Сұхбат: исламда баланы қалай тәрбиелейді, қалай өсіреді (2025.03.03 / Хижра 1446-жыл 03-Рамазан)

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8106
Сұхбат: исламда баланы қалай тәрбиелейді, қалай өсіреді (2025.03.03 / Хижра 1446-жыл 03-Рамазан)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.
(Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «إِنَّمَآ أَمْوَٰلُكُمْ وَأَوْلَـٰدُكُمْ فِتْنَةٌ ۚ» (сендердің байлықпен балаларың сынақтан басқа ештеңе емес) (құран 64:15), садақал лахул ғазим. Алла Әззә Уә-Жәллә, «сендердің байлықтарың, мал-мүліктерің және балаларың сендерге сынақ» дейді, міне осы сынақ, сіздер оларды дұрыс пайдаланыңыз немесе оларды дұрыс өсіруіңіз керек, сонда олар Алла ﷻ дың алдында қабыл етілетін болады және сіздерге пайда алып келеді. Адамдар балаларын өте сүйеді, әрине, оларды сүйеді, бірақ сүю бөлек, оларды тәрбиелеп, тәртіпті ету бөлек, кейбір адамдар, «біз не істеуіміз керек? баламыз дұрыс емес» деп, махаббатын білдіреді, және балаларына ештеңе айтпайды, оларды қабыл ете береді. Бірақ сіз балаларыңызды тәрбиелеуіңіз керек, себебі әр адамда нәпсі бар, егер сіз оларды тәрбиелеп өсірсеңіз, олар солай болып өседі, сондай болады, демек олар жақсы адамдардан болады, бірақ сіз оларды тәрбиелемесеңіз, оларды басқа біреулер сіз үшін тәрбиелеп беретін болады да, олар жаман болып өседі.
Ал сіз балаларыңызды қалай өсіруіңіз керек? сіз оларды Алла Әззә Уә-Жәлләның және пайғамбарымыз ﷺ ның махаббатымен өсіріңіз, олар әмірлерді орындауы керек, пайғамбарымыз ﷺ «баланың жасы 7 ге келгенше немесе одан кейін болсын, баланы намаз оқуға үйретіңдер» дейді, әрине, балалар 1-2 жас сәби кезінде ата-аналарының, отбасының үйде намаз оқығанын көріп өседі, олар оларға ереді, оларға шамасы келгенше еліктеп көреді. Ал балалар 7 жастан кейін, олар балағат жасында жеткенге дейін оларға Алла ﷻ алдында күнә жазылмайды, балалар күнәсіз, қателіксіз, бірақ пайғамбарымыз ﷺ балаларға ислам діні біртіндеп үйретілуі керектігін айтады, олар 7 жасқа келгенде оларға намаз оқуды айтыңыз, ал одан соң 10 жасқа келгенде оларға тіпті де жақындап, намаз оқуды әмір етіңіз. Қазір біз қасиетті рамазан айында тұрмыз, ал сіз ораза ұстаған кезіңізде олар, «біз де ораза ұстайық» дейді, ал ерте кездерде олар жарым күн ораза ұстайтын, кейде күн аралатып, толық күн ораза ұстайтын, сіз оларды осыған шабыттандыруыңыз керек, оларға ораза ұстауды сүйдіріп өсіріңіз.
Бұл күнде адамдар, «El bebek gül bebek» (бұзылғанша тым ерке өсірдік) дер, демек олар «баланы аш қалдырма, оны дәл қазір тамақтандыр, оған ішкіз, сен не сұрасаң, соны беремін, сенің әміріңдеміз, мырзам, құлың бұнда саған қызметке даяр» дейді, сіз баланы міне осылай өсіресіз, бірақ ол сізге кері әсер еткенде, сіз таңғалатын боласыз, тіпті олар пысып, балиғат жасына жетсе де, мәселен, 14-15 жасқа келіп кетсе де, адамдар балаларына ораза ұстатуға шыдамдылық ете алмайды. Олар «ол кейін ораза ұстайды, себебі ол қазір тым жас» дейді, алайда олар балиғат жасына жеткенде, оразасын біле тұра бұзсса, бұзушы үлкен күнә жасаған болады, намазбен оразаны тастау үлкен күнәларға жатады, ол кіші күнәлар емес, бірақ басты күнәлар, олардың орнын еш фазилет толтыра алмайды. Бұнда ұл-қызыңызға жаныңыз ашыр, бірақ ол жан ашу емес, сіз оған зұлымдық жасап жатсыз, оны соншама үлкен сауаптардан құр қалдырып жатырсыз, ол не? мәселен, сіз «бүгін емтихан бар, балаға ораза ұстатпалық, әйтпесе, ол оқуын жақсы оқи алмай қалады» дейді, ал оның бұл оқуынан не пайда бар, тіпті онан соң ол бірдеңе істесе де, оған еш пайда жоқ, сонымен бірге ештеңе істемесе де, сол қалпы, одан да пайда жоқ.
Керісінше, егер олар Алла ﷻ жолында болса, демек ораза ұстап, намаз оқып жүрсе, Алла ﷻ оларға жәрдем беретін болады, Алла ﷻ оларға міндетті түрде көптеп жәрдем береді, бірақ қазіргі адамдар балаларын қалай өсіруді білмейді, отбасы да оларды тәрбиелеуді білмейді, олар балаларының қолына бір-бір машина яғни қолфон ұстатып, «сен осымен үйрен» дейді, ал бала онда не үйреніп жатыр? одан жаман нәрселер шыға келеді, барлық жер шайтанға толған, олар үйреніп жатқанда, оған қандай улы нәрселер көрініп жатқанын ешкім білмейді, ол оны алжастырып жібереді, оның мөралын бұзады, біз бұнда дін үшін өмір сүріп жүрміз. Сондықтан біз оларды дін үшін де өмір сүруге үйретуіміз керек, сонда олар ислами жолмен өсетін болады, сіз дінді оларды зеріктіріп жіберетіндей етпеуіңіз керек, бірақ ұқсас уақытта оларды дінге берік ете біліңіз, айтып өткеніміздей, осы рамазан айы құтты ай, берекелі ай, осы айда балаларды ораза ұстауға шабыттандырыңыз, ораза ұстағанын тоспаңыз, бұндағы ең маңызды ескерерлік іс сол, егер ол балиғат жасына жеткен соң оразасын бұзсса, ол оның орнына кафара ораза өтеуге міндетті болады, ол оны тек толықтап қана қоймайды, оған 60 күндік кафарат ораза ұстайды, одан соң қалдырған күндерін толықтайды, бұл аса маңызды.
Себебі біздің өміріміз ... бұл өмірімізді Алла ﷻ бізге Алла ﷻ ға құлшылық етуі үшін берді, біз оны босқа ысырап етпеуіміз керек, Алла ﷻ адамдарға ақыл бергей, сонда олар оны түсінетін болады, ол ұят емес, адам үйренеді, ал білімнің шегі жоқ, адам әркүні жаңа нәрсе үйренуіне болады, сондықтан осыған көңіл бөліңіз, рамазан айы жаңа басталды, балаларды да қуантайық, онсыз да билығы ораза уақыты тым ұзақ емес, оларға ұстай алғанынша ораза ұстаталық. Біздің кішкене кезімізде анамыз Хаж Ана, Алла ﷻ оның мақамын биік еткей, ол балаларға, «кім ораза ұстайды? оның оразасын сатып алам» деуші еді, ертедегі адамдарда осындай әдемі салттар бар болатұғын, анамыз балаларға, «әр күні ораза ұстаңдар, одан оны маған сатып беріңдер, мен оны сатып аламын» дейтін, содан ақша беріп, біздің ұстаған оразамызды сатып алатын, ол осылай қандай сауғамен болса да, балаларды ораза ұстауға шабыттандыратын. Мейлі қандай болмасын, оны жақсы етіп көрсетіңіз, ауыз ашар-ифтар, сәресе-сұхур қатарлылар балалар үшін жақсы бір өзгеріске себеп болмақ, рамазанның берекесімен, иншалла, жақсы ұрпақтар келетін болады, себебі біз көп естиміз, Алла ﷻ бізді панасына алғай, балаларда иман қалмады, көбі исламды тастап кеткен, бірақ істер Алла ﷻ үшін істелінсе, Алла ﷻ оларды сөзсіз түрде қорғайтын болады. Алла ﷻ оларды шайтанның кесірінен, бұзықтардың кесірінен сақтағай, иншалла, адасқандардың кесір-кесапатынан сақтағай, қазір сондай адасқандар әр жерде толып жүр, ал олар жақсы нәрселерді адасушылық ретінде көрсетуде, Алла ﷻ балаларды панасына алғай, оларды шайтанның кесірінен сақтағай.
- Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайығы
#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #allah #ораза #туражол #нақшыбанд #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: يسلامدا بالانى قالاي تاربيەلەيدى، قالاي وسىرەدى (2025.03.03 / حيجرا 1446-جىل 03-رامازان)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.
(Türkiye، Istanbul، Akbaba Dergah-دا ايتىلعان سۇحبات) بيسميللاحير راحمانير راحيم، «إِنَّمَآ أَمْوَٰلُكُمْ وَأَوْلَـٰدُكُمْ فِتْنَةٌ ۚ» (سەندەردىڭ بايلىقپەن بالالارىڭ سىناقتان باسقا ەشتەڭە ەمەس) (قۇران 64:15)، ساداقال لاحۋل عازيم. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «سەندەردىڭ بايلىقتارىڭ، مال-مۇلىكتەرىڭ جانە بالالارىڭ سەندەرگە سىناق» دەيدى، مىنە وسى سىناق، سىزدەر ولاردى دۇرىس پايدالانىڭىز نەمەسە ولاردى دۇرىس ءوسىرۋىڭىز كەرەك، سوندا ولار اللا ﷻ دىڭ الدىندا قابىل ەتىلەتىن بولادى جانە سىزدەرگە پايدا الىپ كەلەدى. ادامدار بالالارىن وتە سۇيەدى، ارينە، ولاردى سۇيەدى، ءبىراق ءسۇيۋ بولەك، ولاردى تاربيەلەپ، ءتارتىپتى ەتۋ بولەك، كەيبىر ادامدار، «ءبىز نە ىستەۋىمىز كەرەك؟ بالامىز دۇرىس ەمەس» دەپ، ماحابباتىن بىلدىرەدى، جانە بالالارىنا ەشتەڭە ايتپايدى، ولاردى قابىل ەتە بەرەدى. ءبىراق ءسىز بالالارىڭىزدى تاربيەلەۋىڭىز كەرەك، سەبەبى ءار ادامدا ءناپسى بار، ەگەر ءسىز ولاردى تاربيەلەپ وسىرسەڭىز، ولار سولاي بولىپ وسەدى، سونداي بولادى، دەمەك ولار جاقسى ادامداردان بولادى، ءبىراق ءسىز ولاردى تاربيەلەمەسەڭىز، ولاردى باسقا بىرەۋلەر ءسىز ءۇشىن تاربيەلەپ بەرەتىن بولادى دا، ولار جامان بولىپ وسەدى.
ال ءسىز بالالارىڭىزدى قالاي ءوسىرۋىڭىز كەرەك؟ ءسىز ولاردى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ جانە پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ ماحابباتىمەن ءوسىرىڭىز، ولار امىرلەردى ورىنداۋى كەرەك، پايعامبارىمىز ﷺ «بالانىڭ جاسى 7 گە كەلگەنشە نەمەسە ودان كەيىن بولسىن، بالانى ناماز وقۋعا ۇيرەتىڭدەر» دەيدى، ارينە، بالالار 1-2 جاس ءسابي كەزىندە اتا-انالارىنىڭ، وتباسىنىڭ ۇيدە ناماز وقىعانىن كورىپ وسەدى، ولار ولارعا ەرەدى، ولارعا شاماسى كەلگەنشە ەلىكتەپ كورەدى. ال بالالار 7 جاستان كەيىن، ولار بالاعات جاسىندا جەتكەنگە دەيىن ولارعا اللا ﷻ الدىندا كۇنا جازىلمايدى، بالالار كۇناسىز، قاتەلىكسىز، ءبىراق پايعامبارىمىز ﷺ بالالارعا يسلام ءدىنى بىرتىندەپ ۇيرەتىلۋى كەرەكتىگىن ايتادى، ولار 7 جاسقا كەلگەندە ولارعا ناماز وقۋدى ايتىڭىز، ال ودان سوڭ 10 جاسقا كەلگەندە ولارعا ءتىپتى دە جاقىنداپ، ناماز وقۋدى ءامىر ەتىڭىز. ءقازىر ءبىز قاسيەتتى رامازان ايىندا تۇرمىز، ال ءسىز ورازا ۇستاعان كەزىڭىزدە ولار، «ءبىز دە ورازا ۇستايىق» دەيدى، ال ەرتە كەزدەردە ولار جارىم كۇن ورازا ۇستايتىن، كەيدە كۇن ارالاتىپ، تولىق كۇن ورازا ۇستايتىن، ءسىز ولاردى وسىعان شابىتتاندىرۋىڭىز كەرەك، ولارعا ورازا ۇستاۋدى ءسۇيدىرىپ ءوسىرىڭىز.
بۇل كۇندە ادامدار، «El bebek gül bebek» (بۇزىلعانشا تىم ەركە وسىردىك) دەر، دەمەك ولار «بالانى اش قالدىرما، ونى ءدال ءقازىر تاماقتاندىر، وعان ىشكىز، سەن نە سۇراساڭ، سونى بەرەمىن، سەنىڭ امىرىڭدەمىز، مىرزام، قۇلىڭ بۇندا ساعان قىزمەتكە دايار» دەيدى، ءسىز بالانى مىنە وسىلاي وسىرەسىز، ءبىراق ول سىزگە كەرى اسەر ەتكەندە، ءسىز تاڭعالاتىن بولاسىز، ءتىپتى ولار پىسىپ، باليعات جاسىنا جەتسە دە، ماسەلەن، 14-15 جاسقا كەلىپ كەتسە دە، ادامدار بالالارىنا ورازا ۇستاتۋعا شىدامدىلىق ەتە المايدى. ولار «ول كەيىن ورازا ۇستايدى، سەبەبى ول ءقازىر تىم جاس» دەيدى، الايدا ولار باليعات جاسىنا جەتكەندە، ورازاسىن بىلە تۇرا بۇزسسا، بۇزۋشى ۇلكەن كۇنا جاساعان بولادى، نامازبەن ورازانى تاستاۋ ۇلكەن كۇنالارعا جاتادى، ول كىشى كۇنالار ەمەس، ءبىراق باستى كۇنالار، ولاردىڭ ورنىن ەش فازيلەت تولتىرا المايدى. بۇندا ۇل-قىزىڭىزعا جانىڭىز اشىر، ءبىراق ول جان اشۋ ەمەس، ءسىز وعان زۇلىمدىق جاساپ جاتسىز، ونى سونشاما ۇلكەن ساۋاپتاردان قۇر قالدىرىپ جاتىرسىز، ول نە؟ ماسەلەن، ءسىز «بۇگىن ەمتيحان بار، بالاعا ورازا ۇستاتپالىق، ايتپەسە، ول وقۋىن جاقسى وقي الماي قالادى» دەيدى، ال ونىڭ بۇل وقۋىنان نە پايدا بار، ءتىپتى ونان سوڭ ول بىردەڭە ىستەسە دە، وعان ەش پايدا جوق، سونىمەن بىرگە ەشتەڭە ىستەمەسە دە، سول قالپى، ودان دا پايدا جوق.
كەرىسىنشە، ەگەر ولار اللا ﷻ جولىندا بولسا، دەمەك ورازا ۇستاپ، ناماز وقىپ جۇرسە، اللا ﷻ ولارعا جاردەم بەرەتىن بولادى، اللا ﷻ ولارعا مىندەتتى تۇردە كوپتەپ جاردەم بەرەدى، ءبىراق قازىرگى ادامدار بالالارىن قالاي ءوسىرۋدى بىلمەيدى، وتباسى دا ولاردى تاربيەلەۋدى بىلمەيدى، ولار بالالارىنىڭ قولىنا ءبىر-ءبىر ماشينا ياعني قولفون ۇستاتىپ، «سەن وسىمەن ۇيرەن» دەيدى، ال بالا وندا نە ۇيرەنىپ جاتىر؟ ودان جامان نارسەلەر شىعا كەلەدى، بارلىق جەر شايتانعا تولعان، ولار ۇيرەنىپ جاتقاندا، وعان قانداي ۋلى نارسەلەر كورىنىپ جاتقانىن ەشكىم بىلمەيدى، ول ونى الجاستىرىپ جىبەرەدى، ونىڭ ءمورالىن بۇزادى، ءبىز بۇندا ءدىن ءۇشىن ءومىر ءسۇرىپ ءجۇرمىز. سوندىقتان ءبىز ولاردى ءدىن ءۇشىن دە ءومىر سۇرۋگە ۇيرەتۋىمىز كەرەك، سوندا ولار يسلامي جولمەن وسەتىن بولادى، ءسىز ءدىندى ولاردى زەرىكتىرىپ جىبەرەتىندەي ەتپەۋىڭىز كەرەك، ءبىراق ۇقساس ۋاقىتتا ولاردى دىنگە بەرىك ەتە ءبىلىڭىز، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، وسى رامازان ايى قۇتتى اي، بەرەكەلى اي، وسى ايدا بالالاردى ورازا ۇستاۋعا شابىتتاندىرىڭىز، ورازا ۇستاعانىن توسپاڭىز، بۇنداعى ەڭ ماڭىزدى ەسكەرەرلىك ءىس سول، ەگەر ول باليعات جاسىنا جەتكەن سوڭ ورازاسىن بۇزسسا، ول ونىڭ ورنىنا كافارا ورازا وتەۋگە مىندەتتى بولادى، ول ونى تەك تولىقتاپ قانا قويمايدى، وعان 60 كۇندىك كافارات ورازا ۇستايدى، ودان سوڭ قالدىرعان كۇندەرىن تولىقتايدى، بۇل اسا ماڭىزدى.
سەبەبى ءبىزدىڭ ءومىرىمىز ... بۇل ءومىرىمىزدى اللا ﷻ بىزگە اللا ﷻ عا قۇلشىلىق ەتۋى ءۇشىن بەردى، ءبىز ونى بوسقا ىسىراپ ەتپەۋىمىز كەرەك، اللا ﷻ ادامدارعا اقىل بەرگەي، سوندا ولار ونى تۇسىنەتىن بولادى، ول ۇيات ەمەس، ادام ۇيرەنەدى، ال ءبىلىمنىڭ شەگى جوق، ادام اركۇنى جاڭا نارسە ۇيرەنۋىنە بولادى، سوندىقتان وسىعان كوڭىل ءبولىڭىز، رامازان ايى جاڭا باستالدى، بالالاردى دا قۋانتايىق، ونسىز دا بيلىعى ورازا ۋاقىتى تىم ۇزاق ەمەس، ولارعا ۇستاي العانىنشا ورازا ۇستاتالىق. ءبىزدىڭ كىشكەنە كەزىمىزدە انامىز حاج انا، اللا ﷻ ونىڭ ماقامىن بيىك ەتكەي، ول بالالارعا، «كىم ورازا ۇستايدى؟ ونىڭ ورازاسىن ساتىپ الام» دەۋشى ەدى، ەرتەدەگى ادامداردا وسىنداي ادەمى سالتتار بار بولاتۇعىن، انامىز بالالارعا، «ءار كۇنى ورازا ۇستاڭدار، ودان ونى ماعان ساتىپ بەرىڭدەر، مەن ونى ساتىپ الامىن» دەيتىن، سودان اقشا بەرىپ، ءبىزدىڭ ۇستاعان ورازامىزدى ساتىپ الاتىن، ول وسىلاي قانداي ساۋعامەن بولسا دا، بالالاردى ورازا ۇستاۋعا شابىتتاندىراتىن. مەيلى قانداي بولماسىن، ونى جاقسى ەتىپ كورسەتىڭىز، اۋىز اشار-يفتار، سارەسە-سۇحۋر قاتارلىلار بالالار ءۇشىن جاقسى ءبىر وزگەرىسكە سەبەپ بولماق، رامازاننىڭ بەرەكەسىمەن، ينشاللا، جاقسى ۇرپاقتار كەلەتىن بولادى، سەبەبى ءبىز كوپ ەستيمىز، اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي، بالالاردا يمان قالمادى، كوبى يسلامدى تاستاپ كەتكەن، ءبىراق ىستەر اللا ﷻ ءۇشىن ىستەلىنسە، اللا ﷻ ولاردى ءسوزسىز تۇردە قورعايتىن بولادى. اللا ﷻ ولاردى شايتاننىڭ كەسىرىنەن، بۇزىقتاردىڭ كەسىرىنەن ساقتاعاي، ينشاللا، اداسقانداردىڭ كەسىر-كەساپاتىنان ساقتاعاي، ءقازىر سونداي اداسقاندار ءار جەردە تولىپ ءجۇر، ال ولار جاقسى نارسەلەردى اداسۋشىلىق رەتىندە كورسەتۋدە، اللا ﷻ بالالاردى پاناسىنا العاي، ولاردى شايتاننىڭ كەسىرىنەن ساقتاعاي.
- ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايىعى
#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #allah #ورازا #تۋراجول #ناقشىباند #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8106