You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: Қожа Ахмет Ясауи барша мұсылман жұртын адасудан құтқарған әулие (2024.02.17 / Хижра 1445-жыл 07-шағбан)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7437
Сұхбат: Қожа Ахмет Ясауи барша мұсылман жұртын адасудан құтқарған әулие (2024.02.17 / Хижра 1445-жыл 07-шағбан)
Исламбол (Стамбул), Түркия. (Англияда айтылған сұхбат)

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Аллах хумма сәлли әлә сәидина Мұхаммад уа ғәлә ғалихи уа сахбихи уа сәллим. Біз қазір пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның айы шағбан айында тұрмыз, шағбан - оның айы, бұл ай ерекше ай, барлық айлар мүминдер үшін, ал бұл ай пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның құрметіне арналды, біз бұл айға қатты ризамыз, осы айда көптеген берекелі түндер бар, әсіресе шағбанның 15-түні ерекше болмақ, ол түнде келер жылы не болар белгіленіп, барша адам баласымен бүкіл дүниенің келер жылығы тағдыры жазылады, себебі біз осы дүниеде өмір сүріп жатырмыз, сондықтан ол біздің қалай болуымызға және барлығына әсер етеді, бұл ай міне осындай пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның берекелі айы.

Пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам бүкіл үмбет үшін, барша адамзат үшін, адамшылық үшін ашылған нұр, әрине ол Меккеде жүргенде қатты қиналды, ол өзі айтқандай «ешкім мен сияқты зиянкестікке ұшыраған жоқ» дер, кәпірлер оны әбден қинады, қолдарынан келетін сұмдықтың барлығын істеді, бірақ Алла Әззә уә-Жәллә оған ешкім жетіп көрмеген аса биік мақам берді, оны өте биік жерге апарды яғни көкке сапарлаған мираж түнін сыйлады, біз оның қайда екенін, қалай болғанын, онда не болғанын білмейміз, ол біздің ақылымыздан, ойлау шегімізден тыс нәрселер, ол тек пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға ғана арналған, ол жәннәт, жәханнәм, сират көпірі, махшар барлығына барды, Алла Жәллә Жәләлуху оған осылардың барлығын көрсетті, себебі Алла Жәллә Жәләлуху үшін әр нәрседе «уақыт» деген болмайды, Ол уақытты жаратушы, айтып өткеніміздей, бұлар біздің ойлау жүйемізден тыс нәрселер.

Мираждан кейінгі 2-3 жылдан соң, оған Меккені тастап, Мединаға кету әмірі келді, ол үшін туып, өскен жерін тастап кету оңай емес, әрине, көп адам үшін де солай, ол осылай Алла Әззә уә-Жәлләның әмірімен Сәидина Әбубәкір хазіретті ертіп, жолға шықты. Кейбіреулер «не үшін Алла Әззә уә-Жәллә оны Өзі бір секундтта Мединаға апара салмады?» деп сұрауы мүмкін, бірақ әр істің астарына мәлім хикіметтер бар, хикіметсіз ештеңе жоқ, себебі пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам бәлен милиярт-трилион жарық жылындағы алыс жерлерге бір секундтта бара алады, бірақ ол Мәдина қаласына бару үшін неге түйе мініп, жәяулатып, шаршап баруы керек? себебі оның астарында мәлім хикімет бар болып, ол сапары үмбетінің берекесі үшін еді, кейінгі үмбетінің «не үшін пайғамбарымыз қиналмайды? ал біз болсақ қиналып жүрміз» деп айтпасы үшін еді, біз сұхбатымыздың басында ешкім пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам сияқты қиналып, жапа тартып көрмегенін айтқан едік, ол көп азап көрді, жұрт оны таспен ұрып, үстіне боқ-сідік төкті, бірақ ол осылардың барлығына сабыр етті, оған қастық қылған адамдарды бір ғана періште лезде мүлдем жоқ қылып жібере алатұғын, бірақ ол осындай кешірмелері арқылы үмбетіне қалай сабырлы болуды, төзімді болуды үйретті және Алла Жәллә Жәләлухудың бергенін қабыл ете білу керектігін үйретті.

Мәдинаға бара жатқан осы сапарда көптеген істер туылды, әсіресе Ғар Сауыр үңгірінде ерекше уақиға болды, әлхамдулилла, біз сол үңгірге зиярат еттік, ол біз көріп жүрген кіріп-шығып, жүре беретін үңгірлер сияқты үлкен үңгір емес, ол өте тар, өте кішкене, жәй адам үшін онда бару сәл қиындау, бірақ пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам сонда болды, бұл үңгірде үмбет үшін тағы бір үлкен уақиға еді, ол не іс? олар үңгірде тұрғанда ол үңгірге 7007 нақышбанды шайық-машайықтарының әруақтары келіп, рухани күйде пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға бая берді, бұл да аса маңызды, сондықтан да нақышбанд және басқа 40 сопылық тәриқаттар барлығы нағыз шын тәриқаттар.

Алайда нақышбанд сопылық тәриқатының пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға жалғануы ең күшті, осы Мәдинаға жасаған хижра сапарында үңгірде болған кезде, жанындағы Сәидина Әбубәкір хазірет те қияметке дейін келетін 7007 нақышбанд әулие машайықтарынан бая алды, олардың саны 7007, сондықтан осы сопылық тәриқат қияметке дейін болуы керек, солай болады да, бұл іс сопылық тәриқаттың не екендігін және оның күшінің қайдан келетіндігін көрсетеді, тәриқаттың күшімен тәриқат, ислам және шәриғат барлығы бір болмақ, олар - бір бүтін дене, сіз оларды бір-бірінен бөле алмайсыз, сіздер көп жағдайда мұсылмандардың бөлініп жүргенін көресіздер, адамдар міне осылай бөлініп, жолдарынан жаңылған, адасып кеткен, бірақ әр жолы нақышбанд машайық әулиелері шығып, оларды қайта жинап, біріктіріп отырған, мәселен мұжадид әлф-Сани Ахмад әл-Сиринди (Имам Раббани) оларды түзеді, мүмкін сіздер әулие Юсуф Хамадани хазіретті (нақышбанд сопылық тәриқатының 9-әулиесі) көп естімеген шығарсыздар, ол өте ұлық әулие болған, ол әулие Қожа Ахмет Ясауи хазіреттің пір шайығы еді.

Сол кезде Орта Азияның барлық өңірі әхлул сүннә уәл-жамағаға қарсы шықты да, Сәидина Әбубәкір, Омар, Осман хазіретті жек көрді, сахабаларды қабыл етпеді, тұтас Орта Азия өңірі осындай сұмдыққа басты, ол кездегі билікті Мысрда «Фатими» деп атайтын, олар сахабаларға, халифа рашидиндерге қарсы болды, сол кездегі жағдай осылай болатұғын, бірақ кейін бұл жағдайды әулие Юсуф Хамадани хазіретпен оның шәкірті, тілмизі, мүриті әулие Қожа Ахмет Ясауи хазірет өзгертті, Қожа Ахмет Ясауи хазірет өте ұлық әулиелердің бірі еді, ол соғыссыз ештеңе істемей-ақ, адасып кеткен осыбір адамдарды милиондап исламның тура жолына қайта алып келді, олар османлыдан бұрын Анатолияға келіп, ол өңірлерді исламға дайындады, ал Османлы билікке келген соң, әхлул сүннә уәл-жамаға қайтадан халифаттық күшке оралып, әхлул сүннә уәл-жамағалар жер-жерді меңгеруіне ала бастады, егер манағы әулиелердің еңбегі болмаса, сан милион адам жолдан адасар еді, оны ойлауға қиял жетпес! егер осы машайықтар болмаса, еш әхлул сүннә уәл-жамағатын таба алмас едік.

Қазір адасқандар «олар мүшірік, анау я мынау» дер, ал мүшірік қалай бұндай іс қылсын! жоқ, олар әхлул сүннә уәл-жамағаға күш беріп, жер-жерді меңгеруге алғызды, адамдарды хидаятқа әкеліп, күпірді жеңді, Европаның ортасына дейін жорық жасап, елді зұлымдықтан құтқарды, Ресейдің қақ ортасына кіріп, ол араны биледі, осы жерлерге дейін ислам нұрын апарды, әхлул сүннә уәл-жамаға осыбір әулие машайық радия аллаху әнхун хазіреттердің арқасында шайтанмен шайтанның ерушілерінен хауіпсіз болды. Онан соң әулие Шайық Ахмад әл-Сирхинди (Имам Раббани) келді, оны «Мұжадид әлф-Сани» деп атар, ол да еш соғыссыз, қылышсыз, мылтықсыз, бомбысыз бүкіл үнді өңірін қайтадан әхлул сүннә уәл-жамаға жұртына айналдырды, шүкір-Алла, бізге сопылық тәриқатта олармен бір шежіре тізбегінде болу тәлейі бұйырды.

Әрине тәриқат көп, 40 сопылық тәриқат бар, олардың барлығы әхлул сүннә уәл-жамаға үшін қызмет қылды, әсіресе Африкада олар соғысқан жоқ, бірақ әулиелер ондағыларды тасауф яғни сопылықпен жинай білді, әхлут тасауф Африканың солтүстігінен оңтүстігіне келді, батыс Африкаға, Нигерияға дейін келді, барлығына жетті, кім құм шөлге келіп соғысып, осылай істей алады? ол мүмкін емес, бірақ Алла Жәллә Жәләлухудың берекесінде, олар (сұлтандар) Африкаға сопыларды, сопылық тәриқат жұртын жіберді, міне осылай олар «қара құрлыққа» нұр қойды, біреулер «олар - қаралар» дер, әлхамдулилла, сопылар оларға нұр әкелді, Африкалықтар көп қиыншылық көрді, өте үлкен жапа тартты, бірақ Алла Жәллә Жәләлуху оларды сауапқа бөлейді, оларға риза болады, оларға пайғамбар да риза. Бірде Білал әл-Хабаши хазірет бір сөз айтар, бірақ сол кезде тағы бір сахаба «о, қара кемпірдің баласы!» дер, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам бұған қатты ашуланар, бұл сахаба қателігін біліп, Білал хазіреттен кешірім сұрайды, ұялғанынан басын жерге қойып, «мені басыңыз» дейді, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның үйреткені осындай еді, оның үйреткендері тәриқатқа, исламға және мұсылманға арналған, адамдардың арасында еш ұқсамастық жоқ, артықшылығы исламмен болар.

Сопылық тәриқаттағылар кібірмен яғни тәкәппар менменшілдікпен бірге жүре алмайды, тәриқатта тәкәппарлық болмауы керек, демек сопылық тәриқат кішпейіл адамдарға арналған, сіз кішпейіл болған сайын сопылық тәриқаттағы дәрежеңіз өрлей береді, міне бұл пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның айтқаны еді, ол «مَن ْ تَو َ اضَعَ لله رَفَعَه» дейді яғни кім Алла Жәллә Жәләлуху үшін кішпейіл болса, Алла Жәллә Жәләлуху оның биікке көтеретін болады, әрине тәкәппар адамдарды менсінбей тәкәппарлануға болады, бірақ тәкәппар емес адамға тәкаппарлық қылсаңыз, бұл қабыл болмас, мүлдем қабыл емес, тек тәкәппарға солай етуге болар, біз көптеген тәкәппар адамдарды көреміз, тәкаппар адамның ойы дұрыс емес жан, себебі оның тәкәппар боларлық еш хақысы жоқ, бүкіл барлығын сізге Алла Жәллә Жәләлуху берді, сондықтан кішпейіл болыңыз, Алла Әззә уә-Жәлләға шүкіршіл болыңыз, өзгелерді өзіңізден төмен етпекке я төмен етіп көрсетпекке тырбынбаңыз, әйітпесе Алла Жәллә Жәләлуху сізді төменге түсіретін болады.

Ертедегі машайықтар ешқашан бір-біріне қарсы сөз айтпайтын, олар нағыз шайқылар еді, олар қазіргілер сияқты болмаған, қазір көптеген адамдар өздерін «ғұлама, шайық, машайық, ғалым, имам, қожамыз» деп жар салып, айғайлап жүр, бірақ олар манағы әдепті білмес, біз сопылық тәриқатта болмаған адамдардың өте тәкәппар, тым менменшіл болатындығын көп көріп жүрміз, олар өздерін мүмкін болған ең жоғары, ең атақты есімдермен атағысы келер, көне заман ғұламаларының сойы бөлекше еді.

Бірде мәлім адамдар мәлім ғұламадан бір мәселе жайында сұрар, ол оларға «бұл қабыл іс емес» деп жауап берер, онан соң олар ұқсас мәселені басқа бір ғұламадан сұрар, ал бұл ғұлама «иә, бұл қабыл іс» дер, міне осылай бір мәселе талқыланып жатты, ал манағы адамдар болса екі ғұламаның жауаптары ұқсас болмағаны үшін, олардың бір-бірімен қарсы сөз айтысып, керкілдесуін қалап тұрған еді, олар бірінші ғұламаға келіп, «қараңыз, сіз бұны "қабыл іс емес" деп едіңіз, бірақ әнеу шайық оны "қабыл етілген іс" деп жатыр» дейді, бұл ғұлама оларға «ол шайық мұхит сияқты жан ғой, кішкене кір ол үшін ештеңе емес, оны тазартып жібереді» деп жауап береді, онан соң манағы адамдар екінші шайыққа келіп, «қараңыз, ол "ештеңе емес, бұл қабыл емес" деп айтты» дер, шайық оларға «иә, ол кісі ақ қағаздай әппақ жан ғой, оған титтей нүкте түсе қалса, дереу көріне кетеді» деп жауап береді, олар бұнда «ол түк білмейді, ол қате» деп қазіргілер сияқты байбалам салған жоқ, жоқ, олар өраза бір-біріне жол беріп, ақтасатын іс қылды, міне бұлар ежелгінің ғұламалары еді, ол кезде олардың барлығында дерліктей мүршит пір бар болатұғын, сопылық тәриқатпен жүретұғын, өте әдепті еді, бұл іс өте маңызды. Алла Жәллә Жәләлуху бізге жәрдем еткей, біз қазір барлығы төңкеріліп, бас аяққа түсіп, аяқ басқа шығып қалған заманда өмір сүріп жатырмыз, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам бұл заманда бас аяқ болатынын айтқан еді, сол кезде бір сахаба «бұл қалай болғаны?» деп сұрар, бұнда «аяқ» дегені ештеңе түсінбейтін адамдарды меңзер әрі олар осы заманда бізге басшы болып, адамдарды билейтін болады.

Олар бүкіл ел-жұртты билер, бірақ аяқ не түсінер! түсіну басқа арналған, түсіну, көру, есту бас үшін болуы керек, ал аяқ бұларды білмес ... қазір біз осындай аяқ басқа шыққан заманда өмір сүріп жатырмыз, барлығы төңкеріліп қалған, Алла Жәллә Жәләлуху бізге жәрдем бергей, иншалла, сонымен бірге біз өте бағалы уақытта, ақырзаманда өмір сүріп жатқанығымызды ұдайы айтудамыз, ең үлкен пайда осы заманда жатыр, себебі бұл өте қиын заман болғандықтан, егер сіз Алла Әззә уә-Жәлләның әміріне еріп, оны істесеңіз, Алла Жәллә Жәләлуху сізге сауапты есепсіз түрде мол етіп беретін болады, сіз қиналудасыз, оңай емес, сол үшін сіздерге аса зор сауаптар бар, Алла Жәллә Жәләлуху мұсылмандарға жәрдем бергей.

Әркүні жолдан шыққан адамдарды естіп жүрміз, көріп жүрміз, сіз ондай жерлерге баспаңыз, «жарайды, бір рет келсең болды, қуанып қаласың, ал қуансаң, тағы келіп тұр» дейтін жаман досқа ермеңіз, олар жүрген жерге аяғыңызды бір бассаңыз, ондағы қақпанға түсесіз де, қайтадан құтыла алмайтын боласыз, бұл нәсихат осында я алыста естіп тұрға барша жұрт үшін айтылған, қыңыр адам, бұзық кісі, жаман достармен бірге болмаңыз, олар пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам айтып өткендей теміршінің дүкеніне ұқсайды, сіз оған күймесеңіз де, үстіңізде жағымсыз иіс мүңкіп тұратын болады, қуана алмайсыз, сондықтан ондай адамдарға мүлдем жоламаңыз.

Иншалла, айтып өткеніміздей, біз ақырзаманда өмір сүріп жатырмыз, иншалла, оның соңында Сәидина Мәхди әлейхис-саламның келуіне жол ашылатын болады, иншалла, біздің күтіп отырғанымыз осы, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам садиқул-әмин, ең сенімді, ең шыншыл жан, оның айтқан істері болуда, ал қазір туылуға тиісті аз ғана істер қалды, сонан соң дүние бүкіл жамандықтан, ластықтан, бұзық адамдардан құтқарылып, жер жүзі тазаланатын болады, иншалла, Алла Жәллә Жәләлуху оны тезден жібергей, Мәуләнә Шайық Назым хазірет әрбір дұғада Мәхди әлейхис-саламның келуін тілеуді кеңес еткен еді, Алла Жәллә Жәләлухудың Мәхди әлейхис-саламды тезден жіберуін үміт етеміз, иншалла.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami


سۇحبات: قوجا احمەت ياساۋي بارشا مۇسىلمان جۇرتىن اداسۋدان قۇتقارعان اۋليە (2024.02.17 / حيجرا 1445-جىل 07-شاعبان)
يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا. (انگليادا ايتىلعان سۇحبات)

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

اللاح حۋمما ءساللي ءالا ءسايدينا مۇحامماد ۋا ءعالا عاليحي ۋا ساحبيحي ۋا ءسالليم. ءبىز ءقازىر پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ايى شاعبان ايىندا تۇرمىز، شاعبان - ونىڭ ايى، بۇل اي ەرەكشە اي، بارلىق ايلار مۇميندەر ءۇشىن، ال بۇل اي پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ قۇرمەتىنە ارنالدى، ءبىز بۇل ايعا قاتتى ريزامىز، وسى ايدا كوپتەگەن بەرەكەلى تۇندەر بار، اسىرەسە شاعباننىڭ 15-ءتۇنى ەرەكشە بولماق، ول تۇندە كەلەر جىلى نە بولار بەلگىلەنىپ، بارشا ادام بالاسىمەن بۇكىل دۇنيەنىڭ كەلەر جىلىعى تاعدىرى جازىلادى، سەبەبى ءبىز وسى دۇنيەدە ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز، سوندىقتان ول ءبىزدىڭ قالاي بولۋىمىزعا جانە بارلىعىنا اسەر ەتەدى، بۇل اي مىنە وسىنداي پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ بەرەكەلى ايى.

پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام بۇكىل ۇمبەت ءۇشىن، بارشا ادامزات ءۇشىن، ادامشىلىق ءۇشىن اشىلعان نۇر، ارينە ول مەككەدە جۇرگەندە قاتتى قينالدى، ول ءوزى ايتقانداي «ەشكىم مەن سياقتى زيانكەستىككە ۇشىراعان جوق» دەر، كاپىرلەر ونى ابدەن قينادى، قولدارىنان كەلەتىن سۇمدىقتىڭ بارلىعىن ىستەدى، ءبىراق اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا وعان ەشكىم جەتىپ كورمەگەن اسا بيىك ماقام بەردى، ونى وتە بيىك جەرگە اپاردى ياعني كوككە ساپارلاعان ميراج ءتۇنىن سىيلادى، ءبىز ونىڭ قايدا ەكەنىن، قالاي بولعانىن، وندا نە بولعانىن بىلمەيمىز، ول ءبىزدىڭ اقىلىمىزدان، ويلاۋ شەگىمىزدەن تىس نارسەلەر، ول تەك پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا عانا ارنالعان، ول ءجاننات، ءجاحاننام، سيرات كوپىرى، ماحشار بارلىعىنا باردى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ وعان وسىلاردىڭ بارلىعىن كورسەتتى، سەبەبى اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءۇشىن ءار نارسەدە «ۋاقىت» دەگەن بولمايدى، ول ۋاقىتتى جاراتۋشى، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، بۇلار ءبىزدىڭ ويلاۋ جۇيەمىزدەن تىس نارسەلەر.

ميراجدان كەيىنگى 2-3 جىلدان سوڭ، وعان مەككەنى تاستاپ، مەديناعا كەتۋ ءامىرى كەلدى، ول ءۇشىن تۋىپ، وسكەن جەرىن تاستاپ كەتۋ وڭاي ەمەس، ارينە، كوپ ادام ءۇشىن دە سولاي، ول وسىلاي اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ امىرىمەن ءسايدينا ابۋباكىر حازىرەتتى ەرتىپ، جولعا شىقتى. كەيبىرەۋلەر «نە ءۇشىن اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ونى ءوزى ءبىر سەكۋندتتا مەديناعا اپارا سالمادى؟» دەپ سۇراۋى مۇمكىن، ءبىراق ءار ءىستىڭ استارىنا ءمالىم حيكىمەتتەر بار، حيكىمەتسىز ەشتەڭە جوق، سەبەبى پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام بالەن ميليارت-تريليون جارىق جىلىنداعى الىس جەرلەرگە ءبىر سەكۋندتتا بارا الادى، ءبىراق ول ءمادينا قالاسىنا بارۋ ءۇشىن نەگە تۇيە ءمىنىپ، ءجاياۋلاتىپ، شارشاپ بارۋى كەرەك؟ سەبەبى ونىڭ استارىندا ءمالىم حيكىمەت بار بولىپ، ول ساپارى ۇمبەتىنىڭ بەرەكەسى ءۇشىن ەدى، كەيىنگى ۇمبەتىنىڭ «نە ءۇشىن پايعامبارىمىز قينالمايدى؟ ال ءبىز بولساق قينالىپ ءجۇرمىز» دەپ ايتپاسى ءۇشىن ەدى، ءبىز سۇحباتىمىزدىڭ باسىندا ەشكىم پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام سياقتى قينالىپ، جاپا تارتىپ كورمەگەنىن ايتقان ەدىك، ول كوپ ازاپ كوردى، جۇرت ونى تاسپەن ۇرىپ، ۇستىنە بوق-سىدىك توكتى، ءبىراق ول وسىلاردىڭ بارلىعىنا سابىر ەتتى، وعان قاستىق قىلعان ادامداردى ءبىر عانا پەرىشتە لەزدە مۇلدەم جوق قىلىپ جىبەرە الاتۇعىن، ءبىراق ول وسىنداي كەشىرمەلەرى ارقىلى ۇمبەتىنە قالاي سابىرلى بولۋدى، ءتوزىمدى بولۋدى ۇيرەتتى جانە اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ بەرگەنىن قابىل ەتە ءبىلۋ كەرەكتىگىن ۇيرەتتى.

ءماديناعا بارا جاتقان وسى ساپاردا كوپتەگەن ىستەر تۋىلدى، اسىرەسە عار ساۋىر ۇڭگىرىندە ەرەكشە ۋاقيعا بولدى، ءالحامدۋليللا، ءبىز سول ۇڭگىرگە زيارات ەتتىك، ول ءبىز كورىپ جۇرگەن كىرىپ-شىعىپ، جۇرە بەرەتىن ۇڭگىرلەر سياقتى ۇلكەن ۇڭگىر ەمەس، ول وتە تار، وتە كىشكەنە، ءجاي ادام ءۇشىن وندا بارۋ ءسال قيىنداۋ، ءبىراق پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام سوندا بولدى، بۇل ۇڭگىردە ۇمبەت ءۇشىن تاعى ءبىر ۇلكەن ۋاقيعا ەدى، ول نە ءىس؟ ولار ۇڭگىردە تۇرعاندا ول ۇڭگىرگە 7007 ناقىشباندى شايىق-ماشايىقتارىنىڭ ءارۋاقتارى كەلىپ، رۋحاني كۇيدە پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا بايا بەردى، بۇل دا اسا ماڭىزدى، سوندىقتان دا ناقىشباند جانە باسقا 40 سوپىلىق ءتاريقاتتار بارلىعى ناعىز شىن ءتاريقاتتار.

الايدا ناقىشباند سوپىلىق ءتاريقاتىنىڭ پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا جالعانۋى ەڭ كۇشتى، وسى ءماديناعا جاساعان حيجرا ساپارىندا ۇڭگىردە بولعان كەزدە، جانىنداعى ءسايدينا ابۋباكىر حازىرەت تە قيامەتكە دەيىن كەلەتىن 7007 ناقىشباند اۋليە ماشايىقتارىنان بايا الدى، ولاردىڭ سانى 7007، سوندىقتان وسى سوپىلىق ءتاريقات قيامەتكە دەيىن بولۋى كەرەك، سولاي بولادى دا، بۇل ءىس سوپىلىق ءتاريقاتتىڭ نە ەكەندىگىن جانە ونىڭ كۇشىنىڭ قايدان كەلەتىندىگىن كورسەتەدى، ءتاريقاتتىڭ كۇشىمەن ءتاريقات، يسلام جانە ءشاريعات بارلىعى ءبىر بولماق، ولار - ءبىر ءبۇتىن دەنە، ءسىز ولاردى ءبىر-بىرىنەن بولە المايسىز، سىزدەر كوپ جاعدايدا مۇسىلمانداردىڭ ءبولىنىپ جۇرگەنىن كورەسىزدەر، ادامدار مىنە وسىلاي ءبولىنىپ، جولدارىنان جاڭىلعان، اداسىپ كەتكەن، ءبىراق ءار جولى ناقىشباند ماشايىق اۋليەلەرى شىعىپ، ولاردى قايتا جيناپ، بىرىكتىرىپ وتىرعان، ماسەلەن مۇجاديد ءالف-ساني احماد ءال-سيريندي (يمام رابباني) ولاردى تۇزەدى، مۇمكىن سىزدەر اۋليە يۋسۋف حاماداني حازىرەتتى (ناقىشباند سوپىلىق ءتاريقاتىنىڭ 9-اۋليەسى) كوپ ەستىمەگەن شىعارسىزدار، ول وتە ۇلىق اۋليە بولعان، ول اۋليە قوجا احمەت ياساۋي حازىرەتتىڭ ءپىر شايىعى ەدى.

سول كەزدە ورتا ازيانىڭ بارلىق ءوڭىرى ءاحلۋل ءسۇننا ءۋال-جاماعاعا قارسى شىقتى دا، ءسايدينا ابۋباكىر، ومار، وسمان حازىرەتتى جەك كوردى، ساحابالاردى قابىل ەتپەدى، تۇتاس ورتا ازيا ءوڭىرى وسىنداي سۇمدىققا باستى، ول كەزدەگى بيلىكتى مىسردا «فاتيمي» دەپ اتايتىن، ولار ساحابالارعا، حاليفا راشيديندەرگە قارسى بولدى، سول كەزدەگى جاعداي وسىلاي بولاتۇعىن، ءبىراق كەيىن بۇل جاعدايدى اۋليە يۋسۋف حاماداني حازىرەتپەن ونىڭ شاكىرتى، ءتىلميزى، ءمۇريتى اۋليە قوجا احمەت ياساۋي حازىرەت وزگەرتتى، قوجا احمەت ياساۋي حازىرەت وتە ۇلىق اۋليەلەردىڭ ءبىرى ەدى، ول سوعىسسىز ەشتەڭە ىستەمەي-اق، اداسىپ كەتكەن ءوسىبىر ادامداردى ميليونداپ يسلامنىڭ تۋرا جولىنا قايتا الىپ كەلدى، ولار وسمانلىدان بۇرىن اناتولياعا كەلىپ، ول وڭىرلەردى يسلامعا دايىندادى، ال وسمانلى بيلىككە كەلگەن سوڭ، ءاحلۋل ءسۇننا ءۋال-جاماعا قايتادان حاليفاتتىق كۇشكە ورالىپ، ءاحلۋل ءسۇننا ءۋال-جاماعالار جەر-جەردى مەڭگەرۋىنە الا باستادى، ەگەر ماناعى اۋليەلەردىڭ ەڭبەگى بولماسا، سان ميليون ادام جولدان اداسار ەدى، ونى ويلاۋعا قيال جەتپەس! ەگەر وسى ماشايىقتار بولماسا، ەش ءاحلۋل ءسۇننا ءۋال-جاماعاتىن تابا الماس ەدىك.

ءقازىر اداسقاندار «ولار مۇشىرىك، اناۋ يا مىناۋ» دەر، ال مۇشىرىك قالاي بۇنداي ءىس قىلسىن! جوق، ولار ءاحلۋل ءسۇننا ءۋال-جاماعاعا كۇش بەرىپ، جەر-جەردى مەڭگەرۋگە العىزدى، ادامداردى حيداياتقا اكەلىپ، كۇپىردى جەڭدى، ەۆروپانىڭ ورتاسىنا دەيىن جورىق جاساپ، ەلدى زۇلىمدىقتان قۇتقاردى، رەسەيدىڭ قاق ورتاسىنا كىرىپ، ول ارانى بيلەدى، وسى جەرلەرگە دەيىن يسلام نۇرىن اپاردى، ءاحلۋل ءسۇننا ءۋال-جاماعا ءوسىبىر اۋليە ماشايىق راديا اللاحۋ ءانحۋن حازىرەتتەردىڭ ارقاسىندا شايتانمەن شايتاننىڭ ەرۋشىلەرىنەن ءحاۋىپسىز بولدى. ونان سوڭ اۋليە شايىق احماد ءال-سيرحيندي (يمام رابباني) كەلدى، ونى «مۇجاديد ءالف-ساني» دەپ اتار، ول دا ەش سوعىسسىز، قىلىشسىز، مىلتىقسىز، بومبىسىز بۇكىل ءۇندى ءوڭىرىن قايتادان ءاحلۋل ءسۇننا ءۋال-جاماعا جۇرتىنا اينالدىردى، شۇكىر-اللا، بىزگە سوپىلىق ءتاريقاتتا ولارمەن ءبىر شەجىرە تىزبەگىندە بولۋ تالەيى بۇيىردى.

ارينە ءتاريقات كوپ، 40 سوپىلىق ءتاريقات بار، ولاردىڭ بارلىعى ءاحلۋل ءسۇننا ءۋال-جاماعا ءۇشىن قىزمەت قىلدى، اسىرەسە افريكادا ولار سوعىسقان جوق، ءبىراق اۋليەلەر ونداعىلاردى تاساۋف ياعني سوپىلىقپەن جيناي ءبىلدى، ءاحلۋت تاساۋف افريكانىڭ سولتۇستىگىنەن وڭتۇستىگىنە كەلدى، باتىس افريكاعا، نيگەرياعا دەيىن كەلدى، بارلىعىنا جەتتى، كىم قۇم شولگە كەلىپ سوعىسىپ، وسىلاي ىستەي الادى؟ ول مۇمكىن ەمەس، ءبىراق اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ بەرەكەسىندە، ولار (سۇلتاندار) افريكاعا سوپىلاردى، سوپىلىق ءتاريقات جۇرتىن جىبەردى، مىنە وسىلاي ولار «قارا قۇرلىققا» نۇر قويدى، بىرەۋلەر «ولار - قارالار» دەر، ءالحامدۋليللا، سوپىلار ولارعا نۇر اكەلدى، افريكالىقتار كوپ قيىنشىلىق كوردى، وتە ۇلكەن جاپا تارتتى، ءبىراق اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ولاردى ساۋاپقا بولەيدى، ولارعا ريزا بولادى، ولارعا پايعامبار دا ريزا. بىردە ءبىلال ءال-حاباشي حازىرەت ءبىر ءسوز ايتار، ءبىراق سول كەزدە تاعى ءبىر ساحابا «و، قارا كەمپىردىڭ بالاسى!» دەر، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام بۇعان قاتتى اشۋلانار، بۇل ساحابا قاتەلىگىن ءبىلىپ، ءبىلال حازىرەتتەن كەشىرىم سۇرايدى، ۇيالعانىنان باسىن جەرگە قويىپ، «مەنى باسىڭىز» دەيدى، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ۇيرەتكەنى وسىنداي ەدى، ونىڭ ۇيرەتكەندەرى ءتاريقاتقا، يسلامعا جانە مۇسىلمانعا ارنالعان، ادامداردىڭ اراسىندا ەش ۇقساماستىق جوق، ارتىقشىلىعى يسلاممەن بولار.

سوپىلىق ءتاريقاتتاعىلار كىبىرمەن ياعني تاكاپپار مەنمەنشىلدىكپەن بىرگە جۇرە المايدى، ءتاريقاتتا تاكاپپارلىق بولماۋى كەرەك، دەمەك سوپىلىق ءتاريقات كىشپەيىل ادامدارعا ارنالعان، ءسىز كىشپەيىل بولعان سايىن سوپىلىق ءتاريقاتتاعى دارەجەڭىز ورلەي بەرەدى، مىنە بۇل پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ايتقانى ەدى، ول «مَن ْ تَو َ اضَعَ لله رَفَعَه» دەيدى ياعني كىم اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءۇشىن كىشپەيىل بولسا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ونىڭ بيىككە كوتەرەتىن بولادى، ارينە تاكاپپار ادامداردى مەنسىنبەي تاكاپپارلانۋعا بولادى، ءبىراق تاكاپپار ەمەس ادامعا تاكاپپارلىق قىلساڭىز، بۇل قابىل بولماس، مۇلدەم قابىل ەمەس، تەك تاكاپپارعا سولاي ەتۋگە بولار، ءبىز كوپتەگەن تاكاپپار ادامداردى كورەمىز، تاكاپپار ادامنىڭ ويى دۇرىس ەمەس جان، سەبەبى ونىڭ تاكاپپار بولارلىق ەش حاقىسى جوق، بۇكىل بارلىعىن سىزگە اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بەردى، سوندىقتان كىشپەيىل بولىڭىز، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا شۇكىرشىل بولىڭىز، وزگەلەردى وزىڭىزدەن تومەن ەتپەككە يا تومەن ەتىپ كورسەتپەككە تىربىنباڭىز، ايىتپەسە اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءسىزدى تومەنگە تۇسىرەتىن بولادى.

ەرتەدەگى ماشايىقتار ەشقاشان ءبىر-بىرىنە قارسى ءسوز ايتپايتىن، ولار ناعىز شايقىلار ەدى، ولار قازىرگىلەر سياقتى بولماعان، ءقازىر كوپتەگەن ادامدار وزدەرىن «عۇلاما، شايىق، ماشايىق، عالىم، يمام، قوجامىز» دەپ جار سالىپ، ايعايلاپ ءجۇر، ءبىراق ولار ماناعى ادەپتى بىلمەس، ءبىز سوپىلىق ءتاريقاتتا بولماعان ادامداردىڭ وتە تاكاپپار، تىم مەنمەنشىل بولاتىندىعىن كوپ كورىپ ءجۇرمىز، ولار وزدەرىن مۇمكىن بولعان ەڭ جوعارى، ەڭ اتاقتى ەسىمدەرمەن اتاعىسى كەلەر، كونە زامان عۇلامالارىنىڭ سويى بولەكشە ەدى.

بىردە ءمالىم ادامدار ءمالىم عۇلامادان ءبىر ماسەلە جايىندا سۇرار، ول ولارعا «بۇل قابىل ءىس ەمەس» دەپ جاۋاپ بەرەر، ونان سوڭ ولار ۇقساس ماسەلەنى باسقا ءبىر عۇلامادان سۇرار، ال بۇل عۇلاما «ءيا، بۇل قابىل ءىس» دەر، مىنە وسىلاي ءبىر ماسەلە تالقىلانىپ جاتتى، ال ماناعى ادامدار بولسا ەكى عۇلامانىڭ جاۋاپتارى ۇقساس بولماعانى ءۇشىن، ولاردىڭ ءبىر-بىرىمەن قارسى ءسوز ايتىسىپ، كەركىلدەسۋىن قالاپ تۇرعان ەدى، ولار ءبىرىنشى عۇلاماعا كەلىپ، «قاراڭىز، ءسىز بۇنى "قابىل ءىس ەمەس" دەپ ەدىڭىز، ءبىراق انەۋ شايىق ونى "قابىل ەتىلگەن ءىس" دەپ جاتىر» دەيدى، بۇل عۇلاما ولارعا «ول شايىق مۇحيت سياقتى جان عوي، كىشكەنە كىر ول ءۇشىن ەشتەڭە ەمەس، ونى تازارتىپ جىبەرەدى» دەپ جاۋاپ بەرەدى، ونان سوڭ ماناعى ادامدار ەكىنشى شايىققا كەلىپ، «قاراڭىز، ول "ەشتەڭە ەمەس، بۇل قابىل ەمەس" دەپ ايتتى» دەر، شايىق ولارعا «ءيا، ول كىسى اق قاعازداي ءاپپاق جان عوي، وعان تيتتەي نۇكتە تۇسە قالسا، دەرەۋ كورىنە كەتەدى» دەپ جاۋاپ بەرەدى، ولار بۇندا «ول تۇك بىلمەيدى، ول قاتە» دەپ قازىرگىلەر سياقتى بايبالام سالعان جوق، جوق، ولار ءورازا ءبىر-بىرىنە جول بەرىپ، اقتاساتىن ءىس قىلدى، مىنە بۇلار ەجەلگىنىڭ عۇلامالارى ەدى، ول كەزدە ولاردىڭ بارلىعىندا دەرلىكتەي ءمۇرشيت ءپىر بار بولاتۇعىن، سوپىلىق تاريقاتپەن جۇرەتۇعىن، وتە ادەپتى ەدى، بۇل ءىس وتە ماڭىزدى. اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بىزگە جاردەم ەتكەي، ءبىز ءقازىر بارلىعى توڭكەرىلىپ، باس اياققا ءتۇسىپ، اياق باسقا شىعىپ قالعان زاماندا ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام بۇل زاماندا باس اياق بولاتىنىن ايتقان ەدى، سول كەزدە ءبىر ساحابا «بۇل قالاي بولعانى؟» دەپ سۇرار، بۇندا «اياق» دەگەنى ەشتەڭە تۇسىنبەيتىن ادامداردى مەڭزەر ءارى ولار وسى زاماندا بىزگە باسشى بولىپ، ادامداردى بيلەيتىن بولادى.

ولار بۇكىل ەل-جۇرتتى بيلەر، ءبىراق اياق نە تۇسىنەر! ءتۇسىنۋ باسقا ارنالعان، ءتۇسىنۋ، كورۋ، ەستۋ باس ءۇشىن بولۋى كەرەك، ال اياق بۇلاردى بىلمەس ... ءقازىر ءبىز وسىنداي اياق باسقا شىققان زاماندا ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز، بارلىعى توڭكەرىلىپ قالعان، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بىزگە جاردەم بەرگەي، ينشاللا، سونىمەن بىرگە ءبىز وتە باعالى ۋاقىتتا، اقىرزاماندا ءومىر ءسۇرىپ جاتقانىعىمىزدى ۇدايى ايتۋدامىز، ەڭ ۇلكەن پايدا وسى زاماندا جاتىر، سەبەبى بۇل وتە قيىن زامان بولعاندىقتان، ەگەر ءسىز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ امىرىنە ەرىپ، ونى ىستەسەڭىز، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ سىزگە ساۋاپتى ەسەپسىز تۇردە مول ەتىپ بەرەتىن بولادى، ءسىز قينالۋداسىز، وڭاي ەمەس، سول ءۇشىن سىزدەرگە اسا زور ساۋاپتار بار، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ مۇسىلماندارعا جاردەم بەرگەي.

اركۇنى جولدان شىققان ادامداردى ەستىپ ءجۇرمىز، كورىپ ءجۇرمىز، ءسىز ونداي جەرلەرگە باسپاڭىز، «جارايدى، ءبىر رەت كەلسەڭ بولدى، قۋانىپ قالاسىڭ، ال قۋانساڭ، تاعى كەلىپ تۇر» دەيتىن جامان دوسقا ەرمەڭىز، ولار جۇرگەن جەرگە اياعىڭىزدى ءبىر باسساڭىز، ونداعى قاقپانعا تۇسەسىز دە، قايتادان قۇتىلا المايتىن بولاسىز، بۇل ءناسيحات وسىندا يا الىستا ەستىپ تۇرعا بارشا جۇرت ءۇشىن ايتىلعان، قىڭىر ادام، بۇزىق كىسى، جامان دوستارمەن بىرگە بولماڭىز، ولار پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ايتىپ وتكەندەي تەمىرشىنىڭ دۇكەنىنە ۇقسايدى، ءسىز وعان كۇيمەسەڭىز دە، ۇستىڭىزدە جاعىمسىز ءيىس مۇڭكىپ تۇراتىن بولادى، قۋانا المايسىز، سوندىقتان ونداي ادامدارعا مۇلدەم جولاماڭىز.

ينشاللا، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ءبىز اقىرزاماندا ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز، ينشاللا، ونىڭ سوڭىندا ءسايدينا ءماحدي الەيحيس-سالامنىڭ كەلۋىنە جول اشىلاتىن بولادى، ينشاللا، ءبىزدىڭ كۇتىپ وتىرعانىمىز وسى، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ساديقۋل-ءامين، ەڭ سەنىمدى، ەڭ شىنشىل جان، ونىڭ ايتقان ىستەرى بولۋدا، ال ءقازىر تۋىلۋعا ءتيىستى از عانا ىستەر قالدى، سونان سوڭ دۇنيە بۇكىل جاماندىقتان، لاستىقتان، بۇزىق ادامداردان قۇتقارىلىپ، جەر ءجۇزى تازالاناتىن بولادى، ينشاللا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ونى تەزدەن جىبەرگەي، ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت ءاربىر دۇعادا ءماحدي الەيحيس-سالامنىڭ كەلۋىن تىلەۋدى كەڭەس ەتكەن ەدى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ ءماحدي الەيحيس-سالامدى تەزدەن جىبەرۋىن ءۇمىت ەتەمىز، ينشاللا.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7437