ШАЙТАН ҰЛЫҚ АЛЛАДАН ӘЙЕЛДЕРДІҢ СҰЛУЛЫҒЫН СҰРАП АЛДЫ

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8102
ШАЙТАН ҰЛЫҚ АЛЛАДАН ӘЙЕЛДЕРДІҢ СҰЛУЛЫҒЫН СҰРАП АЛДЫ
кесірлі шайтан ұлық Аллаға, 'барлығына риздық бересіз ғой, маған да адамдарды аулауым үшін өнімді айла-қулық беріңіз' дейді. Алла оған алтын, күміс және үйір-үйір жылқыны көрсетіп, 'сен адамдарды осылармен ақымақ етуіңе болады' дейді. Ал шайтан, 'өте жақсы' деп, әпелсиндей сары үлкен тілін салақтата жалаңдатты. Алла асыл тастармен құнды металдарды да беріп, 'осылармен тұзағыңды құр, оо, қарғысталған жаратылыс' дейді. Шайтан болса, 'иә, ұлық Раббым, тағы да көптеп беріңіз' деп, жауап қайтарады, Алла оған дәмді ас, нан, тәтті кәмпит, арақ-шарап және жібек заттарды береді. Бірақ шайтан оған тоймай, 'иә, құдіретті Алла, маған көмек етіңіз, оларды алақанымда ойнатып ұстауым үшін тағы да көп нәрсе беріңіз, себебі Сіздің батыр пенделеріңіз бар, олар күшті жігерімен қақпанды бұзады, тұзақтың арқанын үзеді, шығып кетеді, ақылды құлдарыңыз ақымақтарға ұқсамайды, олар бұл айлаларды парықтай алады, оо, биік аршының сұлтаны болған ұлық Алла, маған адамдарды түгел алдауға жететін, олардың басын бірден айналдырып, құлататын айла керек' дейді. Алла оның алдына арақпен сыған бишілерін қойды, ал шайтан жүрегі жартылай қуана күлімсіреп, және де сәл жетпей тұрғанын айтты. Алла ердің есін аудырып, ақылын перделейтін, сабырын ерітетін әйелдердің сұлулығын көрсетті. Сол кезде шайтан саусақтарын шартылдатып, қуанғанынан айнала билей бастады. 'Беріңіз, беріңіз, міне қазір мен өзіме керегін нақ таптым' дейді. Шайтан осы әйелдердің ерлерді тартып, ойын еліктіретін, абдыратып тілін байлап тастайтын өте тартымды тұңғыйық көздерін, тұтанған бахордай жүрекке сызат салатын сұлу жүздерін, әдемі жерлерін, қиылған қас-кірпіктерін, лағылдай қызыл еріндерін көрді. Ол осыларды көрді де, жұқа перденің ар жағынан Алланың сұлулығын көргендей болды, содан соң қатты қуанып, шаттана күлді және шыр айналып, мәз бола биледі.
- БҰЛ ӘҢГІМЕ МӘУЛӘНӘ РУМИ ӘУЛИЕНІҢ МӘСНАУИ КІТАБЫНАН АЛЫНДЫ
شايتان ۇلىق اللادان ايەلدەردىڭ سۇلۋلىعىن سۇراپ الدى
كەسىرلى شايتان ۇلىق اللاعا، 'بارلىعىنا ريزدىق بەرەسىز عوي، ماعان دا ادامداردى اۋلاۋىم ءۇشىن ءونىمدى ايلا-قۋلىق بەرىڭىز' دەيدى. اللا وعان التىن، كۇمىس جانە ءۇيىر-ءۇيىر جىلقىنى كورسەتىپ، 'سەن ادامداردى وسىلارمەن اقىماق ەتۋىڭە بولادى' دەيدى. ال شايتان، 'وتە جاقسى' دەپ، اپەلسيندەي سارى ۇلكەن ءتىلىن سالاقتاتا جالاڭداتتى. اللا اسىل تاستارمەن قۇندى مەتالداردى دا بەرىپ، 'وسىلارمەن تۇزاعىڭدى قۇر، وو، قارعىستالعان جاراتىلىس' دەيدى. شايتان بولسا، 'ءيا، ۇلىق راببىم، تاعى دا كوپتەپ بەرىڭىز' دەپ، جاۋاپ قايتارادى، اللا وعان ءدامدى اس، نان، ءتاتتى كامپيت، اراق-شاراپ جانە جىبەك زاتتاردى بەرەدى. ءبىراق شايتان وعان تويماي، 'ءيا، قۇدىرەتتى اللا، ماعان كومەك ەتىڭىز، ولاردى الاقانىمدا ويناتىپ ۇستاۋىم ءۇشىن تاعى دا كوپ نارسە بەرىڭىز، سەبەبى ءسىزدىڭ باتىر پەندەلەرىڭىز بار، ولار كۇشتى جىگەرىمەن قاقپاندى بۇزادى، تۇزاقتىڭ ارقانىن ۇزەدى، شىعىپ كەتەدى، اقىلدى قۇلدارىڭىز اقىماقتارعا ۇقسامايدى، ولار بۇل ايلالاردى پارىقتاي الادى، وو، بيىك ارشىنىڭ سۇلتانى بولعان ۇلىق اللا، ماعان ادامداردى تۇگەل الداۋعا جەتەتىن، ولاردىڭ باسىن بىردەن اينالدىرىپ، قۇلاتاتىن ايلا كەرەك' دەيدى. اللا ونىڭ الدىنا اراقپەن سىعان بيشىلەرىن قويدى، ال شايتان جۇرەگى جارتىلاي قۋانا كۇلىمسىرەپ، جانە دە ءسال جەتپەي تۇرعانىن ايتتى. اللا ەردىڭ ەسىن اۋدىرىپ، اقىلىن پەردەلەيتىن، سابىرىن ەرىتەتىن ايەلدەردىڭ سۇلۋلىعىن كورسەتتى. سول كەزدە شايتان ساۋساقتارىن شارتىلداتىپ، قۋانعانىنان اينالا بيلەي باستادى. 'بەرىڭىز، بەرىڭىز، مىنە ءقازىر مەن وزىمە كەرەگىن ناق تاپتىم' دەيدى. شايتان وسى ايەلدەردىڭ ەرلەردى تارتىپ، ويىن ەلىكتىرەتىن، ابدىراتىپ ءتىلىن بايلاپ تاستايتىن وتە تارتىمدى تۇڭعىيىق كوزدەرىن، تۇتانعان باحورداي جۇرەككە سىزات سالاتىن سۇلۋ جۇزدەرىن، ادەمى جەرلەرىن، قيىلعان قاس-كىرپىكتەرىن، لاعىلداي قىزىل ەرىندەرىن كوردى. ول وسىلاردى كوردى دە، جۇقا پەردەنىڭ ار جاعىنان اللانىڭ سۇلۋلىعىن كورگەندەي بولدى، سودان سوڭ قاتتى قۋانىپ، شاتتانا كۇلدى جانە شىر اينالىپ، ءماز بولا بيلەدى.
- بۇل اڭگىمە ءماۋلانا رۋمي اۋليەنىڭ ءماسناۋي كىتابىنان الىندى
#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8102