You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: нағыз пір шайықты қалай білеміз? (2023.05.21, 01 Зұл-Қада 1444)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=6818
Сұхбат: нағыз пір шайықты қалай білеміз? (2023.05.21, 01 Зұл-Қада 1444)
Канада, Исламбол (Стамбул), Түркия

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Алла Жәллә Жәләлуху сіздерді, барша мүминдермен мұсылмандарды және осындай алыс мемлекеттерде өмір сүріп жатқан жұртты берекесіне бөлегей, міне бұлар Алла Жәллә Жәләлухудың қалауы, ешкім өз ата-мекен, ел-жұртынан алыс мемлекеттерге кетуді ұнатпайды, алайда мәлім себептер болады да, олар туған елдерінен алыстап, осыбір шалғай жерлерге келеді, қазір олар осы елдерде тұрады, Алла Жәллә Жәләлуху олардың ирадасын берік етіп, бұнда еріп жоқ боп кететіндерден етпегей, себебі бұл арада иманды сақтау оңай емес, әлхамдулилла, бірақ бұл мемлекетте ешкім сізге «дініңді өзгерт» деп күш көрсетпейді, «ислам әмір етпеген істерді істе» деп зорлық қылмайды, алайда сіздегі нәпсі, хауа, шайтан және дүние осыбір жақсы нәрселерді тастап, олардың тозақы жолына ілесуге әмір етеді.

Сондықтан, бұндағы маңызды нәрсе жақсы адамдармен бірге болу-дүр, жақсы адамдар барлық елге жақсылықты қалайды, себебі олар ақылды адамдар, әр елге жақсылық қалаған адам - ақылды адам, ал өзгелерге жақсылық келсе, барша елге де, сізге де жақсылық келетін болады, алайда сіздің ішіңізде дұшпандық болып, «тек маған ғана болсын» десеңіз, онда сіз тым өзімшіл адам боласыз, бұнда сіз тек өзіңіз үшін ғана жақсылық-қайыр тілеп отырсыз. Бұндай іске ең жақсы мысал құмар ойыны болмақ, мәселен, құмарда пайда тек бір адамға ғана келеді, бірақ барлығына келе бермейді, неше мыңдаған адам құмар ойнайды, бірақ ондағы пайда тек бір адамға ғана келеді, демек, мың адамның ішіндегі бір адам ғана пайда таппақ, ал сіз бұл адам бола алмайсыз, мүмкін, кейде ол кезек сізге де келіп қалар, бірақ сіз әр жолы дерліктей ұтылыушы кейіпкер боласыз, егер ұту кезегі барлық адамға бірдей келсе, ол кезек міндетті түрде сізге де келер еді.

Сондықтан, барша елге игілкпен жақсылық тілеу ақылды адамдардың жолы, ақылды адамдар - әулиелер, олар пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның және Алла Әззә уә-Жәлләның махаббат ғашықтық жолындағы жандар, міне осылар ақылдылармен зеректер, олар жақсы ақылдылық танытып, нағыз жолға, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның жолына ерді, олар (сопылық) тәриқат арқылы пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламнан бастап қазірге дейін келе жатыр, барлық тариқаттағылар жақсы, алайда, сіз олардың нені сұрап тұрғандығын білуіңіз керек, себебі әр жерде «біз тәриқатпыз, біз нағыз нұсқасымыз» деп айғайлап жүрген көптеген жалғаншылар бар, оларға бажайлап сәп салып, зерделеп қарап көрсеңіз, кейбіреулері жақсылықты тек өзіне ғана қалайды, ал өзгелердің не болып жатқанымен ісі жоқ, олар бұған көңіл бөлмес.

Біз бұны осында айтып отырмыз, бірақ ол арнайы осы жерге арналған жоқ, бұл жер бей-мұсылман немесе кәпірлер мемлекеті, алайда, мұсылман елдерінде де ұқсас, жақсы адамдар дегеніміз бүкіл жұртқа жақсылық қалайтын адам, олар өз адамдарын, ел-жұртын, мемлекетін және әркімді бақытты етуге тырысатын адам, қазір біз ислам елдерінен көптеген мысалдарды көріп жүрміз, мәселен, ол елден біреу шығып, өз жеке пайда, қызық, лас өмірін қанағаттандыру үшін, кесірлі мінезі үшін милиондаған адамдарды өлімге, отқа айдайды, жұртты әрқандай жаман іске тастап кете бетеді, демек, ол жұртқа еш көңіл бөлмес, ол «мен мәңгі өмір сүремін» деп ойлап қалған, бірақ ол аз жылдар бойы ғана өмір сүреді, ол тіпті енді қанша жыл өмір сүретінін де білмейді. Олардың қолында бары (байлығы) неше мыңдаған жылға жетеді, бірақ сонда да олар оған қанағаттанбай, тағы да көп нәрселерді сұрар, міне бұлар жақсы адамдар емес, олар сияқты болмау керек, Алла Жәллә Жәләлуху сізге нені мәңгілік еткенін есіңізге алыңыз, тек көз алдағы аз ғана жылдың пайдасына көз теспеңіз, оған көңіл бермеңіз, егер бұлай етсеңіз, тозақта милиондаған жыл азап шегесіз, себебі әрбір зұлымдық еткен адамыңыз үшін, Алла Жәллә Жәләлуху сізді неше мыңдаған жылдар бойы жазалайды.

Сондықтан, біз жақсы адамдармен бірге болып, жақсы адамдарға еруіміз керек, сіз тәриқаттағы нағыз шайыққа еруіңіз керек, бізде 40 тәриқат бар, солардың нағыз шайқы барына ілесуіңіз керек, «шын пір, нағыз шайққа ер» деп жатырмыз, ал олардың шын шайқы я шын шайқы емес екендігін қалай білеміз? егер ол жақсы адамдармен бірге болса, ол шын шайық әрі жақсы шайық, ал егер ол «шайық» тек өзін ғана ойлайтын кісі болса, ол өзімшіл адам, шын шайық емес, Алла Жәллә Жәләлуху бізді ондай адамдардан аулақ еткей.

Алла Жәллә Жәләлуху бізді өз нәпсілерімізден де құтқарғай, біз көптеген кішпейіл, жақсы адамдарды көріп жүрміз, бірақ Алла Жәллә Жәләлуху оларға бірдеңе бере қалса, олар керісіне басып кетеді де, ақыл-естерін жоғалтып, бұрынғы кішпейіл, жақсы кездегі хәліне қарамайды, оны ұмытып кетеді, іс насырға шауып, олар зұлымдарға айналады, бұл хақында Мәуләнә Шайық Назым хазірет көп айтып кеткен, мәселен, сіз «әнеу адам Ферғауын сияқты, ол өте жаман адам» десеңіз, Мәуләнә «сенің нәпсің одан да жаман, Ферғауыннан да бұзық, себебі, егер Ферғауында бар нәрселер (дүние, күш) сенде болса, сен де Ферғуын сияқты істерді істейтін едің» деп айтатын, сондықтан, сақ болыңыз, өзіңізге, нәпсіңізге «ох, мен үлкен ғұламамын, мен әулиемін, мен анаумын, мен мынаумын» деуші болмаңыз, егер сіз биік орында болсаңыз, бұл қылық сізді сол биіктен құлатып, талқан ететін болады, барлығы сынып, шашылып қалмақ, одан соң сіз орныңыздан мәңгі тұра алмай қаласыз, Алла Жәллә Жәләлуху бізді бұндай жаман қасиет, сұм мінезден сақтағай.

Алла Жәллә Жәләлуху бізге және сіздерге жәрдем беріп, баршамызды бір еткей, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның жолында еткей, бақыт-қуаныштың, сұлулықтың жолында еткей, игілердің және Алла Әззә уә-Жәллә өзі сүйген сүйікті адамдардың жолында еткей. Бұндағы маңызды іс Алла Жәллә Жәләлухуға, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға сүйікті кісі бола білуіңіз болмақ, Алла Жәллә Жәләлуху сізбен біздерді беркелегей, есендікте еткей, сіздерді де, барша мүминдерді де солай, иншалла, бей-мұсылмандарға, кәуірлерге де хидаят-туралық бергей.

Біз оларды көріп жүрміз, олардың бойында исламдық мінез бар, бірақ әлі ислам дініне кіріп, мұсылман болған жоқ, алайда, кейде байқап жүрміз, олардың мінездері көптеген мұсылмандардан жақсы, Алла Жәллә Жәләлуху оларға да хидаят бергей, әмин.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw


سۇحبات: ناعىز ءپىر شايىقتى قالاي بىلەمىز؟ (2023.05.21، 01 زۇل-قادا 1444)
كانادا، يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ سىزدەردى، بارشا مۇميندەرمەن مۇسىلمانداردى جانە وسىنداي الىس مەملەكەتتەردە ءومىر ءسۇرىپ جاتقان جۇرتتى بەرەكەسىنە بولەگەي، مىنە بۇلار اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ قالاۋى، ەشكىم ءوز اتا-مەكەن، ەل-جۇرتىنان الىس مەملەكەتتەرگە كەتۋدى ۇناتپايدى، الايدا ءمالىم سەبەپتەر بولادى دا، ولار تۋعان ەلدەرىنەن الىستاپ، ءوسىبىر شالعاي جەرلەرگە كەلەدى، ءقازىر ولار وسى ەلدەردە تۇرادى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ولاردىڭ يراداسىن بەرىك ەتىپ، بۇندا ەرىپ جوق بوپ كەتەتىندەردەن ەتپەگەي، سەبەبى بۇل ارادا يماندى ساقتاۋ وڭاي ەمەس، ءالحامدۋليللا، ءبىراق بۇل مەملەكەتتە ەشكىم سىزگە «ءدىنىڭدى وزگەرت» دەپ كۇش كورسەتپەيدى، «يسلام ءامىر ەتپەگەن ىستەردى ىستە» دەپ زورلىق قىلمايدى، الايدا سىزدەگى ءناپسى، حاۋا، شايتان جانە دۇنيە ءوسىبىر جاقسى نارسەلەردى تاستاپ، ولاردىڭ توزاقى جولىنا ىلەسۋگە ءامىر ەتەدى.

سوندىقتان، بۇنداعى ماڭىزدى نارسە جاقسى ادامدارمەن بىرگە بولۋ-ءدۇر، جاقسى ادامدار بارلىق ەلگە جاقسىلىقتى قالايدى، سەبەبى ولار اقىلدى ادامدار، ءار ەلگە جاقسىلىق قالاعان ادام - اقىلدى ادام، ال وزگەلەرگە جاقسىلىق كەلسە، بارشا ەلگە دە، سىزگە دە جاقسىلىق كەلەتىن بولادى، الايدا ءسىزدىڭ ىشىڭىزدە دۇشپاندىق بولىپ، «تەك ماعان عانا بولسىن» دەسەڭىز، وندا ءسىز تىم ءوزىمشىل ادام بولاسىز، بۇندا ءسىز تەك ءوزىڭىز ءۇشىن عانا جاقسىلىق-قايىر تىلەپ وتىرسىز. بۇنداي ىسكە ەڭ جاقسى مىسال قۇمار ويىنى بولماق، ماسەلەن، قۇماردا پايدا تەك ءبىر ادامعا عانا كەلەدى، ءبىراق بارلىعىنا كەلە بەرمەيدى، نەشە مىڭداعان ادام قۇمار وينايدى، ءبىراق ونداعى پايدا تەك ءبىر ادامعا عانا كەلەدى، دەمەك، مىڭ ادامنىڭ ىشىندەگى ءبىر ادام عانا پايدا تاپپاق، ال ءسىز بۇل ادام بولا المايسىز، مۇمكىن، كەيدە ول كەزەك سىزگە دە كەلىپ قالار، ءبىراق ءسىز ءار جولى دەرلىكتەي ۇتىلىۋشى كەيىپكەر بولاسىز، ەگەر ۇتۋ كەزەگى بارلىق ادامعا بىردەي كەلسە، ول كەزەك مىندەتتى تۇردە سىزگە دە كەلەر ەدى.

سوندىقتان، بارشا ەلگە يگىلكپەن جاقسىلىق تىلەۋ اقىلدى ادامداردىڭ جولى، اقىلدى ادامدار - اۋليەلەر، ولار پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ جانە اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ماحاببات عاشىقتىق جولىنداعى جاندار، مىنە وسىلار اقىلدىلارمەن زەرەكتەر، ولار جاقسى اقىلدىلىق تانىتىپ، ناعىز جولعا، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ جولىنا ەردى، ولار (سوپىلىق) ءتاريقات ارقىلى پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنان باستاپ قازىرگە دەيىن كەلە جاتىر، بارلىق تاريقاتتاعىلار جاقسى، الايدا، ءسىز ولاردىڭ نەنى سۇراپ تۇرعاندىعىن ءبىلۋىڭىز كەرەك، سەبەبى ءار جەردە «ءبىز ءتاريقاتپىز، ءبىز ناعىز نۇسقاسىمىز» دەپ ايعايلاپ جۇرگەن كوپتەگەن جالعانشىلار بار، ولارعا باجايلاپ ءساپ سالىپ، زەردەلەپ قاراپ كورسەڭىز، كەيبىرەۋلەرى جاقسىلىقتى تەك وزىنە عانا قالايدى، ال وزگەلەردىڭ نە بولىپ جاتقانىمەن ءىسى جوق، ولار بۇعان كوڭىل بولمەس.

ءبىز بۇنى وسىندا ايتىپ وتىرمىز، ءبىراق ول ارنايى وسى جەرگە ارنالعان جوق، بۇل جەر بەي-مۇسىلمان نەمەسە كاپىرلەر مەملەكەتى، الايدا، مۇسىلمان ەلدەرىندە دە ۇقساس، جاقسى ادامدار دەگەنىمىز بۇكىل جۇرتقا جاقسىلىق قالايتىن ادام، ولار ءوز ادامدارىن، ەل-جۇرتىن، مەملەكەتىن جانە اركىمدى باقىتتى ەتۋگە تىرىساتىن ادام، ءقازىر ءبىز يسلام ەلدەرىنەن كوپتەگەن مىسالداردى كورىپ ءجۇرمىز، ماسەلەن، ول ەلدەن بىرەۋ شىعىپ، ءوز جەكە پايدا، قىزىق، لاس ءومىرىن قاناعاتتاندىرۋ ءۇشىن، كەسىرلى مىنەزى ءۇشىن ميليونداعان ادامداردى ولىمگە، وتقا ايدايدى، جۇرتتى ءارقانداي جامان ىسكە تاستاپ كەتە بەتەدى، دەمەك، ول جۇرتقا ەش كوڭىل بولمەس، ول «مەن ماڭگى ءومىر سۇرەمىن» دەپ ويلاپ قالعان، ءبىراق ول از جىلدار بويى عانا ءومىر سۇرەدى، ول ءتىپتى ەندى قانشا جىل ءومىر سۇرەتىنىن دە بىلمەيدى. ولاردىڭ قولىندا بارى (بايلىعى) نەشە مىڭداعان جىلعا جەتەدى، ءبىراق سوندا دا ولار وعان قاناعاتتانباي، تاعى دا كوپ نارسەلەردى سۇرار، مىنە بۇلار جاقسى ادامدار ەمەس، ولار سياقتى بولماۋ كەرەك، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ سىزگە نەنى ماڭگىلىك ەتكەنىن ەسىڭىزگە الىڭىز، تەك كوز الداعى از عانا جىلدىڭ پايداسىنا كوز تەسپەڭىز، وعان كوڭىل بەرمەڭىز، ەگەر بۇلاي ەتسەڭىز، توزاقتا ميليونداعان جىل ازاپ شەگەسىز، سەبەبى ءاربىر زۇلىمدىق ەتكەن ادامىڭىز ءۇشىن، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءسىزدى نەشە مىڭداعان جىلدار بويى جازالايدى.

سوندىقتان، ءبىز جاقسى ادامدارمەن بىرگە بولىپ، جاقسى ادامدارعا ەرۋىمىز كەرەك، ءسىز ءتاريقاتتاعى ناعىز شايىققا ەرۋىڭىز كەرەك، بىزدە 40 ءتاريقات بار، سولاردىڭ ناعىز شايقى بارىنا ىلەسۋىڭىز كەرەك، «شىن ءپىر، ناعىز شايققا ەر» دەپ جاتىرمىز، ال ولاردىڭ شىن شايقى يا شىن شايقى ەمەس ەكەندىگىن قالاي بىلەمىز؟ ەگەر ول جاقسى ادامدارمەن بىرگە بولسا، ول شىن شايىق ءارى جاقسى شايىق، ال ەگەر ول «شايىق» تەك ءوزىن عانا ويلايتىن كىسى بولسا، ول ءوزىمشىل ادام، شىن شايىق ەمەس، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى ونداي ادامداردان اۋلاق ەتكەي.

اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى ءوز ناپسىلەرىمىزدەن دە قۇتقارعاي، ءبىز كوپتەگەن كىشپەيىل، جاقسى ادامداردى كورىپ ءجۇرمىز، ءبىراق اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ولارعا بىردەڭە بەرە قالسا، ولار كەرىسىنە باسىپ كەتەدى دە، اقىل-ەستەرىن جوعالتىپ، بۇرىنعى كىشپەيىل، جاقسى كەزدەگى حالىنە قارامايدى، ونى ۇمىتىپ كەتەدى، ءىس ناسىرعا شاۋىپ، ولار زۇلىمدارعا اينالادى، بۇل حاقىندا ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت كوپ ايتىپ كەتكەن، ماسەلەن، ءسىز «انەۋ ادام فەرعاۋىن سياقتى، ول وتە جامان ادام» دەسەڭىز، ءماۋلانا «سەنىڭ ءناپسىڭ ودان دا جامان، فەرعاۋىننان دا بۇزىق، سەبەبى، ەگەر فەرعاۋىندا بار نارسەلەر (دۇنيە، كۇش) سەندە بولسا، سەن دە فەرعۋىن سياقتى ىستەردى ىستەيتىن ەدىڭ» دەپ ايتاتىن، سوندىقتان، ساق بولىڭىز، وزىڭىزگە، ناپسىڭىزگە «وح، مەن ۇلكەن عۇلامامىن، مەن اۋليەمىن، مەن اناۋمىن، مەن مىناۋمىن» دەۋشى بولماڭىز، ەگەر ءسىز بيىك ورىندا بولساڭىز، بۇل قىلىق ءسىزدى سول بيىكتەن قۇلاتىپ، تالقان ەتەتىن بولادى، بارلىعى سىنىپ، شاشىلىپ قالماق، ودان سوڭ ءسىز ورنىڭىزدان ماڭگى تۇرا الماي قالاسىز، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى بۇنداي جامان قاسيەت، سۇم مىنەزدەن ساقتاعاي.

اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بىزگە جانە سىزدەرگە جاردەم بەرىپ، بارشامىزدى ءبىر ەتكەي، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ جولىندا ەتكەي، باقىت-قۋانىشتىڭ، سۇلۋلىقتىڭ جولىندا ەتكەي، يگىلەردىڭ جانە اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءوزى سۇيگەن سۇيىكتى ادامداردىڭ جولىندا ەتكەي. بۇنداعى ماڭىزدى ءىس اللا ءجاللا ءجالالۋحۋعا، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا سۇيىكتى كىسى بولا ءبىلۋىڭىز بولماق، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ سىزبەن بىزدەردى بەركەلەگەي، ەسەندىكتە ەتكەي، سىزدەردى دە، بارشا مۇميندەردى دە سولاي، ينشاللا، بەي-مۇسىلماندارعا، كاۋىرلەرگە دە حيدايات-تۋرالىق بەرگەي.

ءبىز ولاردى كورىپ ءجۇرمىز، ولاردىڭ بويىندا يسلامدىق مىنەز بار، ءبىراق ءالى يسلام دىنىنە كىرىپ، مۇسىلمان بولعان جوق، الايدا، كەيدە بايقاپ ءجۇرمىز، ولاردىڭ مىنەزدەرى كوپتەگەن مۇسىلمانداردان جاقسى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ولارعا دا حيدايات بەرگەي، ءامين.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=6818