МЫНА ЗІКІР СІЗДІ ҚИЯМЕТТЕ КӨП ҚИЫНДЫҚТАН ҚҰТҚАРАДЫ

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8088
МЫНА ЗІКІР СІЗДІ ҚИЯМЕТТЕ КӨП ҚИЫНДЫҚТАН ҚҰТҚАРАДЫ
әркүні, 'سُبْحَانَ اللَّهِ وَبِحَمْدِهِ، سُبْحَانَ اللَّهِ العَظِيم، اَسْتَغْفِرُاللهَ', (сүбіханАллаһи уабихамдихи сүбіханАллаһил ғазим астағфируллаһ) деген зікірді айтып жүрсеңіз, қияметтен жеңіл өтесіз. мына дүниедегі өмір қияметтегі сұрақ сұрайтын өмірге қарағанда көзді ашып жұмғандай тым қысқа, тіпті бұл өмірді өмір деуге де келмейді, қияметтегі аз күн бұндағы неше ғасырға ұқсайды. Адамдар ондағы сұрақ-есептерге жауап бере алмай қатты қиналады, өте ұзақ жылдар бойы тосылады, онда көлеңке болмас. Кейбірі бірнеше, кейбірі он жыл, кейбірі жүз, мың, түмен жыл, тіпті кейбірі миллион жыл есеп береді, ол кез расында тым қиын, кейбірі сонша ұзақ сұрақтардан соң, жәннатқа кіре алмайды, тозаққа әкетіледі. Ал кім осы дүниеде көп өкініп, тәубе етсе және әркүні манағы зікірді айтып жүрсе, ол қияметтің сұрағында тым ұзақ уақыт тосылмайтын болады, бұл өте жақсы истиғфар зікірі. Демек әр адам осы дүниеде көзі тірісінде Алладан кешірім сұрап, өзін тазалап кетуі керек. Бұндағы маңыздысы кісі ақысын жемеу, кісі ұқығына қол сұқпау болмақ, Алла аса мейірімді болғандықтан, пендедегі ақысын кешіре алады, алайда қияметте адамдар біреуге кеткен ақысын кешіре алмайды, олар орнына оның сауабын алып, өз күнәларын оған арқалатады. Әсіресе кәпірдің ақысын жемеу керек, бұл өте қауіпті, себебі кәпір тозаққа кететіндіктен, ол өзінің ақысын алған мұсылманға, 'сен менің орныма тозаққа түс, дүниеде саған кеткен есемнің төлемі осы болсын' дейді. Сондықтан кісі ақысына аса сақ болуымыз керек, бұдан тыс манағы зікірді әркүні айтып жүрелік, оны әркүні кемінде 100 рет айтса, ең абзал іс болмақ.
مىنا زىكىر ءسىزدى قيامەتتە كوپ قيىندىقتان قۇتقارادى
اركۇنى، 'سُبْحَانَ اللَّهِ وَبِحَمْدِهِ، سُبْحَانَ اللَّهِ العَظِيم، اَسْتَغْفِرُاللهَ'، (ءسۇبىحاناللاھي ۋابيحامديحي ءسۇبىحاناللاھيل عازيم استاعفيرۋللاھ) دەگەن زىكىردى ايتىپ جۇرسەڭىز، قيامەتتەن جەڭىل وتەسىز. مىنا دۇنيەدەگى ءومىر قيامەتتەگى سۇراق سۇرايتىن ومىرگە قاراعاندا كوزدى اشىپ جۇمعانداي تىم قىسقا، ءتىپتى بۇل ءومىردى ءومىر دەۋگە دە كەلمەيدى، قيامەتتەگى از كۇن بۇنداعى نەشە عاسىرعا ۇقسايدى. ادامدار ونداعى سۇراق-ەسەپتەرگە جاۋاپ بەرە الماي قاتتى قينالادى، وتە ۇزاق جىلدار بويى توسىلادى، وندا كولەڭكە بولماس. كەيبىرى بىرنەشە، كەيبىرى ون جىل، كەيبىرى ءجۇز، مىڭ، تۇمەن جىل، ءتىپتى كەيبىرى ميلليون جىل ەسەپ بەرەدى، ول كەز راسىندا تىم قيىن، كەيبىرى سونشا ۇزاق سۇراقتاردان سوڭ، ءجانناتقا كىرە المايدى، توزاققا اكەتىلەدى. ال كىم وسى دۇنيەدە كوپ وكىنىپ، تاۋبە ەتسە جانە اركۇنى ماناعى زىكىردى ايتىپ جۇرسە، ول قيامەتتىڭ سۇراعىندا تىم ۇزاق ۋاقىت توسىلمايتىن بولادى، بۇل وتە جاقسى يستيعفار زىكىرى. دەمەك ءار ادام وسى دۇنيەدە كوزى تىرىسىندە اللادان كەشىرىم سۇراپ، ءوزىن تازالاپ كەتۋى كەرەك. بۇنداعى ماڭىزدىسى كىسى اقىسىن جەمەۋ، كىسى ۇقىعىنا قول سۇقپاۋ بولماق، اللا اسا مەيىرىمدى بولعاندىقتان، پەندەدەگى اقىسىن كەشىرە الادى، الايدا قيامەتتە ادامدار بىرەۋگە كەتكەن اقىسىن كەشىرە المايدى، ولار ورنىنا ونىڭ ساۋابىن الىپ، ءوز كۇنالارىن وعان ارقالاتادى. اسىرەسە كاپىردىڭ اقىسىن جەمەۋ كەرەك، بۇل وتە ءقاۋىپتى، سەبەبى كاپىر توزاققا كەتەتىندىكتەن، ول ءوزىنىڭ اقىسىن العان مۇسىلمانعا، 'سەن مەنىڭ ورنىما توزاققا ءتۇس، دۇنيەدە ساعان كەتكەن ەسەمنىڭ تولەمى وسى بولسىن' دەيدى. سوندىقتان كىسى اقىسىنا اسا ساق بولۋىمىز كەرەك، بۇدان تىس ماناعى زىكىردى اركۇنى ايتىپ جۇرەلىك، ونى اركۇنى كەمىندە 100 رەت ايتسا، ەڭ ابزال ءىس بولماق.
#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8088