You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

ШЫНАЙЫ ҒАШЫҚТЫҚҚА ШӘХИТТІК ДӘРЕЖЕ БЕРІЛЕДІ



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8094
ШЫНАЙЫ ҒАШЫҚТЫҚҚА ШӘХИТТІК ДӘРЕЖЕ БЕРІЛЕДІ

Алла сүйген жанды сіз де сүйіңіз, ал Алламен пайғамбарымызды білмейтін және оларды сүймейтін жанды сіз де сүймеңіз, себебі оларды сүю, жақсы көру құрдымға жібереді. Кейбіреулер осындай адамдарды сүйеді және 'ғашық болып өлемін' дейді. Иә, бұндайда ғашық дертінен өліп кеткенің олармен бірге болудан жақсырақ болмақ. Пайғамбарымыз біреу тағы біруге шынайы ғашық болып өтсе немесе махаббаттан өлсе, оған шәхиттік дәреже берілетінін айтқан. Адам ғашықтықтан қиналса және оған сабыр етсе, дәрежесі өседі, жүрегі жұмсарады, бірақ адам махаббатқа бола, өзін бұзбауы немесе құртып алмауы керек. Алла жолында емес адамнан алыс тұру оған қосылғаннан қайырлы болмақ, егер өртенген махаббатыңыз сізді, қарсы жақты я өзгені бүлдіретін болса, ондай махаббатыңызды құрбандыққа шалуға тура келеді, оны Алла ризалығы үшін тоқтатыңыз. Махаббат өте әдемі нәрсе, бірақ ол Алланың қалағанындай болуы керек, сонда ол әдемі болады, әйтпесе оның ақыры жақсы болмайды. Адам әуел бастан ісінің жақсылыққа я жамандыққа бастайтынына қарауы тиіс. 'Ол адам достыққа жарайма, сүюге татима', соған қарасын, бұл қарсы жақтың хәлінен анық көрініп тұрады, егер ол сізді Алла жолынан алыстатса, одан аулақ болыңыз. Үйленуге жар таңдағанда да осылай, егер ғашық болғаныңыз Алла жолында болмаса, оны нәпсіңіз қанша ұнатса да, одан жырақ жүріңіз. Егер ол жақсы болса, сіз оны сүйетін боласыз, одан жақсылық көресіз және ол сізге, сіз оған өзара көмектесетін боласыз, осылай екеуіңіз де Алла ризалығына жетесіз.

- ӘУЛИЕЛЕР СҰХБАТЫНАН АЛЫНДЫ

شىنايى عاشىقتىققا شاحيتتىك دارەجە بەرىلەدى

اللا سۇيگەن جاندى ءسىز دە ءسۇيىڭىز، ال اللامەن پايعامبارىمىزدى بىلمەيتىن جانە ولاردى سۇيمەيتىن جاندى ءسىز دە سۇيمەڭىز، سەبەبى ولاردى ءسۇيۋ، جاقسى كورۋ قۇردىمعا جىبەرەدى. كەيبىرەۋلەر وسىنداي ادامداردى سۇيەدى جانە 'عاشىق بولىپ ولەمىن' دەيدى. ءيا، بۇندايدا عاشىق دەرتىنەن ءولىپ كەتكەنىڭ ولارمەن بىرگە بولۋدان جاقسىراق بولماق. پايعامبارىمىز بىرەۋ تاعى بىرۋگە شىنايى عاشىق بولىپ وتسە نەمەسە ماحابباتتان ولسە، وعان شاحيتتىك دارەجە بەرىلەتىنىن ايتقان. ادام عاشىقتىقتان قينالسا جانە وعان سابىر ەتسە، دارەجەسى وسەدى، جۇرەگى جۇمسارادى، ءبىراق ادام ماحابباتقا بولا، ءوزىن بۇزباۋى نەمەسە قۇرتىپ الماۋى كەرەك. اللا جولىندا ەمەس ادامنان الىس تۇرۋ وعان قوسىلعاننان قايىرلى بولماق، ەگەر ورتەنگەن ماحابباتىڭىز ءسىزدى، قارسى جاقتى يا وزگەنى بۇلدىرەتىن بولسا، ونداي ماحابباتىڭىزدى قۇرباندىققا شالۋعا تۋرا كەلەدى، ونى اللا ريزالىعى ءۇشىن توقتاتىڭىز. ماحاببات وتە ادەمى نارسە، ءبىراق ول اللانىڭ قالاعانىنداي بولۋى كەرەك، سوندا ول ادەمى بولادى، ايتپەسە ونىڭ اقىرى جاقسى بولمايدى. ادام اۋەل باستان ءىسىنىڭ جاقسىلىققا يا جاماندىققا باستايتىنىنا قاراۋى ءتيىس. 'ول ادام دوستىققا جارايما، سۇيۋگە تاتيما'، سوعان قاراسىن، بۇل قارسى جاقتىڭ حالىنەن انىق كورىنىپ تۇرادى، ەگەر ول ءسىزدى اللا جولىنان الىستاتسا، ودان اۋلاق بولىڭىز. ۇيلەنۋگە جار تاڭداعاندا دا وسىلاي، ەگەر عاشىق بولعانىڭىز اللا جولىندا بولماسا، ونى ءناپسىڭىز قانشا ۇناتسا دا، ودان جىراق ءجۇرىڭىز. ەگەر ول جاقسى بولسا، ءسىز ونى سۇيەتىن بولاسىز، ودان جاقسىلىق كورەسىز جانە ول سىزگە، ءسىز وعان ءوزارا كومەكتەسەتىن بولاسىز، وسىلاي ەكەۋىڭىز دە اللا ريزالىعىنا جەتەسىز.

- اۋليەلەر سۇحباتىنان الىندى

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8094