You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: ханафи мәзхабының имамы Әбу Ханифаның пірі - Жафар Садық әулие (2024.02.18 / Хижра 1445-жыл 08-шағбан)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7439
Сұхбат: ханафи мәзхабының имамы Әбу Ханифаның пірі - Жафар Садық әулие (2024.02.18 / Хижра 1445-жыл 08-шағбан)
Исламбол (Стамбул), Түркия. (Англияда айтылған сұхбат)

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Жақсы адамдардың жиналып, олардың мәжілісінде нәсихат айтылуы сопылық тәриқаттағы басты шаруа болмақ, себебі тәриқатпен шәриғат ұқсас, олардың ұқсамастығы жоқ, олар - бір, адамдарға захири (көрнеу) түрде руханият беру үшін де сопылық тәриқат сөзсіз қажетті, бұл кәдімгі құсқа ұқсар, ол бір қанатымен ұша алмайды, оның екі қанаты болуы керек, біз көптеген адамдардың сопылық тәриқатқа көңіл қоймайтынын немесе оған риза болмайтынын көріп жүрміз, себебі оларда жарты нәрсе ғана бар, сондықтан олар ештеңе істей алмайды, мүмкін олардың айналасында көптеген адамдар жүрер, бірақ шындап келгенде, оларда еш игілік жоқ, құрғап, қаңырап тұр.

Бұны «маул-хаят, хаққул-хаят» (өмір суы - өмір ақиқаты) дер, Алла Жәллә Жәләлухудың іліміне ие болуымыз үшін біз сөзсіз сопылық тәриқатта болуымыз керек, көптеген адамдар «сопылық тәриқат басқа бір ұқсамаған жол» деп ойлар, олай емес, ол ұқсас, ұқсамайтын ештеңесі жоқ, бұнда сіз өзіңізді әулие машайықпен және пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламмен ғана көп байлансытыратын боласыз, ұқсамастығы осы, ал баямен (қол беру) қолыңызды қойып, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға жалғанасыз, бұл құрғақ нәрсе емес, ол ағып жатқан өзен, шәрбат дәрия, ол жердегі құрғақ өмір үшін тәтті су, онымен өмір көмкеріліп, жасылдыққа айналады, дәмді жемістер береді, адамдарға жақсы нәрселер сыйлайды, сопылық тәриқаттан қорқу еш қажетсіз.

Соплық тәриқат - барлық пайғамбарлардың жолы, «‘قُل لَّ ا أَسْأَلُكُمْ عَلَيْهِ أَجْرًا’» ("мен бұл хабар үшін еш ақы сұрамаймын" деп айт) (құран 42:23) делінер, демек біз сіздерден пайда да, ештеңе де сұрамаймыз, біз тек сіздерді төменнен жоғарыға, жерден көкке көтеруді қалаймыз, біздің басты мақсат міне осы, кім дүниеге жүгірсе, дүние одан қашады, адамдар бұны біледі, бірақ сонда да олар дүниенің артынан жүгірер, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам көптеген хадистерінде дүниенің артына түсіп кеткен адамдарға риза еместігін айтады, себебі сіз дүниенің артынан жүгірген кезде дүние сізден қашатын болады, сізден алыстай түседі, егер сіз дүниені тастасаңыз, ол сіздің артыңыздан жүгіреді, 41 сопылық тәриқаттың үйрететіні міне осы.

Сәидина Әбдул-қадір Ғейлани әулие дүниені 25 жыл тастап, құмды шөлге кетті, ештеңеге қарамады, бірақ ол 25 жылдан соң қайтып келгенде, бүкіл дүние оған келді, оның артынан қуалады, машалла, ол оған қараған да жоқ, бірақ адамдарға сабақ болуы үшін ол өте әдемі жасанатын еді, қараған көзге жағымсыз киінген жоқ, ол сондай әдемі жүретін, бұл адамдарға ғибырат үшін еді, 25 жыл бойы ол ештеңені қаламай, шөлде жүрді, ол мекені Бағдатқа келгенде де солай, оған бүкіл жақсы дүниелер берілді, бірақ ол еш өзгерген жоқ, «мен дәнеңе де емеспін, менде түк жоқ, бұнда келгенде жақсы киініп, жақсы өмір өткіздім» дейтін, ол бұнда сопылық тәриқатқа ілесіп жүрген мүриттеріне кедейлікпен бай тұрмыстың ұқсамайтын ештеңесі жоқ екендігін ғибырат етіп үйретуде, демек олар бай болып кетсе де, олардың жүректері өзгерген жоқ, ал ештеңесі жоқ болса да, жүректері өзгермеді, себебі бұл ара дүние, егер олар дүниеге титтей махаббат қойса, өздерінің Алла Жәллә Жәләлухуың илаһи құзіретінде қабыл болмайтынын білетұғын, олар Алла Жәллә Жәләлухудың оларға бергеніне шүкір айтты, ал алып кетсе де, бұл олар үшін еш мәселе емес еді, міне нағыз әулие, нағыз ғұлама, сахабалар осылай болған, олар дүниеге ешбір маңыздылық берген емес.

Сәидина Әбу Ханифа да солай, адамдар (сол кездегі билік) оны би-қазы болдыру үшін түрмеге алады, бірақ сонда да ол «менің қазы болғым келмейді» дер, ол өте бай кісі еді, ешкімнен сауға да алмайтын, себебі олар шүбіхадан яғни күмәнділіктен алаңдайтын, әрине олар біз сияқты емес, олар біледі, олар өте сезімтал еді, себебі олар адамдар үшін және үмбетке жазып кеткен үкімдері үшін үлгі еді, олар адамдарға зиянды нәрселерден қашатын, әрине ол заманда қазы болу үкімі жоғарыдан, сұлтаннан я уәзірден берілетін, бірақ ол бұл қазылық мәнсапты қабыл етпей қойды, сұлтан оның ең жақсы қазы боларын білуші еді, алайда сұлтан Әбу Ханифа хазіреттің қазылықты қабыл етпеуінің астарындағы хикіметті түсінбеді, олар оны ұрады, ол қартайып кеткен еді, мүмкін 70 жастан асқан болар, олар оны осылайша ұрып, ол шәхит болғанға дейін сабайды, бірақ ол ештеңені қабыл етпеді, ол оны қабыл етсе де, барлығына жетер еді, бірақ ол одан бұрын-ақ өте бай кісі болды, барлығы бар еді.

Бұндағы маңызды іс, онда Алла Жәллә Жәләлухудан қорқу бар еді, ол Алла Жәллә Жәләлухуды білетін, демек ол мағрифатуллаһққа жеткен биік кісі еді, тағы бір маңызды іс ол «لَو ْ لَّ َ السا نَتَان لَهَلَك النُّعْمَان» (егер осы екі жыл болмаса, Нұғманның шаруасы бітетін еді» (Нұғыман - Әбу Ханифа) деп айтып кетті, бұндағы «екі жыл» дегені ол екі жылдан бері біздің (нақышбанд) сопылық тәриқат шежіресіндегі Сәидина Жафар әл-Садық (нақышбанд сопылық тәриқатының 5-әулие пірі) әулие хазіретпен бірге жүрген еді, ол Сәидина Жафар хазіретті пір тұтып, оның мүриті болады, оның әулие пір шайығы сисилиядан (шежіре тізбегінен) оған рухани шәрбат беріп, оны Алла Әззә уә-Жәлләдан келген берекелі сумен сусындатты, сондықтан да ол әйгілі Имам Ағзамға айналды, басым санды мұсылмандар мәзхапта Имам Әбу Ханифаға ереді, тіпті Сәидина Имам Шафиғи да Имам Әбу Ханифа хазіреттің білімінен орасан зор пайда алған еді.

Міне осылар Алла Жәллә Жәләлухудың адамдары еді, ал біз оларға ергеніміз үшін қатты қуанамыз, біз ең жақсы адамдарға еріп жүрміз, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам да оларға береке берген, ол көптеген сөздер айтып кетті, олардың бірі мынау еді, мәселен пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам Сәидина Әбу Ханифа жәйлы белгі айтып кеткен, ол «ол осы дінді, дін исламді сақтайды» деген, себебі ол басқа барлық (мәзхаб) имамдары оның білімінен білім аларлықтай орасан зор білім жазып кетті, ол өте кішпейіл болды, әрқандай қателігін қабыл ететін, ол осындай мүбәрак кісі болды, ол шәкірттері арасында мұназарах (айтыс) жасап, олардың барлығынан сұрау сұрайтын, кейін оның шәкірттері өз замандарының үлкен ғұламалары болды, олар исламның тіректері еді.

Әрине пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның өз хикіметімен өзінің заманында құранмен хадис араласып кетпеуі үшін, тек қана құранды жазуға әмір етті, бірақ ол өмірден өткеннен кейін, ол оған рұхсат берді, Сәидина Әбубәкір, Омар, Осман хазіреттердің барлығы жазды, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам сахабалары хақында «أصحابي كالنّجوم بأيّهم قتديتُم» (сахабаларым жұлдыздар сияқты, олардың қайсысына ерсең де, хидаятқа жетесің) дейді, демек барлық сахаба имам-дүр, олардың әрбірі бір-бір үлкен имам, олар пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның істегендерін істейтін, оған еш қарсылық болмасын, бірақ одан соң сахабалар бір-бірден қайтыс болып, қаралары азая бастады да, олардың білімдері қатталып, кітапқа жазылуы қажет болды, сондықтан пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламнан кейін, әсіресе Сәидина Омар хәзіреттің кезінде шәриғат та және басқа барлығы да тізімге алынып, кітап болып жазылды, сақталынды.

Олардан соң, олардан тәлім алған көптеген ғұламалар келді, мәселен хадис ғұламалары келді, қазір жаңа бір түрлі шайтандар пайда болды, олар хадистерді жоққа шығарып «бұл жақсы, анау қабыл емес» дер, бірақ манағы ғұламалар нағыз ғұламалар еді, улама әлиминдер, олар хадис жазарда алдымен истиқара жасап, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламды түстерінде көріп, сұрау сұрайтын, сосын ғана ол хадисты қабыл ететін, олар хадистерді осылай жазған, осы ғұламалар жазып кеткен барлық хадистерді қабыл етуге болады, ал оны «қабыл емес» деген адамдар бүлік жасап, мұсылмандарға күмән салып жүр, олар иманды, ислам сенімін бұзғысы келеді.

Сондықтан біз осындай мысалдар айтып жатырмыз, Әбу Ханифа хазірет сияқты мыңдаған кісілер өтті, олар осы дінді сақтау үшін өздерін құрбан етті әрі олар қияметке дейін тірі болмақ, оларға және олардың білімдеріне ергендерге де сауаптар жазылатын болады, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам «кім білім үйретсе немесе өзгелерді хидаятқа әкелсе, Алла Жәллә Жәләлуху олардың әр бірін яғни хидаятқа келушіні де, хидаятқа келтірушіні де сауапқа бөлейді» дер, бір адамды хидаятқа әкелсе бір, екіге екі, онға он, жүзге жүз есе сауап береді, милионға, милияртқа да солай, Алла Әззә уә-Жәллә өте жомарт, онда «таусылып қалады» деген алаң болмас, Ол сауаптарын береді, ал осыбір ғұламалар қияметке дейін милиярт-милиярт сауапқа бөленбек.

Олар расында ақылды адамдар, олар ойларымен зрерк, олар пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға ілесіп, осындай зор сауаптарды таба білуімен зерек, олар ел-жұртты жолдан шығарып, қаңғытып жібергендерге ұқсамайды, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам тағы да «егер біреудің иманын жоғалытсаң, сол үшін жазаланатын боласыңдар» дер, біреу болса бір, екі болса екі, милион болса милион, милиярт болса милиярт жаза күтіп тұр, сондықтан елді адастырғандар нағыз ақымақтар болмақ, олар «атағымызды шығарып, әигілі біреу боламыз, бірдеңе табармыз» деп ойлар, бірақ олар нағыз өмірлерін, нағыз асыл нәрселерін жоғалтуда.

Біз осыбір ғұламаларды, әулиелерді, сахабаларды, әхлул бәйіттерді, демек олардың барлығын әспеттейміз, бағалаймыз, біз оларды сүйеміз, олардың айтқанын қабыл етеміз, әхлул сүннә уәл-жамаға біздің жолымыз, сопылық тәриқат барлық сахабалармен әхлул бәйіттерді қабыл етеді, олардың ұқсамастығы жоқ, кімдер оларды бөліп, ұқсатпаса, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам оларға риза болмас, ол «олар менің сахабаларын, жолдастарым, олар жұлдыздарға ұқсайды, олар өте бағалы, кім оларға дұшпан болса, мен оған дұшпан боламын» дейді, міне бұл пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның айтқандары еді, осы тектес хадистер көп, сондықтан біз оның жолындамыз, әулия-Аллаһ, салихиндардың жолындамыз.

Бертінгі 40-50 жылға дейін манағындай кесірлі адамдар болмаған еді, бірақ қазір ақырзаман уақыты болғандықтан олар кәдімгі рак кеселі сияқты тез өсті де, исламды, мемлекеттерді тездетіп құртуда, әр жерде адамдарға күмән салуда, олар исламнан соң, ел-жұрттың иманын құртып жатыр, олар барлығын құртуда, сондықтан біз Алла Жәллә Жәләлухудан Сахибул Заман Мухаммад әл-Мәхди әлейхис-саламды жіберуін сұрап жатырмыз, себебі біз адамдарды қайта қайтарып әкелуге келмейтін заманда өмір сүріп жатырмыз, демек адамдарды жаман әдет, кесір істерден бері қайтаруға уақыт жоқ, әркүн сайын көптеген шайтандар, көптеген тажалдар шығып, адамдарды күмәнға салуда, ал оның шешімі тек пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам айтқандай Мәхди әлейхис-саламның келуі болмақ, иншалла, ол келіп, бұның барлығын тазалайды, Мәуләнә Шайық Назым хазірет ұдайы «оларды үлкен сыбыртқы сыпырып әкететін болады» деп айтып отыратын, иншалла, Алла Жәллә Жәләлуху бізді күпірлік, шірік, күмән болмайтын, шайтанның ерушілерімен тажал болмайтын осыбір жақсы күндерді көруіміз үшін аман еткей, иншалла, біз оны көретін боламыз.

Ол кезде бүкіл дүниеге құт-береке орнаған заман болмақ, Мәуләнә Шайық «Мәхди хазірет келгенде ұсқынсыз семонт құрлыс-биналарды жындар бір түнде жинап, мұхитқа лақтырып жібереді» деп айтушы еді, себебі барлық сементтер ауру, теріс күш, теріс енергия, кесірлі нәрсеге толы зат, олар сонау коминистік жүйе кезінде жасалып, құрыла бастады, Өзбекстан немесе Ресейге, сол өңірлерге барсаңыз сол кезден қалған биналарды көресіз, осы өңірлерде коминистерден қалған семонттар көп, адамдар семонтты жақсы көрер, бірақ семонт жүректі қатайтар, кейін жындар дүниедегі барлық семонт үй, құрлыс, биналарды мұхитқа тастар, Алла Жәллә Жәләлуху жер-көкке береке жіберер, күндіз түні жауын жауар, барлығына жол ашылар, жер жасылға өзгерер, азық-түлік көбейер, қойлар егізден туар, күпірлік мүлдем жоғалар, құт-береке ерекше болар, жер жүзінде кедейлік болмас, тек қана тыныштық, қуаныш, бақыт қана болар, тіпті пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам «бір адам зекет бермекші болып, көшеге шықса, ол зекет алатын адам таба алмай, зекетін баитул-малға береді, себебі олар зекетті сөзсіз беруге тиісті болатын, ол зекетін сонда берер» деп айтады, ол кезде алтын таудай болып, үйіліп жатар, бірақ ешкім оған қарамас, олар «ол бізге керек емес» дер, міне алда осындай ғажап заман келе жатыр, иншалла, біз оның тым жақын болуын үміт етеміз, Алла Жәллә Жәләлуху Мәхди әлейхис-саламды жіберіп, адамзатты тезден құтқаруын сұраймыз, қазір адамгершілік мүлдем құрып, адамзат қатты азғындады, Алла Жәллә Жәләлуху бізді алдағы әдемі күндер үшін аман-есен сақтағай.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami


سۇحبات: حانافي ءمازحابىنىڭ يمامى ءابۋ حانيفانىڭ ءپىرى - جافار سادىق اۋليە (2024.02.18 / حيجرا 1445-جىل 08-شاعبان)
يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا. (انگليادا ايتىلعان سۇحبات)

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

جاقسى ادامداردىڭ جينالىپ، ولاردىڭ ماجىلىسىندە ءناسيحات ايتىلۋى سوپىلىق ءتاريقاتتاعى باستى شارۋا بولماق، سەبەبى تاريقاتپەن ءشاريعات ۇقساس، ولاردىڭ ۇقساماستىعى جوق، ولار - ءبىر، ادامدارعا زاحيري (كورنەۋ) تۇردە رۋحانيات بەرۋ ءۇشىن دە سوپىلىق ءتاريقات ءسوزسىز قاجەتتى، بۇل كادىمگى قۇسقا ۇقسار، ول ءبىر قاناتىمەن ۇشا المايدى، ونىڭ ەكى قاناتى بولۋى كەرەك، ءبىز كوپتەگەن ادامداردىڭ سوپىلىق ءتاريقاتقا كوڭىل قويمايتىنىن نەمەسە وعان ريزا بولمايتىنىن كورىپ ءجۇرمىز، سەبەبى ولاردا جارتى نارسە عانا بار، سوندىقتان ولار ەشتەڭە ىستەي المايدى، مۇمكىن ولاردىڭ اينالاسىندا كوپتەگەن ادامدار جۇرەر، ءبىراق شىنداپ كەلگەندە، ولاردا ەش يگىلىك جوق، قۇرعاپ، قاڭىراپ تۇر.

بۇنى «ماۋل-حايات، حاققۋل-حايات» (ءومىر سۋى - ءومىر اقيقاتى) دەر، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ ىلىمىنە يە بولۋىمىز ءۇشىن ءبىز ءسوزسىز سوپىلىق ءتاريقاتتا بولۋىمىز كەرەك، كوپتەگەن ادامدار «سوپىلىق ءتاريقات باسقا ءبىر ۇقساماعان جول» دەپ ويلار، ولاي ەمەس، ول ۇقساس، ۇقسامايتىن ەشتەڭەسى جوق، بۇندا ءسىز ءوزىڭىزدى اۋليە ماشايىقپەن جانە پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالاممەن عانا كوپ بايلانسىتىراتىن بولاسىز، ۇقساماستىعى وسى، ال بايامەن (قول بەرۋ) قولىڭىزدى قويىپ، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا جالعاناسىز، بۇل قۇرعاق نارسە ەمەس، ول اعىپ جاتقان وزەن، ءشاربات ءداريا، ول جەردەگى قۇرعاق ءومىر ءۇشىن ءتاتتى سۋ، ونىمەن ءومىر كومكەرىلىپ، جاسىلدىققا اينالادى، ءدامدى جەمىستەر بەرەدى، ادامدارعا جاقسى نارسەلەر سىيلايدى، سوپىلىق ءتاريقاتتان قورقۋ ەش قاجەتسىز.

سوپلىق ءتاريقات - بارلىق پايعامبارلاردىڭ جولى، «‘قُل لَّ ا أَسْأَلُكُمْ عَلَيْهِ أَجْرًا’» ("مەن بۇل حابار ءۇشىن ەش اقى سۇرامايمىن" دەپ ايت) (قۇران 42:23) دەلىنەر، دەمەك ءبىز سىزدەردەن پايدا دا، ەشتەڭە دە سۇرامايمىز، ءبىز تەك سىزدەردى تومەننەن جوعارىعا، جەردەن كوككە كوتەرۋدى قالايمىز، ءبىزدىڭ باستى ماقسات مىنە وسى، كىم دۇنيەگە جۇگىرسە، دۇنيە ودان قاشادى، ادامدار بۇنى بىلەدى، ءبىراق سوندا دا ولار دۇنيەنىڭ ارتىنان جۇگىرەر، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام كوپتەگەن حاديستەرىندە دۇنيەنىڭ ارتىنا ءتۇسىپ كەتكەن ادامدارعا ريزا ەمەستىگىن ايتادى، سەبەبى ءسىز دۇنيەنىڭ ارتىنان جۇگىرگەن كەزدە دۇنيە سىزدەن قاشاتىن بولادى، سىزدەن الىستاي تۇسەدى، ەگەر ءسىز دۇنيەنى تاستاساڭىز، ول ءسىزدىڭ ارتىڭىزدان جۇگىرەدى، 41 سوپىلىق ءتاريقاتتىڭ ۇيرەتەتىنى مىنە وسى.

ءسايدينا ءابدۋل-ءقادىر عەيلاني اۋليە دۇنيەنى 25 جىل تاستاپ، قۇمدى شولگە كەتتى، ەشتەڭەگە قارامادى، ءبىراق ول 25 جىلدان سوڭ قايتىپ كەلگەندە، بۇكىل دۇنيە وعان كەلدى، ونىڭ ارتىنان قۋالادى، ماشاللا، ول وعان قاراعان دا جوق، ءبىراق ادامدارعا ساباق بولۋى ءۇشىن ول وتە ادەمى جاساناتىن ەدى، قاراعان كوزگە جاعىمسىز كيىنگەن جوق، ول سونداي ادەمى جۇرەتىن، بۇل ادامدارعا عيبىرات ءۇشىن ەدى، 25 جىل بويى ول ەشتەڭەنى قالاماي، شولدە ءجۇردى، ول مەكەنى باعداتقا كەلگەندە دە سولاي، وعان بۇكىل جاقسى دۇنيەلەر بەرىلدى، ءبىراق ول ەش وزگەرگەن جوق، «مەن دانەڭە دە ەمەسپىن، مەندە تۇك جوق، بۇندا كەلگەندە جاقسى كيىنىپ، جاقسى ءومىر وتكىزدىم» دەيتىن، ول بۇندا سوپىلىق ءتاريقاتقا ىلەسىپ جۇرگەن مۇريتتەرىنە كەدەيلىكپەن باي تۇرمىستىڭ ۇقسامايتىن ەشتەڭەسى جوق ەكەندىگىن عيبىرات ەتىپ ۇيرەتۋدە، دەمەك ولار باي بولىپ كەتسە دە، ولاردىڭ جۇرەكتەرى وزگەرگەن جوق، ال ەشتەڭەسى جوق بولسا دا، جۇرەكتەرى وزگەرمەدى، سەبەبى بۇل ارا دۇنيە، ەگەر ولار دۇنيەگە تيتتەي ماحاببات قويسا، وزدەرىنىڭ اللا ءجاللا ءجالالۋحۋىڭ يلاھي قۇزىرەتىندە قابىل بولمايتىنىن بىلەتۇعىن، ولار اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ ولارعا بەرگەنىنە شۇكىر ايتتى، ال الىپ كەتسە دە، بۇل ولار ءۇشىن ەش ماسەلە ەمەس ەدى، مىنە ناعىز اۋليە، ناعىز عۇلاما، ساحابالار وسىلاي بولعان، ولار دۇنيەگە ەشبىر ماڭىزدىلىق بەرگەن ەمەس.

ءسايدينا ءابۋ حانيفا دا سولاي، ادامدار (سول كەزدەگى بيلىك) ونى بي-قازى بولدىرۋ ءۇشىن تۇرمەگە الادى، ءبىراق سوندا دا ول «مەنىڭ قازى بولعىم كەلمەيدى» دەر، ول وتە باي كىسى ەدى، ەشكىمنەن ساۋعا دا المايتىن، سەبەبى ولار ءشۇبىحادان ياعني كۇماندىلىكتەن الاڭدايتىن، ارينە ولار ءبىز سياقتى ەمەس، ولار بىلەدى، ولار وتە سەزىمتال ەدى، سەبەبى ولار ادامدار ءۇشىن جانە ۇمبەتكە جازىپ كەتكەن ۇكىمدەرى ءۇشىن ۇلگى ەدى، ولار ادامدارعا زياندى نارسەلەردەن قاشاتىن، ارينە ول زاماندا قازى بولۋ ۇكىمى جوعارىدان، سۇلتاننان يا ۋازىردەن بەرىلەتىن، ءبىراق ول بۇل قازىلىق ءمانساپتى قابىل ەتپەي قويدى، سۇلتان ونىڭ ەڭ جاقسى قازى بولارىن ءبىلۋشى ەدى، الايدا سۇلتان ءابۋ حانيفا حازىرەتتىڭ قازىلىقتى قابىل ەتپەۋىنىڭ استارىنداعى حيكىمەتتى تۇسىنبەدى، ولار ونى ۇرادى، ول قارتايىپ كەتكەن ەدى، مۇمكىن 70 جاستان اسقان بولار، ولار ونى وسىلايشا ۇرىپ، ول ءشاحيت بولعانعا دەيىن سابايدى، ءبىراق ول ەشتەڭەنى قابىل ەتپەدى، ول ونى قابىل ەتسە دە، بارلىعىنا جەتەر ەدى، ءبىراق ول ودان بۇرىن-اق وتە باي كىسى بولدى، بارلىعى بار ەدى.

بۇنداعى ماڭىزدى ءىس، وندا اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان قورقۋ بار ەدى، ول اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدى بىلەتىن، دەمەك ول ماعريفاتۋللاھققا جەتكەن بيىك كىسى ەدى، تاعى ءبىر ماڭىزدى ءىس ول «لَو ْ لَّ َ السا نَتَان لَهَلَك النُّعْمَان» (ەگەر وسى ەكى جىل بولماسا، نۇعماننىڭ شارۋاسى بىتەتىن ەدى» (نۇعىمان - ءابۋ حانيفا) دەپ ايتىپ كەتتى، بۇنداعى «ەكى جىل» دەگەنى ول ەكى جىلدان بەرى ءبىزدىڭ (ناقىشباند) سوپىلىق ءتاريقات شەجىرەسىندەگى ءسايدينا جافار ءال-سادىق (ناقىشباند سوپىلىق ءتاريقاتىنىڭ 5-اۋليە ءپىرى) اۋليە حازىرەتپەن بىرگە جۇرگەن ەدى، ول ءسايدينا جافار حازىرەتتى ءپىر تۇتىپ، ونىڭ ءمۇريتى بولادى، ونىڭ اۋليە ءپىر شايىعى سيسيليادان (شەجىرە تىزبەگىنەن) وعان رۋحاني ءشاربات بەرىپ، ونى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان كەلگەن بەرەكەلى سۋمەن سۋسىنداتتى، سوندىقتان دا ول ايگىلى يمام اعزامعا اينالدى، باسىم ساندى مۇسىلماندار ءمازحاپتا يمام ءابۋ حانيفاعا ەرەدى، ءتىپتى ءسايدينا يمام شافيعي دا يمام ءابۋ حانيفا حازىرەتتىڭ بىلىمىنەن وراسان زور پايدا العان ەدى.

مىنە وسىلار اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ ادامدارى ەدى، ال ءبىز ولارعا ەرگەنىمىز ءۇشىن قاتتى قۋانامىز، ءبىز ەڭ جاقسى ادامدارعا ەرىپ ءجۇرمىز، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام دا ولارعا بەرەكە بەرگەن، ول كوپتەگەن سوزدەر ايتىپ كەتتى، ولاردىڭ ءبىرى مىناۋ ەدى، ماسەلەن پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ءسايدينا ءابۋ حانيفا ءجايلى بەلگى ايتىپ كەتكەن، ول «ول وسى ءدىندى، ءدىن ءيسلامدى ساقتايدى» دەگەن، سەبەبى ول باسقا بارلىق (ءمازحاب) يمامدارى ونىڭ بىلىمىنەن ءبىلىم الارلىقتاي وراسان زور ءبىلىم جازىپ كەتتى، ول وتە كىشپەيىل بولدى، ءارقانداي قاتەلىگىن قابىل ەتەتىن، ول وسىنداي مۇباراك كىسى بولدى، ول شاكىرتتەرى اراسىندا مۇنازاراح (ايتىس) جاساپ، ولاردىڭ بارلىعىنان سۇراۋ سۇرايتىن، كەيىن ونىڭ شاكىرتتەرى ءوز زاماندارىنىڭ ۇلكەن عۇلامالارى بولدى، ولار يسلامنىڭ تىرەكتەرى ەدى.

ارينە پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ءوز حيكىمەتىمەن ءوزىنىڭ زامانىندا قۇرانمەن حاديس ارالاسىپ كەتپەۋى ءۇشىن، تەك قانا قۇراندى جازۋعا ءامىر ەتتى، ءبىراق ول ومىردەن وتكەننەن كەيىن، ول وعان رۇحسات بەردى، ءسايدينا ابۋباكىر، ومار، وسمان حازىرەتتەردىڭ بارلىعى جازدى، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ساحابالارى حاقىندا «أصحابي كالنّجوم بأيّهم قتديتُم» (ساحابالارىم جۇلدىزدار سياقتى، ولاردىڭ قايسىسىنا ەرسەڭ دە، حيداياتقا جەتەسىڭ) دەيدى، دەمەك بارلىق ساحابا يمام-ءدۇر، ولاردىڭ ءاربىرى ءبىر-ءبىر ۇلكەن يمام، ولار پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ىستەگەندەرىن ىستەيتىن، وعان ەش قارسىلىق بولماسىن، ءبىراق ودان سوڭ ساحابالار ءبىر-بىردەن قايتىس بولىپ، قارالارى ازايا باستادى دا، ولاردىڭ بىلىمدەرى قاتتالىپ، كىتاپقا جازىلۋى قاجەت بولدى، سوندىقتان پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنان كەيىن، اسىرەسە ءسايدينا ومار حازىرەتتىڭ كەزىندە ءشاريعات تا جانە باسقا بارلىعى دا تىزىمگە الىنىپ، كىتاپ بولىپ جازىلدى، ساقتالىندى.

ولاردان سوڭ، ولاردان ءتالىم العان كوپتەگەن عۇلامالار كەلدى، ماسەلەن حاديس عۇلامالارى كەلدى، ءقازىر جاڭا ءبىر ءتۇرلى شايتاندار پايدا بولدى، ولار حاديستەردى جوققا شىعارىپ «بۇل جاقسى، اناۋ قابىل ەمەس» دەر، ءبىراق ماناعى عۇلامالار ناعىز عۇلامالار ەدى، ۋلاما اليميندەر، ولار حاديس جازاردا الدىمەن يستيقارا جاساپ، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامدى تۇستەرىندە كورىپ، سۇراۋ سۇرايتىن، سوسىن عانا ول حاديستى قابىل ەتەتىن، ولار حاديستەردى وسىلاي جازعان، وسى عۇلامالار جازىپ كەتكەن بارلىق حاديستەردى قابىل ەتۋگە بولادى، ال ونى «قابىل ەمەس» دەگەن ادامدار بۇلىك جاساپ، مۇسىلماندارعا كۇمان سالىپ ءجۇر، ولار يماندى، يسلام سەنىمىن بۇزعىسى كەلەدى.

سوندىقتان ءبىز وسىنداي مىسالدار ايتىپ جاتىرمىز، ءابۋ حانيفا حازىرەت سياقتى مىڭداعان كىسىلەر ءوتتى، ولار وسى ءدىندى ساقتاۋ ءۇشىن وزدەرىن قۇربان ەتتى ءارى ولار قيامەتكە دەيىن ءتىرى بولماق، ولارعا جانە ولاردىڭ بىلىمدەرىنە ەرگەندەرگە دە ساۋاپتار جازىلاتىن بولادى، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام «كىم ءبىلىم ۇيرەتسە نەمەسە وزگەلەردى حيداياتقا اكەلسە، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ولاردىڭ ءار ءبىرىن ياعني حيداياتقا كەلۋشىنى دە، حيداياتقا كەلتىرۋشىنى دە ساۋاپقا بولەيدى» دەر، ءبىر ادامدى حيداياتقا اكەلسە ءبىر، ەكىگە ەكى، ونعا ون، جۇزگە ءجۇز ەسە ساۋاپ بەرەدى، ميليونعا، ميليارتقا دا سولاي، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا وتە جومارت، وندا «تاۋسىلىپ قالادى» دەگەن الاڭ بولماس، ول ساۋاپتارىن بەرەدى، ال ءوسىبىر عۇلامالار قيامەتكە دەيىن ميليارت-ميليارت ساۋاپقا بولەنبەك.

ولار راسىندا اقىلدى ادامدار، ولار ويلارىمەن زرەرك، ولار پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا ىلەسىپ، وسىنداي زور ساۋاپتاردى تابا بىلۋىمەن زەرەك، ولار ەل-جۇرتتى جولدان شىعارىپ، قاڭعىتىپ جىبەرگەندەرگە ۇقسامايدى، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام تاعى دا «ەگەر بىرەۋدىڭ يمانىن جوعالىتساڭ، سول ءۇشىن جازالاناتىن بولاسىڭدار» دەر، بىرەۋ بولسا ءبىر، ەكى بولسا ەكى، ميليون بولسا ميليون، ميليارت بولسا ميليارت جازا كۇتىپ تۇر، سوندىقتان ەلدى اداستىرعاندار ناعىز اقىماقتار بولماق، ولار «اتاعىمىزدى شىعارىپ، ايگىلى بىرەۋ بولامىز، بىردەڭە تابارمىز» دەپ ويلار، ءبىراق ولار ناعىز ومىرلەرىن، ناعىز اسىل نارسەلەرىن جوعالتۋدا.

ءبىز ءوسىبىر عۇلامالاردى، اۋليەلەردى، ساحابالاردى، ءاحلۋل بايىتتەردى، دەمەك ولاردىڭ بارلىعىن اسپەتتەيمىز، باعالايمىز، ءبىز ولاردى سۇيەمىز، ولاردىڭ ايتقانىن قابىل ەتەمىز، ءاحلۋل ءسۇننا ءۋال-جاماعا ءبىزدىڭ جولىمىز، سوپىلىق ءتاريقات بارلىق ساحابالارمەن ءاحلۋل بايىتتەردى قابىل ەتەدى، ولاردىڭ ۇقساماستىعى جوق، كىمدەر ولاردى ءبولىپ، ۇقساتپاسا، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ولارعا ريزا بولماس، ول «ولار مەنىڭ ساحابالارىن، جولداستارىم، ولار جۇلدىزدارعا ۇقسايدى، ولار وتە باعالى، كىم ولارعا دۇشپان بولسا، مەن وعان دۇشپان بولامىن» دەيدى، مىنە بۇل پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ايتقاندارى ەدى، وسى تەكتەس حاديستەر كوپ، سوندىقتان ءبىز ونىڭ جولىندامىز، ءاۋليا-اللاھ، ساليحينداردىڭ جولىندامىز.

بەرتىنگى 40-50 جىلعا دەيىن ماناعىنداي كەسىرلى ادامدار بولماعان ەدى، ءبىراق ءقازىر اقىرزامان ۋاقىتى بولعاندىقتان ولار كادىمگى راك كەسەلى سياقتى تەز ءوستى دە، يسلامدى، مەملەكەتتەردى تەزدەتىپ قۇرتۋدا، ءار جەردە ادامدارعا كۇمان سالۋدا، ولار يسلامنان سوڭ، ەل-جۇرتتىڭ يمانىن قۇرتىپ جاتىر، ولار بارلىعىن قۇرتۋدا، سوندىقتان ءبىز اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان ساحيبۋل زامان مۋحامماد ءال-ءماحدي الەيحيس-سالامدى جىبەرۋىن سۇراپ جاتىرمىز، سەبەبى ءبىز ادامداردى قايتا قايتارىپ اكەلۋگە كەلمەيتىن زاماندا ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز، دەمەك ادامداردى جامان ادەت، كەسىر ىستەردەن بەرى قايتارۋعا ۋاقىت جوق، اركۇن سايىن كوپتەگەن شايتاندار، كوپتەگەن تاجالدار شىعىپ، ادامداردى كۇمانعا سالۋدا، ال ونىڭ شەشىمى تەك پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ايتقانداي ءماحدي الەيحيس-سالامنىڭ كەلۋى بولماق، ينشاللا، ول كەلىپ، بۇنىڭ بارلىعىن تازالايدى، ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت ۇدايى «ولاردى ۇلكەن سىبىرتقى سىپىرىپ اكەتەتىن بولادى» دەپ ايتىپ وتىراتىن، ينشاللا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى كۇپىرلىك، شىرىك، كۇمان بولمايتىن، شايتاننىڭ ەرۋشىلەرىمەن تاجال بولمايتىن ءوسىبىر جاقسى كۇندەردى كورۋىمىز ءۇشىن امان ەتكەي، ينشاللا، ءبىز ونى كورەتىن بولامىز.

ول كەزدە بۇكىل دۇنيەگە قۇت-بەرەكە ورناعان زامان بولماق، ءماۋلانا شايىق «ءماحدي حازىرەت كەلگەندە ۇسقىنسىز سەمونت قۇرلىس-بينالاردى جىندار ءبىر تۇندە جيناپ، مۇحيتقا لاقتىرىپ جىبەرەدى» دەپ ايتۋشى ەدى، سەبەبى بارلىق سەمەنتتەر اۋرۋ، تەرىس كۇش، تەرىس ەنەرگيا، كەسىرلى نارسەگە تولى زات، ولار سوناۋ كومينيستىك جۇيە كەزىندە جاسالىپ، قۇرىلا باستادى، وزبەكستان نەمەسە رەسەيگە، سول وڭىرلەرگە بارساڭىز سول كەزدەن قالعان بينالاردى كورەسىز، وسى وڭىرلەردە كومينيستەردەن قالعان سەمونتتار كوپ، ادامدار سەمونتتى جاقسى كورەر، ءبىراق سەمونت جۇرەكتى قاتايتار، كەيىن جىندار دۇنيەدەگى بارلىق سەمونت ءۇي، قۇرلىس، بينالاردى مۇحيتقا تاستار، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ جەر-كوككە بەرەكە جىبەرەر، كۇندىز ءتۇنى جاۋىن جاۋار، بارلىعىنا جول اشىلار، جەر جاسىلعا وزگەرەر، ازىق-تۇلىك كوبەيەر، قويلار ەگىزدەن تۋار، كۇپىرلىك مۇلدەم جوعالار، قۇت-بەرەكە ەرەكشە بولار، جەر جۇزىندە كەدەيلىك بولماس، تەك قانا تىنىشتىق، قۋانىش، باقىت قانا بولار، ءتىپتى پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام «ءبىر ادام زەكەت بەرمەكشى بولىپ، كوشەگە شىقسا، ول زەكەت الاتىن ادام تابا الماي، زەكەتىن بايتۋل-مالعا بەرەدى، سەبەبى ولار زەكەتتى ءسوزسىز بەرۋگە ءتيىستى بولاتىن، ول زەكەتىن سوندا بەرەر» دەپ ايتادى، ول كەزدە التىن تاۋداي بولىپ، ءۇيىلىپ جاتار، ءبىراق ەشكىم وعان قاراماس، ولار «ول بىزگە كەرەك ەمەس» دەر، مىنە الدا وسىنداي عاجاپ زامان كەلە جاتىر، ينشاللا، ءبىز ونىڭ تىم جاقىن بولۋىن ءۇمىت ەتەمىز، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءماحدي الەيحيس-سالامدى جىبەرىپ، ادامزاتتى تەزدەن قۇتقارۋىن سۇرايمىز، ءقازىر ادامگەرشىلىك مۇلدەم قۇرىپ، ادامزات قاتتى ازعىندادى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى الداعى ادەمى كۇندەر ءۇشىن امان-ەسەن ساقتاعاي.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7439