өзіне келмейтін болады, ол өкінгей және кешірім сұрағай, иншалла.

- Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайығы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллаһ #ораза #нақшыбанд #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.cБибm/nvrislami




سۇحبات: سوپىلىق ءتاريقات اتىن جامىلعان الاياقتان ساقتان (2025.04.02 / حيجرا 1446-جىل 04-شاۋال)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

(Türkiye-Cyprus، Lefka، Shaykh Nazim Dergah-دا ايتىلعان سۇحبات) بيسميللاحير راحمانير راحيم، «يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ َءامَنُوٓا۟ إِن جَآَكُمْ فَاسِقٌۢ بِنَبَإٍ فَتَبَيَّنُوٓا۟ أَن تُصِيبُوا۟ قَوْمًۢا بِجَهَـٰلَةٍ فَتُصْبِحُوا۟ عَلَىٰ مَا فَعَلْتُمْ نَـٰدِمِينَ» (و، يمان كەلتىرگەندەر، ەگەر كەسىرلى بىرەۋ سەندەرگە حابار اكەلسە، ونى تەكسەرىڭدەر، ايتپەسە ناداندىقپەن بىرەۋگە زالال اكەلىپ، ىستەگەندەرىڭە وكىنىپ قالاسىڭدار) (قۇران 49:06)، ساداقال لاحۋل عازيم. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «ەگەر كەزكەلگەن حابار، كەزكەلگەن نارسە ەستىسەڭدەر، ونى ابدەن زەرىتتەڭدەر، انىق-قانىعىنا جەتىڭدەر، ايتپەسە ول قاتە بولادى، ولار قاتە حابار بەرەتىن بولادى، نەمەسە قاتە بىردەڭە ىستەپ قويىپ، وعان وكىنىپ وتىراتىن بولاسىڭدار» دەيدى، ول وسىلاي ايتار. سوندىقتان، ىستەلىنبەكشى بولعان ىستەر جەتە زەرىتتەلىپ، ابدەن انىقتالۋى كەرەك، مەيلى ءوز ءىسىڭىز، الدە بىرەۋدىڭ ءىسى بولسىن، جۇرتتىڭ ءىسى بولسىن، سوپىلىق ءتاريقات ءىسى بولسىن، دەمەك ءاربىر ىستە وسىلاي بولۋى ءتيىس، ءسىز ونى ابدەن انىقتاپ، تۇراقتاندىرعان سوڭ عانا جۇرتقا اڭگىمە ايتۋىڭىزعا بولادى، مىنە وسىدان كەيىن سىزگە ەشتەڭە جاۋاپكەرشىلىك ەتىلمەيدى.

سوپىلىق ءتاريقات ىستەرىندە ادامدار سوپىلىق ءتاريقاتقا اللا ﷻ ريزالىعى ءۇشىن كەلەدى، ولار ءبىر قاقپا تاپتى، سوندا ولار دۇنيەدەن اۋلاقتانا الادى، ولار وسى قاقپانى قۇشتى، وعان تازا ادامدار، نيەتى تازا ادامدار كەلەدى، ال كەيدە ولار سوپىلىق ءتاريقات ىشىندە جۇرگەن نادان ادامدارعا كەزدەسىپ قالادى، بۇل ناداندار وزدەرىن ءتاۋىر بىرەۋ سانايدى جانە ول ماناعى جاقسى ادامداردىڭ ارتىنا تۇسەدى، بۇندايدا قاتىستى سۇراقتار سۇراپ، تەكسەرۋلەر جۇرگىزۋ كەرەك. ءبىراق بۇل كىسىلەر قاتە ەمەس، ولار بۇل ارا اللا ﷻ دىڭ قاقپاسى بولعاندىقتان كەلدى، ولار دەرگاعا كەلدى، مەدىرەسەگە كەلدى، مەشىتكە كەلدى، بۇل جەرلەر اللا ﷻ عا ارنالعان جەرلەر، وندا ەش جاماندىق ىستەلىنبەۋى كەرەك، ءبىراق ونداي ءىس تۋىلۋى مۇمكىن، ءيا، بولۋى دا مۇمكىن، ول ءار جەردە تۋىلادى. ولار كەلەڭسىز ءىستى ەڭ قاسيەتتى جەر قاعبادا دا، ءال-حارام مەشىتىندە دە ىستەيدى، ال ول جەردە ءار جاقسى امال 100 مىڭ ەسەلەنەدى، ال ونداعى كۇناعا دا 100 مىڭ ەسە جازا بار، تاۋاپ كەزىندە ادامدار ءال-حاجار ءال-اسۋادقا (قارا تاس) جاقىن جەردە دە ۇرلىق ىستەيدى، ولار ەلدىڭ اقشاسىن ۇرلايدى، بۇل جەرلەردە دە وسىنداي ىستەر بولادى، ال ولار دەرگادا دا تۋىلادى.

سوندىقتان، دەرگاعا كەلگەندە دە ادامدار، «ءمالىم بىردەڭەنى ىستەمەي كەتىپپىن» دەمەي، ساقتانىپ قاۋىپسىزدىككە كوڭىل ءبولۋى كەرەك، «بۇل نە قىلعان ادام؟ ول ادام ءوزى نەگە، ءىسى نەگە ۇقسايدى؟ بۇندا ول نە قىلىپ ءجۇر؟ ونىڭ ءسوزى سەنىمدى مە؟ نەمەسە ول سەنىمسىز ادام با؟» دەپ، وسى ادام ءجايلى باقىلاۋ-زەرىتتەۋ جۇرگىزۋ كەرەك، سوندا ول پايدالى بولماق. ءبىز دە بۇندا ءار ادامنىڭ يگىلىگى ءۇشىن ءجۇرمىز، اللا ﷻ ءۇشىن ءجۇرمىز، وسىندا بولۋعا ءامىر ەتىلدىك، ال ءبىز بۇندا جاقسى بولماعان ادامدار كەلسە، كوڭىلسىز بولامىز، ءبىز جۇرتتىڭ سونداي جامان نيەتتى نەمەسە كەسىر نيەتتى ادامدارعا، اقىلسىز ادامدارعا ەرىپ كەتكەنىن ەستىگەندە ونان ارمان كوڭىلسىز بولامىز، ادامداردىڭ ولاردان ساقتانۋى ءۇشىن ولاردىڭ اتىن ايتامىز، بۇل جۇرتتىڭ ولاردان ساقتانۋى ءۇشىن ەدى.

تاقدير (ايالاۋ) بار جانە تەكدير (ۇرسۋ) بار، ال ايالاۋدى تۇسىنبەيتىن ادام ۇرىسقا ۇشىرايدى، تاقدير دەگەنىمىز جاقسى سوزدەرمەن وعان ءتۇسىندىرۋ، مىنە وسى كەزدە ولار ونى تۇسىنبەسە، ونى قاتتى سوزبەن ءتۇسىندىرۋىڭىز كەرەك، ولاردى جازالاۋىڭىز كەرەك، سوندا وسى اراعا كەلگەن ادامدار ونىڭ زالالىنا ۇشىرامايتىن بولادى، تەك ادامداردىڭ پايداسىنا جارايتىن ىستەرگە عانا جول بەرىلۋى كەرەك، ءشاريعاتتا جازا بار جانە سىيلىق بار. سوندىقتان ءوسىبىر بۇزىق ادامداردىڭ اتتارى ايتىلىپ، سۋرەتتەرى سىرتقا قويىلدى، بۇندا جانە باسقا جاققا ايتىلدى، ول ءبىز ءماز بولاتىن نەمەسە جاقسى كورەتىن ءىس ەمەس، ونى ىستەۋگە ءماجبۇر بولدىق، سوندا ول ادام ءوزىن دە جانە وزگەلەردى دە زيانداي المايتىن بولادى، كۇنا ىستەمەيدى، جۇرت ودان زالال كورۋدەن ساقتانادى. سوندىقتان، ءبىز ساق بولۋىمىز كەرەك، ءسىز دەرگاعا كىرگەندە سىزگە جاقىنداعان ادامنىڭ كىم ەكەندىگىنە، نەگە ۇقسايتىندىعىنا كوڭىل ءبولۋىڭىز كەرەك، سوندا يگىلىككە جەتەمىن دەپ جۇرگەندە زالالعا ۇشىرامايتىن بولاسىز، بۇل ماڭىزدى ءىس.

پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ كەزىندە، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ... مەككەدە ونداي ادامدار جوق ەدى، سەبەبى مەككە وتە قيىن جەر، ال ولار مەدينەگە كەلگەندە وندا كوپتەگەن مۇنافيىقتار بولدى، ەگەر مۇنافيق مۇسىلمان بولماسا، وعان ماسەلەلەر كەلۋشى ەدى، ءبىراق قاراماققا مۇسىلمان كورىنگەندەر (مۇنافيقتار) يسلامنىڭ دۇشپانى ەدى، مىنە سولار جاۋلار. مىنە وسىنداي ادامدار دا بولادى، ءار زاماندا وسىنداي ادامدار بولعان، ال پايعامبارىمىز ﷺ ولاردى بىلەدى، كوپتەگەن ساحابالار دا ولاردى بىلەدى، ولار كەزدە ماناعىلاردىڭ ەسىمدەرىن كەيدە اتايدى، كەيدە اتامايدى، ولاردىڭ حالدەرى دە قۇران ءازيمۋ-ءشاندا ايتىلعان، مىنە وسى سەبەپتەرگە بايلانىستى، ساحابالارعا ولاردان ساقتانۋ ەسكەرتىلگەن ەدى. سول ءۇشىن دەرگادا ساق بولىڭىز، وندا مۇنافيقتار دا، اقىماقتار دا، توپاس-ناداندار دا جانە جامان نيەتتى ادامدار دا بولۋى مۇمكىن، سوندىقتان ءسىز كەلگەن كەزدە سۇراڭىز جانە تەكسەرىڭىز، ءارى ولاردان اۋلاق بولىڭىز.

ەگەر بۇل زالالدى بولماسا، ءبىز ونى ايتپاس ەدىك، الايدا ادامداردىڭ باسىم بولىگىنىڭ ىستەگەنى كوپتەگەن زالال الىپ كەلەدى، جانە ولار ايتقان كەڭەسكە دە قۇلاق اسپايدى، ولارعا ەشتەڭەمەن تۇسىندىرە المايمىز، سوندىقتان ساق بولىڭىز. اللا ﷻ ءبىزدى قورعاعاي، ماناعى ادامداردى تۇزەگەي، ءتاريقات دەگەنىمىز مىنە وسى، ادامدار بۇندا ءوزىن تۇزەگەلى كەلدى، ال كەيبىرى ونى بۇزعالى كەلەدى، اللا ﷻ بىزگە جاردەم ەتكەي، ءبىز اقيقاتتى ايتامىز، نەنىڭ دۇرىس ەكەندىگىن ايتامىز، ءبىزدى ەشكىم مازالاماسىن، ەشكىمنەن قورىقپايمىز، اللا ﷻ بىزگە جاردەم ەتكەي. اللا ﷻ اقيقاتپەن بىرگە، ال جامان نيەتتى ادام، «وَلَا يَحِيقُ ٱلْمَكْرُ ٱلسَّيِّئُ إِلَّا بِأَهْلِهِۦ ۚ» (ءبىراق جامان ايلاسى ولاردىڭ ءوز ادامدارىنان باسقا ەشكىمگە كەلمەيدى) (قۇران 35:43)، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «جامان نيەتتى ادامنىڭ ايلا-قۋلىعى ونىڭ ءوز باسىنا تۇسەتىن بولادى» دەيدى، دەمەك ونىڭ جاماندىعى وزىنە كەلەدى، اللا ﷻ ول ادامدى تۇزەگەي، سوندا ءوز كەسىرى وزىنە كەلمەيتىن بولادى، ول وكىنگەي جانە كەشىرىم سۇراعاي، ينشاللا.

- ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايىعى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاھ #ورازا #ناقشىباند #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.cبيبm/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8157