https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8645
Сұхбат: хақты сөйле, хаққа сен, және хақпен бірге бол, ештеңеден қорықпа (2026.01.08 / Хижри 1447-жыл 19-Ражаб)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.
(Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «فَمَن شَآءَ فَلْيُؤْمِن وَمَن شَآءَ فَلْيَكْفُرْ», яғни, «сондықтан, кім қаласа, ол сенсін, және кім қаласа, ол сенбей-ақ қойсын», садақал лахул ғазим, құран 18інші сүре 29інші аят. «Ақиқатты сөйле, ақиқаттың сөзін айт» деп, әмір етер Алла Әззә уә-Жәллә, Ол, «кім қаласа, сенсін, ал кім қаласа, күпірлігінде қала берсін» дейді. Міне бұл Алла Әззә уә-Жәлләның адамдар үшін бір хикіметі еді, ал Алла Әззә уә-Жәлләның хикіметіне сұрау салынбайды, демек, Оның білетінін салыстыра алмаймыз, біздің білім шек-дәрежеміз шектеулі ғана, сондықтан біз Алла Әззә уә-Жәлләның шегіне мүлдем жете алмаймыз. Ал адамзаттың ең биігі біздің пайғамбарымыз ﷺ, тіпті адамдардың, мына біздің осы пайғамбарымыз ﷺға жетуіміз мүмкін емес, яғни адамдардың ақыл-санасы пайғамбарымыз ﷺның білімімен хикіметіне жете алмайды. Ал Алла Әззә уә-Жәллә осы пайғамбарымыз ﷺға, «ақиқатты сөйле, кім қаласа, сенсін, ал кім қаласа, бұл олардың өзіне байланысты» деп, әмір етті.
Ал сенбей күпірлікте қалғандар өте қиын сұраққа кездесер, сол үшін иман ету аса зор нығымет, ұдайы айтып жүргеніміздей, ол бір ұлық мәртебе, зор табыс, расында, ол ең зор табыс. Себебі, егер сіз мына дүниеде жеңіске жетсеңіз де, жеңіліске ұшырасаңыз да, бәрібір оны теңшеп, алға жүре берерсіз, бірақ өлген кезіңізде, ештеңе қайтып келмес, қайта алмас. Себебі, жан тәннен шыққан соң, оның мекені басқа жақ болар, ал тәніңіз өз жайында қалар, екеуінің мекені ұқсамайды, екеуі содан бастап, бірге бола алмайды. Міне осы іс болғанда, дүниенің еш пайдасы қалмас, сондықтан сіз ақиқатты сөйлеуіңіз керек, бірақ ешкімге күш көрсетпеңіз, кім иман еткісі келсе, иман етіп сенер, сіз бұған ешкімді зорлай алмайсыз. Ал қазір біз адамдардың иманы ең әлсіз кезде тұрмыз, сол үшін, «мен бәленді істеймін, түгіленді істеймін» демеңіз, бірақ шындықты айтыңыз, шындықты сөйлейтіндер ешкімнен қорықпауы керек, ол сөз ақиқаттың сөзі. Себебі, мәжбүрлеу жоқ, «мен мынаны айтамын, кім оны қабыл еткісі келсе, қабыл етсін, ал қабыл етпесе, бұл олардың өз ісі» деңіз, бірақ біреуді басқа ұрып, оған күш көрсете алмайсыз, ал олай етсеңіз, бұл сізге зиянды.
Бұл сөз Алла Әззә уә-Жәлләның әдемі сөзі, қабыл етілетін нәрсе міне осы, демек, хақты сөйлеңіз, кім оны қабыл етсе, қабыл етер, ал қабыл еткісі келмегендер өздері білер. Олар, «мен сенемін, я мен сенбеймін» дер, бірақ сіз сенсеңіз, ұтатын боласыз, ал сенбесеңіз, ол сіз үшін бір зор өкініш, зор ұтылыс болмақ, ол орны толмайтын аса үлкен ұтылыс болмақ. Ал сенбеген осы адам ең соңғы тынысында имансыз хәлде бұл дүниеден аттанатын болады, Алла ﷻ бізді панасына алғай. Ол кезде оның орнын төлеуге келмейді, бірақ мына дүниеде тірі жүргенде оның орнын толтыруға болады, оған мүмкіндік бар, демек, адам тәубе етіп, кешірім сұраса, Алла Әззә уә-Жәллә оны кешіретін болады. Алайда, адам соңғы тынысы кетіп, өлген соң, барлығы кеш болар, сондықтан, сіз Хақпен бірге болыңыз, хақты сөйлеңіз, және хақты қабыл етіңіз, иншалла. Алла ﷻ бізді хақты қабыл еткендердің арасынан еткей.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: حاقتى سويلە، حاققا سەن، جانە حاقپەن بىرگە بول، ەشتەڭەدەن قورىقپا (2026.01.08 / حيجري 1447-جىل 19-راجاب)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.
(Türkiye، Istanbul، Akbaba Dergah-دا ايتىلعان سۇحبات) بيسميللاحير راحمانير راحيم، «فَمَن ءشَآَ فَلْيُؤْمِن وَمَن ءشَآَ فَلْيَكْفُرْ»، ياعني، «سوندىقتان، كىم قالاسا، ول سەنسىن، جانە كىم قالاسا، ول سەنبەي-اق قويسىن»، ساداقال لاحۋل عازيم، قۇران 18ءىنشى سۇرە 29ءىنشى ايات. «اقيقاتتى سويلە، اقيقاتتىڭ ءسوزىن ايت» دەپ، ءامىر ەتەر اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، ول، «كىم قالاسا، سەنسىن، ال كىم قالاسا، كۇپىرلىگىندە قالا بەرسىن» دەيدى. مىنە بۇل اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ادامدار ءۇشىن ءبىر حيكىمەتى ەدى، ال اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ حيكىمەتىنە سۇراۋ سالىنبايدى، دەمەك، ونىڭ بىلەتىنىن سالىستىرا المايمىز، ءبىزدىڭ ءبىلىم شەك-دارەجەمىز شەكتەۋلى عانا، سوندىقتان ءبىز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ شەگىنە مۇلدەم جەتە المايمىز. ال ادامزاتتىڭ ەڭ بيىگى ءبىزدىڭ پايعامبارىمىز ﷺ، ءتىپتى ادامداردىڭ، مىنا ءبىزدىڭ وسى پايعامبارىمىز ﷺعا جەتۋىمىز مۇمكىن ەمەس، ياعني ادامداردىڭ اقىل-ساناسى پايعامبارىمىز ﷺنىڭ بىلىمىمەن حيكىمەتىنە جەتە المايدى. ال اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا وسى پايعامبارىمىز ﷺعا، «اقيقاتتى سويلە، كىم قالاسا، سەنسىن، ال كىم قالاسا، بۇل ولاردىڭ وزىنە بايلانىستى» دەپ، ءامىر ەتتى.
ال سەنبەي كۇپىرلىكتە قالعاندار وتە قيىن سۇراققا كەزدەسەر، سول ءۇشىن يمان ەتۋ اسا زور نىعىمەت، ۇدايى ايتىپ جۇرگەنىمىزدەي، ول ءبىر ۇلىق مارتەبە، زور تابىس، راسىندا، ول ەڭ زور تابىس. سەبەبى، ەگەر ءسىز مىنا دۇنيەدە جەڭىسكە جەتسەڭىز دە، جەڭىلىسكە ۇشىراساڭىز دا، ءبارىبىر ونى تەڭشەپ، العا جۇرە بەرەرسىز، ءبىراق ولگەن كەزىڭىزدە، ەشتەڭە قايتىپ كەلمەس، قايتا الماس. سەبەبى، جان تاننەن شىققان سوڭ، ونىڭ مەكەنى باسقا جاق بولار، ال ءتانىڭىز ءوز جايىندا قالار، ەكەۋىنىڭ مەكەنى ۇقسامايدى، ەكەۋى سودان باستاپ، بىرگە بولا المايدى. مىنە وسى ءىس بولعاندا، دۇنيەنىڭ ەش پايداسى قالماس، سوندىقتان ءسىز اقيقاتتى سويلەۋىڭىز كەرەك، ءبىراق ەشكىمگە كۇش كورسەتپەڭىز، كىم يمان ەتكىسى كەلسە، يمان ەتىپ سەنەر، ءسىز بۇعان ەشكىمدى زورلاي المايسىز. ال ءقازىر ءبىز ادامداردىڭ يمانى ەڭ ءالسىز كەزدە تۇرمىز، سول ءۇشىن، «مەن بالەندى ىستەيمىن، تۇگىلەندى ىستەيمىن» دەمەڭىز، ءبىراق شىندىقتى ايتىڭىز، شىندىقتى سويلەيتىندەر ەشكىمنەن قورىقپاۋى كەرەك، ول ءسوز اقيقاتتىڭ ءسوزى. سەبەبى، ماجبۇرلەۋ جوق، «مەن مىنانى ايتامىن، كىم ونى قابىل ەتكىسى كەلسە، قابىل ەتسىن، ال قابىل ەتپەسە، بۇل ولاردىڭ ءوز ءىسى» دەڭىز، ءبىراق بىرەۋدى باسقا ۇرىپ، وعان كۇش كورسەتە المايسىز، ال ولاي ەتسەڭىز، بۇل سىزگە زياندى.
بۇل ءسوز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ادەمى ءسوزى، قابىل ەتىلەتىن نارسە مىنە وسى، دەمەك، حاقتى سويلەڭىز، كىم ونى قابىل ەتسە، قابىل ەتەر، ال قابىل ەتكىسى كەلمەگەندەر وزدەرى بىلەر. ولار، «مەن سەنەمىن، يا مەن سەنبەيمىن» دەر، ءبىراق ءسىز سەنسەڭىز، ۇتاتىن بولاسىز، ال سەنبەسەڭىز، ول ءسىز ءۇشىن ءبىر زور وكىنىش، زور ۇتىلىس بولماق، ول ورنى تولمايتىن اسا ۇلكەن ۇتىلىس بولماق. ال سەنبەگەن وسى ادام ەڭ سوڭعى تىنىسىندا يمانسىز حالدە بۇل دۇنيەدەن اتتاناتىن بولادى، اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي. ول كەزدە ونىڭ ورنىن تولەۋگە كەلمەيدى، ءبىراق مىنا دۇنيەدە ءتىرى جۇرگەندە ونىڭ ورنىن تولتىرۋعا بولادى، وعان مۇمكىندىك بار، دەمەك، ادام تاۋبە ەتىپ، كەشىرىم سۇراسا، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ونى كەشىرەتىن بولادى. الايدا، ادام سوڭعى تىنىسى كەتىپ، ولگەن سوڭ، بارلىعى كەش بولار، سوندىقتان، ءسىز حاقپەن بىرگە بولىڭىز، حاقتى سويلەڭىز، جانە حاقتى قابىل ەتىڭىز، ينشاللا. اللا ﷻ ءبىزدى حاقتى قابىل ەتكەندەردىڭ اراسىنان ەتكەي.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8645