You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Нағыз ақылды адам - бұл дүниесін ақиретіне пайдалана білген адам (2020.12.19)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=103

Нағыз ақылды адам - бұл дүниесін ақиретіне пайдалана білген адам (2020.12.19)

«Бұл дүние - жалған.» дейді біздің түрік бабаларымыз, бұл дүние үшін өмір сүргендер - алданышпен қателікке түсіп кеткендер. Бұл дүние ешкімге қалған емес, оған милиондаған милиярттаған адамдар келіп кетті, олардың әрбіреуі бұл дүниені өздерімен бірге қалатындай көрді, тіпті олардың ішіндегі ақымақтары өздерін құдай депте жар салды, алайда олардың құдайлығы түгіл өздеріде қалмады, бәрі кәріп боп өлді. Мына дүние ешкімге қалмайды, ол ақиретің үшін пайдалануға берілген, бұл дүниені ақиретіне пайдалана білгендер - нағыз ақылдылар, себебі ешкім бұл дүниеде мәңгілік тұрмайды, тіпті қалған күнде де оның еш құны болмайды, бұл алла тағаланың қалауы. 

Пайғамбарымыз «алла тағала әр күні таңда екі періштені жібереді, ол періштелер:
"ل ُدوا ِلل َمو ِت َو ابنُوا ِلل َخ َرا ِب"
яғни "тек өлмек үшін туыл, тек қирамақ үшін салын." деп айғай салады.» дейді. 

Әрбір туылған адам өлмек, әрбір салынған сарайда ең соңында қирамақ, бұл алла тағаланың бекіткен заңы, сондықтан да нағыз зерек ақылды адам бұл дүние үшін емес, ақиреті үшін жұмыс ете білген адам. Әрине, бұл дүниеде жұмыс істеуіміз - өмір сүріп жан бағысымыз үшін. Әр пенде алла тағалаға бойсынған соң өзінің өмір сүруі және исламын күшейтуы үшін еткен еңбектері үшін сауап алатын болады, олардың еткен ниеттеріне қарай, бұлар оған құлшылық ретінде жазылатын болады. 

Ақирет хақында ойланып қоймайтын, бірақ «мен ана я мына істерді істеп кетейін, сонымен менің атым қалсын.» дейтіндер бар, сонымен бірге олар мына дүниеде адамдар милиондаған жылдар жасайды және адамдар мені естерінде сақтап жүреді деп ойлайды. Бұндай ойдағылар - нағыз алданған адамдар әрі өзін-өзі алдаушылар, мына дүниеде әр адамның ақыры өліммен тамамдаса, ал бұнда тұрғызылған әрбір нәрсе ең соңында кұйрейді. Сондықтан, біз мәңгілік күйремейтін ақиретімізді яғни ол дүниемізді тұрғызу үшін жұмыс жасауымыз керек, иншалла. 

Алла тағала баршамызға осындай ақиқаттарды ойлап жетерлік санамен ақыл берсін, себебі, бұны ойлай білмейтін адамдар санасы яки ақылы жоқтар, олар - ақылсыздар. Алла тағала иманымызға қуат берсін, иншалла.

Уамин Аллах ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Ыстанбұл, Түркия


- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф


ناعىز اقىلدى ادام - بۇل دۇنيەسىن اقيرەتىنە پايدالانا بىلگەن ادام (2020.12.19)

«بۇل دۇنيە - جالعان.» دەيدى ءبىزدىڭ تۇرىك بابالارىمىز، بۇل دۇنيە ءۇشىن ءومىر سۇرگەندەر - الدانىشپەن قاتەلىككە ءتۇسىپ كەتكەندەر. بۇل دۇنيە ەشكىمگە قالعان ەمەس، وعان ميليونداعان ميليارتتاعان ادامدار كەلىپ كەتتى، ولاردىڭ اربىرەۋى بۇل دۇنيەنى وزدەرىمەن بىرگە قالاتىنداي كوردى، ءتىپتى ولاردىڭ ىشىندەگى اقىماقتارى وزدەرىن قۇداي دەپتە جار سالدى، الايدا ولاردىڭ قۇدايلىعى تۇگىل وزدەرىدە قالمادى، ءبارى كارىپ بوپ ءولدى. مىنا دۇنيە ەشكىمگە قالمايدى، ول اقيرەتىڭ ءۇشىن پايدالانۋعا بەرىلگەن، بۇل دۇنيەنى اقيرەتىنە پايدالانا بىلگەندەر - ناعىز اقىلدىلار، سەبەبى ەشكىم بۇل دۇنيەدە ماڭگىلىك تۇرمايدى، ءتىپتى قالعان كۇندە دە ونىڭ ەش قۇنى بولمايدى، بۇل اللا تاعالانىڭ قالاۋى.

پايعامبارىمىز «اللا تاعالا ءار كۇنى تاڭدا ەكى پەرىشتەنى جىبەرەدى، ول پەرىشتەلەر:
"ل ُدوا ِلل َمو ِت َو ابنُوا ِلل َخ َرا ِب"
ياعني "تەك ولمەك ءۇشىن تۋىل، تەك قيراماق ءۇشىن سالىن." دەپ ايعاي سالادى.» دەيدى.

ءاربىر تۋىلعان ادام ولمەك، ءاربىر سالىنعان سارايدا ەڭ سوڭىندا قيراماق، بۇل اللا تاعالانىڭ بەكىتكەن زاڭى، سوندىقتان دا ناعىز زەرەك اقىلدى ادام بۇل دۇنيە ءۇشىن ەمەس، اقيرەتى ءۇشىن جۇمىس ەتە بىلگەن ادام. ارينە، بۇل دۇنيەدە جۇمىس ىستەۋىمىز - ءومىر ءسۇرىپ جان باعىسىمىز ءۇشىن. ءار پەندە اللا تاعالاعا بويسىنعان سوڭ ءوزىنىڭ ءومىر ءسۇرۋى جانە يسلامىن كۇشەيتۋى ءۇشىن ەتكەن ەڭبەكتەرى ءۇشىن ساۋاپ الاتىن بولادى، ولاردىڭ ەتكەن نيەتتەرىنە قاراي، بۇلار وعان قۇلشىلىق رەتىندە جازىلاتىن بولادى.

اقيرەت حاقىندا ويلانىپ قويمايتىن، بىراق «مەن انا يا مىنا ىستەردى ىستەپ كەتەيىن، سونىمەن مەنىڭ اتىم قالسىن.» دەيتىندەر بار، سونىمەن بىرگە ولار مىنا دۇنيەدە ادامدار ميليونداعان جىلدار جاسايدى جانە ادامدار مەنى ەستەرىندە ساقتاپ جۇرەدى دەپ ويلايدى. بۇنداي ويداعىلار - ناعىز الدانعان ادامدار ءارى ءوزىن-ءوزى الداۋشىلار، مىنا دۇنيەدە ءار ادامنىڭ اقىرى ولىممەن تامامداسا، ال بۇندا تۇرعىزىلعان ءاربىر نارسە ەڭ سوڭىندا كۇيرەيدى. سوندىقتان، ءبىز ماڭگىلىك كۇيرەمەيتىن اقيرەتىمىزدى ياعني ول دۇنيەمىزدى تۇرعىزۋ ءۇشىن جۇمىس جاساۋىمىز كەرەك، ينشاللا.

اللا تاعالا بارشامىزعا وسىنداي اقيقاتتاردى ويلاپ جەتەرلىك سانامەن اقىل بەرسىن، سەبەبى، بۇنى ويلاي بىلمەيتىن ادامدار ساناسى ياكي اقىلى جوقتار، ولار - اقىلسىزدار. اللا تاعالا يمانىمىزعا قۋات بەرسىن، ينشاللا.

ۋامين اللاح ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
ىستانبۇل، تۇركيا


- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=103