You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Әрқандай іс алла тағаланың қалауымен болады (2021.06.26)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=63

Әрқандай іс алла тағаланың қалауымен болады (2021.06.26)

Барлығыда алла тағаланың қалауымен болады. Құтпада мына аятты оқыдық:
«وَإِن يَمۡسَسۡكَ ٱللَّهُ بِضُرّٖ فَلَا كَاشِفَ لَهُۥٓ» (Құран 6:17).
Онда алла тағала саған бір жамандықты қаласа, оны алла тағаланың өзінен басқа ешкім кетіре алмайтынын айтады. Ал алла тағала біреуге бір жақсылықты қаласа, ол міндетті түрде сол пендесіне жетеді.

Кейбір адамдар не үшін басымызға бұндай істер келеді деп сұрайды, әрине бұл істер алла тағаланың қалауымен туылды, егер олар осыған сенсе әрі бұл істерге сабыр ете білсе, олар өздеріне көптеген сауапқа жетеді, сонымен бірге олар жүрек тыныштығын табатын болады. Олар әр іс еш күмәнсіз түрде алла тағаланың қалауымен туылады деп сенуі керек және егер алла тағала қаласа оны алып кетеді де, бізге жеңілдік береді деп сенуі керек, олар осыларға инанып сенуі тиіс.

Осы туралы алла тағала мәңгілік сөзі болған құран әзиму-шанда мүбарак пайғамбарымызға және бізге де айтқан-ды, бұл оның өте сұлу ғибаратты сөздерінен-дүр. Егер әрбір адам бұл айтылғандарға сенсе және оны қабыл етсе, оларға көптеген айтып тауысқысыз жақсылықтар келетін болады. Бірақ олар бастарына түскен істерге ренжісе, олар оның себебін таба алмай «бұлай еткен болсам я олай еткен болсамшы, аттап кеткен болсамшы, оны жеген болсам ем берер еді, бұны ішкен болсам жақсы еді» сынды т.б. түгемес сұрақтармен дал болады. Барлығыда алла тағаладан келеді, ол соны қалады, сонымен бұл істер туылды. Алла тағала басыңа келген әрқандай қиыншылықтарды қалаушы, сонымен бірге бұл қиыншылықтарды басыңнан кетіріп, сені жеңілдетуші де сол алла тағаланың өзі. Адамдарға алла тағала жақсылықтар қаласа, оны береді, ешкім де алла тағала қалауын бөгей алмас, ешнәрсе алла тағалаға тосқындық жасай алмақ емес, тіпті бүккіл әлем бірікседе, оның қалауына еш кедергілік ете алмайды. Алла тағала жақсы нығметтерін мәлім адамдарға бермек болса, ол нығыметтер сол адамдарға міндетті түрде жетеді, ал оны тоспақ болып, өздерін жоғары санайтын өңшең мықтылар құдіретті қару-бомбаларымен қанша қасарысса да, оған еш бөгет болмас.

Бұл біз адамзаттың қазіргі күйі, иман келтірудың жоқтығынан дүние келбеті осындай нашар хәлге түсті. Адамдар «кесел (короно) қытайдан тарады ма әлде әмерикадан келді ме? әлде бұл жер немесе ол жерден жұқса керек, яки мына жануардан келді ме екен?» деп ойларын сан саққа жіберіп «тондарын пішіп» отырғанда, ол жер-жерге тарады, олар оның ең маңызды келу «қайнарын» ұмытты. Олар осыны ұмытқандығы себепті нақты шешімді нәтижеге жете алмады, шындығында бұл істер алла тағаланың қалауымен туылған-ды. Ол мүмкін зауыттан, тәжірибеханадан немесе базардан келген шығар, алайда алла тағала қаламаса, бұл дерт пайда болмас еді. Егер алла тағала оның таралуын қаламаса, ол оны лезде адамдар арасынан жоқ қылып жіберер еді, деріттің бар жәйі осы ғана. 

Хадистерде, бір бедеуин аталмыш құран аятын естіген соң, пайғамбарымыздан «онда біз ауырсақ та, оған ем-шипа іздеуіміз керек пе?» деп сұрайды, пайғамбарымыз «әрине, емделуің керек, алайда шипаның алла тағаладан келетініне сенуің керек, шипа алла тағаладан.» дейді. Әдетте дәрігер ауруды жазады деп айтады, кей адамдар алла тағалаға сенеді, бірақ олар әлі де болса шипа дәрігерден келеді деп ойлайды, бұндай сенім оларға жақсы емес, пайдасыз. Қалай болмасын, түбінде, адамның барлығы бұл өмірден озады, егер олар «ем алла тағаланың нығыметінде бізге беріледі, оның қалауымен бұйыруында дәрігердың жасаған емі шипа болып, адамдарды жазады» деп илана сенсе, олар осы сенімі үшін де алла тағаладан үлкен си алады. Осылайша, олар ауырғаны және сауығып алла тағалаға шүкір еткені үшін бірдей нығметке бөленеді, сонымен бірге олар алла тағаланы ұмытпаған жандардың сапынан болады. 

Қазір ақыр заман адамдары кеселдерді және әртүрлі басқада нәрселерді айыптап жатады, олар біресе бұны біресе оны кінәлап отырады. Бұнда ешнәрсені кіналаудың керегі жоқ, жағдайға қарай өзіңді жақсы дайындай біл, себебі біз бұл дүниеде өмір сүріп жатырмыз, жәннатта жүрген жоқпыз. Егер жәннат ішінде болсаң бәрі де жақсы болар еді, ал бұл дүниеде кезкелген нәрсе кез келген сәтте туыла береді, мейлі жақсы істер мейлі жаман істер болсын, бұнда бәрі де мүмкін. Алайда бұлар маңызды емес, бұндағы ең маңыздысы осындай құбылмалы жағдайлардың бәрінде де иманымызды сақтай білуіміз және оны қорғай білуіміз болмақ. Мына жер бетінде сынақта жүрсің, сыналатының күмәнсіз, мүмкін басыңа өте үлкен сынақта келуі мүмкін, алла тағала өз панасына алсын, өзіңе мықты болмасаң, сынақтардан өте алмай, күнәға кіріптар болуыңда мүмкін. Сондықтан, біз барлығыда алла тағаланың мейрімімен нығыметінің арқасында келетінін жақсы түсінелік.

Алла тағала «барлығыда өзінің қалауымен» болатынын айтады, оқылған құран аяты «وَإِن يَمۡسَسۡكَ ٱللَّهُ بِضُرّٖ فَلَا كَاشِفَ لَهُۥٓ» (Құран 6:17) осыған мисал, алла тағаланың қалауы осындай болмақ-дүр. Алла тағала саған мәлім қиыншылықты қаласа, ол саған келеді, себебі алла тағаланың қалауы, оның бұйырғаны шынға айналады... Ешнәрсе оның қалауына бөгет бола алмайды, осыған сенуің яғни иман келтіруың де қажетті, барлығы алла тағаладан келеді. Мейлі не іс туылсада, оның туылмағы алла тағаладан, мейлі жаман іс болсада солай, олда алла тағаланың қалауында туылмақ, әр пенде бұған күмәнсіз инанбақ-дүр. Иман келтіргендер басына түскен қиындықтарды алла тағаланың өздерінен алып кететініне де сенуі-инанбағы лазым. Егер мәлім бір дерт тараған болса немесе басқа мәлім істер туылған болса, бұларда алла тағаланың қалауымен болмақ, осы кезде алла тағалаға дұға-тілек жасап, одан оның бұл жаман нәрселерді алып кетуін сұрауың керек, осылай еткенде, алла тағала оны кетіреді, ал одан басқа ешкім оны басыңнан кетіре алмақ емес. Алла тағала адамдардың пешенесіне мәлім жақсылықты қаласа, бұл жақсылықтың оларға келмегін ешкім тоса алмайды, тіпті күллі мемлекет жиналып оған бөгеттік етседе, оған қарсы ештеңе істей алмас, себебі алла тағала бәрінен де үстем, өте күшті.

Бұл айтылғандар біз үшін жақсы хабарлардан. Қазіргі кездегі адамдар үмітсіздікпен мазасыздық ішінде өмір сүріп жатқандар, олар әрі жолы «неге бұлай болады?» деген сұрақпен жүреді, бұның барлығы олардың иманының кемшілдігінен болған іс. Егер олар жоғарыда айтылған нәсихаттарға сенсе, олар дем алып, көңілдері тыныштыққа бөленер еді әрі бақтты өмір сүрер еді, себебі олар барлық істің алла тағаланың қалауымен болатындығын біледі, сондықтан осы істер туылуда деп инанбақ. Адамдар мейлі қуансын мейлі ренжісін болар іс сөзсіз туылмақ, егер разылық ішінде әр нәрсенің алла тағаладан келетініне сенсең, осы иманың үшін алла тағаладан сауап аласың әрі алла тағала басыңа түскен ауыртпалықты алып кетуі де мүмкін, міне осылай аман-есендікке жетерсің, әйтпесе, қазіргідей күйге түсерсің яғни олардың сөзімен айтқанда мына дүние «әлемдік ұрыс» жағдайының аз-ақ алдында тұр, мүбәда айтқандары шынға айналса, одан еш ел өзін аулақ ұстай алмас.

Осы себепті адамдар мазасыздыққа кіріптар болып, олардың көбі рухани ауруға (психологиялық науқасқа) айналған, азды-көпты болсын оларда осы аурулар бар, не үшін олар бұл күйге түсті? себебі олар әрқандай іс тек өздігінен туылады, яки оны ана адамдар немесе мына елдер жасады деп сенеді. 

Қазір олар дерт жайлаған жағдайда өмір сүріп жатыр, олар бұл жағдайлары үшін біресе қытайды, біресе әмерикамен европаны немесе тағы да басқаларды кіналауда. Алайда бұл болып жатқандар алла тағаланың қалауымен туылуда, ол вирос тәжірибеханадан, базардан, атыздан, зауодтан немесе басқа жақтан келсін, ол алла тағаланың қалауымен пайда болды, алланың қалауынсыз ешнәрсе туылмақ емес. Барлығыда алла тағаланың қалауы, адамдарда осылай деп сенетін иман болуы шарт.

Олар (қасарысқандар) адамдардың жүректерінде болатын осындай иман-сенімді алып тастауға қатты жұмыс жасады әрі олар бұл әрекеттерінде дерліктей жеңіске де жетті. Қазір көптеген адамдарда бұндай иман сенімдер жоқ, олар тіпті мұсұлмандардың өзін руханиятты мүлдем түсіне алмайтын дымкас қауымға айналдырып тастады, қазір мұсұлмандарда тек материялдық құндылықтардан (материялизым) басқасын түсінбейтін топқа айналды. Олар мәлім істі сөзсіз былай болуы керек деп айтады, бірақ бұл сендердің жәй есептерің ғана, ал алла тағаланың оған сансыз жол бар, оны ойлап-түсінуге ешкімнің ақыл-санасы жетпейді. Сондықтан, бұнда алла тағалаға иман келтірген сенушілер болу өте маңызды түйін. Толық иман келтіруші болғанда ғана, тыныштықта боласың әрі ризалық ішінде бақтты өмір өткізесің ...

Пайғамбарымызға бір бедеуинның келіп «біз ауырып қалсақ, сөзсіз дәрі ішемізбе?» деп сұрауының өзіндік себебі бар-ды. Ол бедеуин өзі араб болып, арабшаны жақсы біледі, ол құрандағы айтылған аяттарды естіген соң «біз ауырсақ емделу қажетсіз, себебі оның барлығы алла тағаладан келеді ғой, сондықтан алла тағала бізді емдегенше күтіп жатуымыз керек.» деген қортындыға келген. Алайда пайғамбарымыз оған «әрине, міндетті түрде емделуің керек.» деп нәсихат айтады, себебі, мына өмір яғни адамзат өмірі барлық түйіндерді қамтыған, мәселен: есейіп ержету, көңіл бөліп күтіну, басқаға қарайлау, үйренумен үйрету сынды т.б. барыс-күйлер бар, қарапайым мисал, бір адамды үйрету арқылы оны мастер, одан доктор етіп тәрбиелеп шығарады. Өмір міндетті түрде осы іспеттес айтылған барыстарды қамтиды. Сондықтан пайғамбарымыз оған «емделуің керек, шипа іздеуің керек» деп айтқан ... Бірақ бұнда «бұл ем-дәрілер мені аман-саулыққа жеткізді» деу қателік-дүр, оның орнына «бұл дәрілер алла тағаланың қалауымен шипа берді, бұл шипалық үшін алла тағалаға рақымет айтамын, шүкірлік етемін» делінбек лазым, алла тағаланың бізге жақсы дохтырлардың қолынан ем-шипа бергеніне көп шүкірліктер де айтылуы тиіс. Не үшін? себебі емдеуші маман қолынан келетін бар мүмкіндігін салып науқастарды емдер, алайда алла тағала ем-шипа бергісі келмесе, маманның барын салып тыраштанғанынан ештеме өнбек емес, бұндайда ең бай адамдарда өздеріне олардан ем-шипа таба алмайды.

Осыларға байланысты біз ем-шипа алуға және емделуге тиістіміз, сонымен бірге алла тағаланың ем-шипаларға сыр жасыратынында ұмытпаған жөн. Ем кейде жақсы кейде нашар нәтиже береді, сондықтан біз ем іздеуіміз керек, иншалла.

Алла тағала біздерді амандықта етсін әрі ең маңыздысы иманымызды берік етсін.

Уамин Аллах ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
2021.06.26, Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф

ارقانداي ءىس اللا تاعالانىڭ قالاۋىمەن بولادى

بارلىعىدا اللا تاعالانىڭ قالاۋىمەن بولادى. قۇتپادا مىنا اياتتى وقىدىق:
«وَإِن يَمۡسَسۡكَ ٱللَّهُ بِضُرّٖ فَلَا كَاشِفَ لَهُۥٓ» (قۇران 6:17).
وندا اللا تاعالا ساعان ءبىر جاماندىقتى قالاسا، ونى اللا تاعالانىڭ وزىنەن باسقا ەشكىم كەتىرە المايتىنىن ايتادى. ال اللا تاعالا بىرەۋگە ءبىر جاقسىلىقتى قالاسا، ول مىندەتتى تۇردە سول پەندەسىنە جەتەدى.

كەيبىر ادامدار نە ءۇشىن باسىمىزعا بۇنداي ىستەر كەلەدى دەپ سۇرايدى، ارينە بۇل ىستەر اللا تاعالانىڭ قالاۋىمەن تۋىلدى، ەگەر ولار وسىعان سەنسە ءارى بۇل ىستەرگە سابىر ەتە بىلسە، ولار وزدەرىنە كوپتەگەن ساۋاپقا جەتەدى، سونىمەن بىرگە ولار جۇرەك تىنىشتىعىن تاباتىن بولادى. ولار ءار ءىس ەش كۇمانسىز تۇردە اللا تاعالانىڭ قالاۋىمەن تۋىلادى دەپ سەنۋى كەرەك جانە ەگەر اللا تاعالا قالاسا ونى الىپ كەتەدى دە، بىزگە جەڭىلدىك بەرەدى دەپ سەنۋى كەرەك، ولار وسىلارعا ينانىپ سەنۋى ءتيىس.

وسى تۋرالى اللا تاعالا ماڭگىلىك ءسوزى بولعان قۇران ءازيمۋ-شاندا مۇباراك پايعامبارىمىزعا جانە بىزگە دە ايتقان-دى، بۇل ونىڭ وتە سۇلۋ عيباراتتى سوزدەرىنەن-ءدۇر. ەگەر ءاربىر ادام بۇل ايتىلعاندارعا سەنسە جانە ونى قابىل ەتسە، ولارعا كوپتەگەن ايتىپ تاۋىسقىسىز جاقسىلىقتار كەلەتىن بولادى. بىراق ولار باستارىنا تۇسكەن ىستەرگە رەنجىسە، ولار ونىڭ سەبەبىن تابا الماي «بۇلاي ەتكەن بولسام يا ولاي ەتكەن بولسامشى، اتتاپ كەتكەن بولسامشى، ونى جەگەن بولسام ەم بەرەر ەدى، بۇنى ىشكەن بولسام جاقسى ەدى» سىندى ت.ب. تۇگەمەس سۇراقتارمەن دال بولادى. بارلىعىدا اللا تاعالادان كەلەدى، ول سونى قالادى، سونىمەن بۇل ىستەر تۋىلدى. اللا تاعالا باسىڭا كەلگەن ارقانداي قيىنشىلىقتاردى قالاۋشى، سونىمەن بىرگە بۇل قيىنشىلىقتاردى باسىڭنان كەتىرىپ، سەنى جەڭىلدەتۋشى دە سول اللا تاعالانىڭ ءوزى. ادامدارعا اللا تاعالا جاقسىلىقتار قالاسا، ونى بەرەدى، ەشكىم دە اللا تاعالا قالاۋىن بوگەي الماس، ەشنارسە اللا تاعالاعا توسقىندىق جاساي الماق ەمەس، ءتىپتى بۇككىل الەم بىرىكسەدە، ونىڭ قالاۋىنا ەش كەدەرگىلىك ەتە المايدى. اللا تاعالا جاقسى نىعمەتتەرىن ءمالىم ادامدارعا بەرمەك بولسا، ول نىعىمەتتەر سول ادامدارعا مىندەتتى تۇردە جەتەدى، ال ونى توسپاق بولىپ، وزدەرىن جوعارى سانايتىن وڭشەڭ مىقتىلار قۇدىرەتتى قارۋ-بومبالارىمەن قانشا قاسارىسسا دا، وعان ەش بوگەت بولماس.

بۇل ءبىز ادامزاتتىڭ قازىرگى كۇيى، يمان كەلتىرۋدىڭ جوقتىعىنان دۇنيە كەلبەتى وسىنداي ناشار حالگە ءتۇستى. ادامدار «كەسەل (كورونو) قىتايدان تارادى ما الدە امەريكادان كەلدى مە؟ الدە بۇل جەر نەمەسە ول جەردەن جۇقسا كەرەك، ياكي مىنا جانۋاردان كەلدى مە ەكەن؟» دەپ ويلارىن سان ساققا جىبەرىپ «توندارىن ءپىشىپ» وتىرعاندا، ول جەر-جەرگە تارادى، ولار ونىڭ ەڭ ماڭىزدى كەلۋ «قاينارىن» ۇمىتتى. ولار وسىنى ۇمىتقاندىعى سەبەپتى ناقتى شەشىمدى ناتيجەگە جەتە المادى، شىندىعىندا بۇل ىستەر اللا تاعالانىڭ قالاۋىمەن تۋىلعان-دى. ول مۇمكىن زاۋىتتان، تاجىريبەحانادان نەمەسە بازاردان كەلگەن شىعار، الايدا اللا تاعالا قالاماسا، بۇل دەرت پايدا بولماس ەدى. ەگەر اللا تاعالا ونىڭ تارالۋىن قالاماسا، ول ونى لەزدە ادامدار اراسىنان جوق قىلىپ جىبەرەر ەدى، دەرىتتىڭ بار ءجايى وسى عانا.

حاديستەردە، ءبىر بەدەۋين اتالمىش قۇران اياتىن ەستىگەن سوڭ، پايعامبارىمىزدان «وندا ءبىز اۋىرساق تا، وعان ەم-شيپا ىزدەۋىمىز كەرەك پە؟» دەپ سۇرايدى، پايعامبارىمىز «ارينە، ەمدەلۋىڭ كەرەك، الايدا شيپانىڭ اللا تاعالادان كەلەتىنىنە سەنۋىڭ كەرەك، شيپا اللا تاعالادان.» دەيدى. ادەتتە دارىگەر اۋرۋدى جازادى دەپ ايتادى، كەي ادامدار اللا تاعالاعا سەنەدى، بىراق ولار ءالى دە بولسا شيپا دارىگەردەن كەلەدى دەپ ويلايدى، بۇنداي سەنىم ولارعا جاقسى ەمەس، پايداسىز. قالاي بولماسىن، تۇبىندە، ادامنىڭ بارلىعى بۇل ومىردەن وزادى، ەگەر ولار «ەم اللا تاعالانىڭ نىعىمەتىندە بىزگە بەرىلەدى، ونىڭ قالاۋىمەن بۇيىرۋىندا دارىگەردىڭ جاساعان ەمى شيپا بولىپ، ادامداردى جازادى» دەپ يلانا سەنسە، ولار وسى سەنىمى ءۇشىن دە اللا تاعالادان ۇلكەن سي الادى. وسىلايشا، ولار اۋىرعانى جانە ساۋىعىپ اللا تاعالاعا شۇكىر ەتكەنى ءۇشىن بىردەي نىعمەتكە بولەنەدى، سونىمەن بىرگە ولار اللا تاعالانى ۇمىتپاعان جانداردىڭ ساپىنان بولادى.

قازىر اقىر زامان ادامدارى كەسەلدەردى جانە ءارتۇرلى باسقادا نارسەلەردى ايىپتاپ جاتادى، ولار بىرەسە بۇنى بىرەسە ونى كىنالاپ وتىرادى. بۇندا ەشنارسەنى كىنالاۋدىڭ كەرەگى جوق، جاعدايعا قاراي ءوزىڭدى جاقسى دايىنداي ءبىل، سەبەبى ءبىز بۇل دۇنيەدە ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز، ءجانناتتا جۇرگەن جوقپىز. ەگەر ءجاننات ىشىندە بولساڭ ءبارى دە جاقسى بولار ەدى، ال بۇل دۇنيەدە كەزكەلگەن نارسە كەز كەلگەن ساتتە تۋىلا بەرەدى، مەيلى جاقسى ىستەر مەيلى جامان ىستەر بولسىن، بۇندا ءبارى دە مۇمكىن. الايدا بۇلار ماڭىزدى ەمەس، بۇنداعى ەڭ ماڭىزدىسى وسىنداي قۇبىلمالى جاعدايلاردىڭ بارىندە دە يمانىمىزدى ساقتاي ءبىلۋىمىز جانە ونى قورعاي ءبىلۋىمىز بولماق. مىنا جەر بەتىندە سىناقتا ءجۇرسىڭ، سىنالاتىنىڭ كۇمانسىز، مۇمكىن باسىڭا وتە ۇلكەن سىناقتا كەلۋى مۇمكىن، اللا تاعالا ءوز پاناسىنا السىن، وزىڭە مىقتى بولماساڭ، سىناقتاردان وتە الماي، كۇناعا كىرىپتار بولۋىڭدا مۇمكىن. سوندىقتان، ءبىز بارلىعىدا اللا تاعالانىڭ مەيرىمىمەن نىعىمەتىنىڭ ارقاسىندا كەلەتىنىن جاقسى تۇسىنەلىك.

اللا تاعالا «بارلىعىدا ءوزىنىڭ قالاۋىمەن» بولاتىنىن ايتادى، وقىلعان قۇران اياتى «وَإِن يَمۡسَسۡكَ ٱللَّهُ بِضُرّٖ فَلَا كَاشِفَ لَهُۥٓ» (قۇران 6:17) وسىعان ميسال، اللا تاعالانىڭ قالاۋى وسىنداي بولماق-ءدۇر. اللا تاعالا ساعان ءمالىم قيىنشىلىقتى قالاسا، ول ساعان كەلەدى، سەبەبى اللا تاعالانىڭ قالاۋى، ونىڭ بۇيىرعانى شىنعا اينالادى... ەشنارسە ونىڭ قالاۋىنا بوگەت بولا المايدى، وسىعان سەنۋىڭ ياعني يمان كەلتىرۋىڭ دە قاجەتتى، بارلىعى اللا تاعالادان كەلەدى. مەيلى نە ءىس تۋىلسادا، ونىڭ تۋىلماعى اللا تاعالادان، مەيلى جامان ءىس بولسادا سولاي، ولدا اللا تاعالانىڭ قالاۋىندا تۋىلماق، ءار پەندە بۇعان كۇمانسىز ينانباق-ءدۇر. يمان كەلتىرگەندەر باسىنا تۇسكەن قيىندىقتاردى اللا تاعالانىڭ وزدەرىنەن الىپ كەتەتىنىنە دە سەنۋى-ينانباعى لازىم. ەگەر ءمالىم ءبىر دەرت تاراعان بولسا نەمەسە باسقا ءمالىم ىستەر تۋىلعان بولسا، بۇلاردا اللا تاعالانىڭ قالاۋىمەن بولماق، وسى كەزدە اللا تاعالاعا دۇعا-تىلەك جاساپ، ودان ونىڭ بۇل جامان نارسەلەردى الىپ كەتۋىن سۇراۋىڭ كەرەك، وسىلاي ەتكەندە، اللا تاعالا ونى كەتىرەدى، ال ودان باسقا ەشكىم ونى باسىڭنان كەتىرە الماق ەمەس. اللا تاعالا ادامداردىڭ پەشەنەسىنە ءمالىم جاقسىلىقتى قالاسا، بۇل جاقسىلىقتىڭ ولارعا كەلمەگىن ەشكىم توسا المايدى، ءتىپتى كۇللى مەملەكەت جينالىپ وعان بوگەتتىك ەتسەدە، وعان قارسى ەشتەڭە ىستەي الماس، سەبەبى اللا تاعالا بارىنەن دە ۇستەم، وتە كۇشتى.

بۇل ايتىلعاندار ءبىز ءۇشىن جاقسى حابارلاردان. قازىرگى كەزدەگى ادامدار ۇمىتسىزدىكپەن مازاسىزدىق ىشىندە ءومىر ءسۇرىپ جاتقاندار، ولار ءارى جولى «نەگە بۇلاي بولادى؟» دەگەن سۇراقپەن جۇرەدى، بۇنىڭ بارلىعى ولاردىڭ يمانىنىڭ كەمشىلدىگىنەن بولعان ءىس. ەگەر ولار جوعارىدا ايتىلعان ناسيحاتتارعا سەنسە، ولار دەم الىپ، كوڭىلدەرى تىنىشتىققا بولەنەر ەدى ءارى باقتتى ءومىر سۇرەر ەدى، سەبەبى ولار بارلىق ءىستىڭ اللا تاعالانىڭ قالاۋىمەن بولاتىندىعىن بىلەدى، سوندىقتان وسى ىستەر تۋىلۋدا دەپ ينانباق. ادامدار مەيلى قۋانسىن مەيلى رەنجىسىن بولار ءىس ءسوزسىز تۋىلماق، ەگەر رازىلىق ىشىندە ءار نارسەنىڭ اللا تاعالادان كەلەتىنىنە سەنسەڭ، وسى يمانىڭ ءۇشىن اللا تاعالادان ساۋاپ الاسىڭ ءارى اللا تاعالا باسىڭا تۇسكەن اۋىرتپالىقتى الىپ كەتۋى دە مۇمكىن، مىنە وسىلاي امان-ەسەندىككە جەتەرسىڭ، ايتپەسە، قازىرگىدەي كۇيگە تۇسەرسىڭ ياعني ولاردىڭ سوزىمەن ايتقاندا مىنا دۇنيە «الەمدىك ۇرىس» جاعدايىنىڭ از-اق الدىندا تۇر، ءمۇبادا ايتقاندارى شىنعا اينالسا، ودان ەش ەل ءوزىن اۋلاق ۇستاي الماس.

وسى سەبەپتى ادامدار مازاسىزدىققا كىرىپتار بولىپ، ولاردىڭ كوبى رۋحاني اۋرۋعا (پسيحولوگيالىق ناۋقاسقا) اينالعان، ازدى-كوپتى بولسىن ولاردا وسى اۋرۋلار بار، نە ءۇشىن ولار بۇل كۇيگە ءتۇستى؟ سەبەبى ولار ارقانداي ءىس تەك وزدىگىنەن تۋىلادى، ياكي ونى انا ادامدار نەمەسە مىنا ەلدەر جاسادى دەپ سەنەدى.

قازىر ولار دەرت جايلاعان جاعدايدا ءومىر ءسۇرىپ جاتىر، ولار بۇل جاعدايلارى ءۇشىن بىرەسە قىتايدى، بىرەسە امەريكامەن ەۆروپانى نەمەسە تاعى دا باسقالاردى كىنالاۋدا. الايدا بۇل بولىپ جاتقاندار اللا تاعالانىڭ قالاۋىمەن تۋىلۋدا، ول ۆيروس تاجىريبەحانادان، بازاردان، اتىزدان، زاۋودتان نەمەسە باسقا جاقتان كەلسىن، ول اللا تاعالانىڭ قالاۋىمەن پايدا بولدى، اللانىڭ قالاۋىنسىز ەشنارسە تۋىلماق ەمەس. بارلىعىدا اللا تاعالانىڭ قالاۋى، ادامداردا وسىلاي دەپ سەنەتىن يمان بولۋى شارت.

ولار (قاسارىسقاندار) ادامداردىڭ جۇرەكتەرىندە بولاتىن وسىنداي يمان-سەنىمدى الىپ تاستاۋعا قاتتى جۇمىس جاسادى ءارى ولار بۇل ارەكەتتەرىندە دەرلىكتەي جەڭىسكە دە جەتتى. قازىر كوپتەگەن ادامداردا بۇنداي يمان سەنىمدەر جوق، ولار ءتىپتى مۇسۇلمانداردىڭ ءوزىن رۋحانياتتى مۇلدەم تۇسىنە المايتىن دىمكاس قاۋىمعا اينالدىرىپ تاستادى، قازىر مۇسۇلمانداردا تەك ماتەريالدىق قۇندىلىقتاردان (ماتەرياليزىم) باسقاسىن تۇسىنبەيتىن توپقا اينالدى. ولار ءمالىم ءىستى ءسوزسىز بىلاي بولۋى كەرەك دەپ ايتادى، بىراق بۇل سەندەردىڭ ءجاي ەسەپتەرىڭ عانا، ال اللا تاعالانىڭ وعان سانسىز جول بار، ونى ويلاپ-تۇسىنۋگە ەشكىمنىڭ اقىل-ساناسى جەتپەيدى. سوندىقتان، بۇندا اللا تاعالاعا يمان كەلتىرگەن سەنۋشىلەر بولۋ وتە ماڭىزدى ءتۇيىن. تولىق يمان كەلتىرۋشى بولعاندا عانا، تىنىشتىقتا بولاسىڭ ءارى ريزالىق ىشىندە باقتتى ءومىر وتكىزەسىڭ ...

پايعامبارىمىزعا ءبىر بەدەۋيننىڭ كەلىپ «ءبىز اۋىرىپ قالساق، ءسوزسىز ءدارى ىشەمىزبە؟» دەپ سۇراۋىنىڭ وزىندىك سەبەبى بار-دى. ول بەدەۋين ءوزى اراب بولىپ، ارابشانى جاقسى بىلەدى، ول قۇرانداعى ايتىلعان اياتتاردى ەستىگەن سوڭ «ءبىز اۋىرساق ەمدەلۋ قاجەتسىز، سەبەبى ونىڭ بارلىعى اللا تاعالادان كەلەدى عوي، سوندىقتان اللا تاعالا ءبىزدى ەمدەگەنشە كۇتىپ جاتۋىمىز كەرەك.» دەگەن قورتىندىعا كەلگەن. الايدا پايعامبارىمىز وعان «ارينە، مىندەتتى تۇردە ەمدەلۋىڭ كەرەك.» دەپ ءناسيحات ايتادى، سەبەبى، مىنا ءومىر ياعني ادامزات ءومىرى بارلىق تۇيىندەردى قامتىعان، ماسەلەن: ەسەيىپ ەرجەتۋ، كوڭىل ءبولىپ كۇتىنۋ، باسقاعا قارايلاۋ، ۇيرەنۋمەن ۇيرەتۋ سىندى ت.ب. بارىس-كۇيلەر بار، قاراپايىم ميسال، ءبىر ادامدى ۇيرەتۋ ارقىلى ونى ماستەر، ودان دوكتور ەتىپ تاربيەلەپ شىعارادى. ءومىر مىندەتتى تۇردە وسى ىسپەتتەس ايتىلعان بارىستاردى قامتيدى. سوندىقتان پايعامبارىمىز وعان «ەمدەلۋىڭ كەرەك، شيپا ىزدەۋىڭ كەرەك» دەپ ايتقان ... بىراق بۇندا «بۇل ەم-دارىلەر مەنى امان-ساۋلىققا جەتكىزدى» دەۋ قاتەلىك-ءدۇر، ونىڭ ورنىنا «بۇل دارىلەر اللا تاعالانىڭ قالاۋىمەن شيپا بەردى، بۇل شيپالىق ءۇشىن اللا تاعالاعا راقىمەت ايتامىن، شۇكىرلىك ەتەمىن» دەلىنبەك لازىم، اللا تاعالانىڭ بىزگە جاقسى دوحتىرلاردىڭ قولىنان ەم-شيپا بەرگەنىنە كوپ شۇكىرلىكتەر دە ايتىلۋى ءتيىس. نە ءۇشىن؟ سەبەبى ەمدەۋشى مامان قولىنان كەلەتىن بار مۇمكىندىگىن سالىپ ناۋقاستاردى ەمدەر، الايدا اللا تاعالا ەم-شيپا بەرگىسى كەلمەسە، ماماننىڭ بارىن سالىپ تىراشتانعانىنان ەشتەمە ونبەك ەمەس، بۇندايدا ەڭ باي ادامداردا وزدەرىنە ولاردان ەم-شيپا تابا المايدى.

وسىلارعا بايلانىستى ءبىز ەم-شيپا الۋعا جانە ەمدەلۋگە ءتيىستىمىز، سونىمەن بىرگە اللا تاعالانىڭ ەم-شيپالارعا سىر جاسىراتىنىندا ۇمىتپاعان ءجون. ەم كەيدە جاقسى كەيدە ناشار ناتيجە بەرەدى، سوندىقتان ءبىز ەم ىزدەۋىمىز كەرەك، ينشاللا.

اللا تاعالا بىزدەردى اماندىقتا ەتسىن ءارى ەڭ ماڭىزدىسى يمانىمىزدى بەرىك ەتسىن.

ۋامين اللاح ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
2021.06.26، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=63