https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8305
Сұхбат: әр заманда ферғауын бар, сопылыққа ермеген, шайтанмен қалады (2025.07.15 / Хижри 1447-жыл 20-Мұхаррам)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.
(Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Алла Әззә Уә-Жәллә, «әр адам өзі білетін нәрсені істесін, өз шаруасын істесін» дейді, Алла ﷻ әр адамды ұқсамайтын етіп жаратты, Ол кімді қаласа, көтереді, кімді қаласа, төмендетеді, міне бұл Алла Әззә Уә-Жәлләның қасиеті, ешкім өз еңбегімен көтеріле алмайды. Әрине, Алла Әззә Уә-Жәллә мәлім себепті тудырып, біреуді көтереді, сонымен бірге бұнда оны түсіретін мәлім себеп те бар, ал Алла ﷻ жолында болған адам, шынайы ықыласты адам ұдайы жоғарыға өрлейді. Адам қалай өрлемек? ол руханиятпен өрлейді, ал адам рухани өрлеген кезде, материял-мадда оған еш маңызды болмай қалады, Алла ﷻ оған мәлім адамдарды жіберіп, оған қызмет еттіріп қояды, ол не істекемші болса, олар соған қызмет өтейді. Егер адам Алла ﷻ үшін қызмет өтесе, Алла ﷻ оны көтерер, бірақ ол осы қызметті қаламаса, Алла ﷻ ға қарсы келсе, ол абыройын жоғалтар, ол құриды, және ол өзге адамдарды да зяндайтын болады. Сондықтан, адамдар Алла ﷻ мен бірге болсын, дүниемен араласпасын, оған берілмесін, ол істеген қызметін Алла ﷻ үшін істесін, Алла ﷻ үшін адамдарға пайдалы кісі болсын.
Ел-жұртқа пайдалы адам Алла Әззә Уә-Жәлләның құзіретінде ең сүйікті кісі болмақ, адамдарға пайдалы адам - ең қабыл етілген адам, пайғамбарымыз ﷺ осылай дер, ол, «араларыңдағы ең жақсыларың адамдарға жақсы болғандарың» дейді. Сондықтан мына дүниеде мұсылман кісі, мүмин кісі не істеп жатқанын біледі, біреу бірдеңе десе, оған соқырлықпен көзсіз еріп, өзіңді бұзып алма, құртып алма. Осыдан бәлен жыл бұрын мәлім іс (яғни фетоллаһ гүленнің бүлігі) болды, ол осыған үлкен ғибырат еді, демек біреулер шығып, Алла ﷻ үшін емес, бірақ жеке бас пайдасы үшін көптеген адамдарды құртқан еді, олар қарамаққа жақсы көрінеді, бірақ адамдарды құртады, олар адамдарға жақсылық емес, бірақ жамандық алып келеді. Ал Алла ﷻ үшін қызмет қылғандар Алла ﷻ қасында қабыл етіледі, себебі, бұнда осы дүние ғана емес, ақирет бар. Сендер исламның атын пайдаланып, көптеген адамдарды адастырып жібердіңдер, исламның атын жамылып, көптеген адамдарды жолдан шығардыңдар, сендер олардың дүниесін де, ақиретін де құрттыңдар, олар бұнысына ақиретте жауап беретін болады, ал Алла Әззә Уә-Жәллә үлкен есепті сендерден алады.
Алла ﷻ бізді панасына алғай, біз нәпсімізге ергендерден болмайық, әулие-машайықтар, Мәуләнә Шайық Назым хазірет, «адамның нәпсісі, ферғауынның нәпсісі әр заманда бар, ол үздіксіз келе жатыр» дейді, ал ферғауын, «мен сендердің ең ұлық құдайың» деп, өзін алдыға қойды, онан соң ол құрыды, жоқ болды, кетіп қалды. Ал оған ергендер де онымен бірге құрыды, сондықтан, бүлік-фитналар тура жолда келе жатқандар үшін ең үлкен қиындық болмақ, демек біреу жолдан шықса, өзгелерді де бос қоймас, ол ел-жұртты алдайды, тура жолдағыларды адастырады. Шүкір-Алла, сопылық тәриқаттағылар дүниеге көңіл бөлмес, қызмет өтеуге көңіл бөлер, олар ешкімге жамандық істемейді, жамандықты шайтанмен бірге болғандар істер, олар - нәпсілерін әбден үлкейтіп, семіртіп алғандар, олар - өз нәпсілерін тәуір санайтын біреулер. Айтып өткеніміздей, әр заманда ұдайы бір ферғауын бар, ол өз нәпсісін ерекше ұлық көреді, өзін аса ұлық адам санайды, көп адам оған ереді және өздерін құртып алады, ал кімнің жүрегінде күмән болса, Алла ﷻ оны панасына алғай, және сол күмәнды оның жүрегінен кетіргей. Тура жол белгілі тұр, тура нәрсе анық тұр, Алла ﷻ дың жолы сопылық тәриқат жолы, сопылық тәриқат дегеніміз Алла ﷻ ға бастау, ал сопылық тәриқатқа ермегендер, ең ақырына барғанда бәрібір шайтанмен бірге қалатын болады.
Жұрт ұдайы, «пірі жоқтың пірі шайтан» дейді, жағдай дәл осылай, Алла ﷻ бізді панасына алғай, себебі айтып өткеніміздей, шайтан ешқашан бос отырмайды, шайтан ұдайы бар, сонау Адам әлейхис-саламның кезінен бастап, адамдарды адастыру үшін шайтан сан түрлі айла-қулықтармен ор-тұзақтарды құрып келді. Сол үшін Алла ﷻ бізді панасына алғай, Алла ﷻ бізді оның кесір-кесапатынан қорғағай, Мәуләнә Шайық Назым хазірет айтқандай, шайтан демалмайды, пенсияға шықпайды. Ол тек адамдардың барлығы түгел азғындап кетсе ғана демалады, бірақ бұл да мүмкін емес, сондықтан сақ болуыңыз керек, қазіргі кезде көптеген ферғауын бар, ешқашан, «анау кетті, енді ешкім қалмады» демеңіз. Олар көп, олар әр жолы алдыңыздан ұқсамаған бейнемен шығады, сондықтан, сіз сақ болуыңыз керек. Әр күні мәлім жақтардан мәлім шағымданушы келіп, «бұл адам мынаны істеді, ананы істеді» дер, жә, сіз сонау баста сол адам жәйлы сұрауыңыз керек еді, тексеруіңіз керек еді. Ол жақсыма? ол кім? осылай сұрастырыңыз, сонан соң барып, жағдайға қарай іс қылыңыз. Алла ﷻ бізді панасына алғай, баршамызды алданып қалудан сақтағай, Алла ﷻ бізді тура жолдан бөліп жібермегей.
- Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайығы
#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопылық #намаз #алла #аллаһ #ораза #нақшыбанд #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: ءار زاماندا فەرعاۋىن بار، سوپىلىققا ەرمەگەن، شايتانمەن قالادى (2025.07.15 / حيجري 1447-جىل 20-مۇحاررام)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.
(Türkiye، Istanbul، Akbaba Dergah-دا ايتىلعان سۇحبات) اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «ءار ادام ءوزى بىلەتىن نارسەنى ىستەسىن، ءوز شارۋاسىن ىستەسىن» دەيدى، اللا ﷻ ءار ادامدى ۇقسامايتىن ەتىپ جاراتتى، ول كىمدى قالاسا، كوتەرەدى، كىمدى قالاسا، تومەندەتەدى، مىنە بۇل اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ قاسيەتى، ەشكىم ءوز ەڭبەگىمەن كوتەرىلە المايدى. ارينە، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءمالىم سەبەپتى تۋدىرىپ، بىرەۋدى كوتەرەدى، سونىمەن بىرگە بۇندا ونى تۇسىرەتىن ءمالىم سەبەپ تە بار، ال اللا ﷻ جولىندا بولعان ادام، شىنايى ىقىلاستى ادام ۇدايى جوعارىعا ورلەيدى. ادام قالاي ورلەمەك؟ ول رۋحانياتپەن ورلەيدى، ال ادام رۋحاني ورلەگەن كەزدە، ماتەريال-ماددا وعان ەش ماڭىزدى بولماي قالادى، اللا ﷻ وعان ءمالىم ادامداردى جىبەرىپ، وعان قىزمەت ەتتىرىپ قويادى، ول نە ىستەكەمشى بولسا، ولار سوعان قىزمەت وتەيدى. ەگەر ادام اللا ﷻ ءۇشىن قىزمەت وتەسە، اللا ﷻ ونى كوتەرەر، ءبىراق ول وسى قىزمەتتى قالاماسا، اللا ﷻ عا قارسى كەلسە، ول ابىرويىن جوعالتار، ول قۇريدى، جانە ول وزگە ادامداردى دا زياندايتىن بولادى. سوندىقتان، ادامدار اللا ﷻ مەن بىرگە بولسىن، دۇنيەمەن ارالاسپاسىن، وعان بەرىلمەسىن، ول ىستەگەن قىزمەتىن اللا ﷻ ءۇشىن ىستەسىن، اللا ﷻ ءۇشىن ادامدارعا پايدالى كىسى بولسىن.
ەل-جۇرتقا پايدالى ادام اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ قۇزىرەتىندە ەڭ سۇيىكتى كىسى بولماق، ادامدارعا پايدالى ادام - ەڭ قابىل ەتىلگەن ادام، پايعامبارىمىز ﷺ وسىلاي دەر، ول، «ارالارىڭداعى ەڭ جاقسىلارىڭ ادامدارعا جاقسى بولعاندارىڭ» دەيدى. سوندىقتان مىنا دۇنيەدە مۇسىلمان كىسى، ءمۇمين كىسى نە ىستەپ جاتقانىن بىلەدى، بىرەۋ بىردەڭە دەسە، وعان سوقىرلىقپەن كوزسىز ەرىپ، ءوزىڭدى بۇزىپ الما، قۇرتىپ الما. وسىدان بالەن جىل بۇرىن ءمالىم ءىس (ياعني فەتوللاھ گۇلەننىڭ بۇلىگى) بولدى، ول وسىعان ۇلكەن عيبىرات ەدى، دەمەك بىرەۋلەر شىعىپ، اللا ﷻ ءۇشىن ەمەس، ءبىراق جەكە باس پايداسى ءۇشىن كوپتەگەن ادامداردى قۇرتقان ەدى، ولار قاراماققا جاقسى كورىنەدى، ءبىراق ادامداردى قۇرتادى، ولار ادامدارعا جاقسىلىق ەمەس، ءبىراق جاماندىق الىپ كەلەدى. ال اللا ﷻ ءۇشىن قىزمەت قىلعاندار اللا ﷻ قاسىندا قابىل ەتىلەدى، سەبەبى، بۇندا وسى دۇنيە عانا ەمەس، اقيرەت بار. سەندەر يسلامنىڭ اتىن پايدالانىپ، كوپتەگەن ادامداردى اداستىرىپ جىبەردىڭدەر، يسلامنىڭ اتىن جامىلىپ، كوپتەگەن ادامداردى جولدان شىعاردىڭدار، سەندەر ولاردىڭ دۇنيەسىن دە، اقيرەتىن دە قۇرتتىڭدار، ولار بۇنىسىنا اقيرەتتە جاۋاپ بەرەتىن بولادى، ال اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ۇلكەن ەسەپتى سەندەردەن الادى.
اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي، ءبىز ناپسىمىزگە ەرگەندەردەن بولمايىق، اۋليە-ماشايىقتار، ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت، «ادامنىڭ ءناپسىسى، فەرعاۋىننىڭ ءناپسىسى ءار زاماندا بار، ول ۇزدىكسىز كەلە جاتىر» دەيدى، ال فەرعاۋىن، «مەن سەندەردىڭ ەڭ ۇلىق قۇدايىڭ» دەپ، ءوزىن الدىعا قويدى، ونان سوڭ ول قۇرىدى، جوق بولدى، كەتىپ قالدى. ال وعان ەرگەندەر دە ونىمەن بىرگە قۇرىدى، سوندىقتان، بۇلىك-فيتنالار تۋرا جولدا كەلە جاتقاندار ءۇشىن ەڭ ۇلكەن قيىندىق بولماق، دەمەك بىرەۋ جولدان شىقسا، وزگەلەردى دە بوس قويماس، ول ەل-جۇرتتى الدايدى، تۋرا جولداعىلاردى اداستىرادى. شۇكىر-اللا، سوپىلىق ءتاريقاتتاعىلار دۇنيەگە كوڭىل بولمەس، قىزمەت وتەۋگە كوڭىل بولەر، ولار ەشكىمگە جاماندىق ىستەمەيدى، جاماندىقتى شايتانمەن بىرگە بولعاندار ىستەر، ولار - ناپسىلەرىن ابدەن ۇلكەيتىپ، سەمىرتىپ العاندار، ولار - ءوز ناپسىلەرىن ءتاۋىر سانايتىن بىرەۋلەر. ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ءار زاماندا ۇدايى ءبىر فەرعاۋىن بار، ول ءوز ءناپسىسىن ەرەكشە ۇلىق كورەدى، ءوزىن اسا ۇلىق ادام سانايدى، كوپ ادام وعان ەرەدى جانە وزدەرىن قۇرتىپ الادى، ال كىمنىڭ جۇرەگىندە كۇمان بولسا، اللا ﷻ ونى پاناسىنا العاي، جانە سول كۇماندى ونىڭ جۇرەگىنەن كەتىرگەي. تۋرا جول بەلگىلى تۇر، تۋرا نارسە انىق تۇر، اللا ﷻ دىڭ جولى سوپىلىق ءتاريقات جولى، سوپىلىق ءتاريقات دەگەنىمىز اللا ﷻ عا باستاۋ، ال سوپىلىق ءتاريقاتقا ەرمەگەندەر، ەڭ اقىرىنا بارعاندا ءبارىبىر شايتانمەن بىرگە قالاتىن بولادى.
جۇرت ۇدايى، «ءپىرى جوقتىڭ ءپىرى شايتان» دەيدى، جاعداي ءدال وسىلاي، اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي، سەبەبى ايتىپ وتكەنىمىزدەي، شايتان ەشقاشان بوس وتىرمايدى، شايتان ۇدايى بار، سوناۋ ادام الەيحيس-سالامنىڭ كەزىنەن باستاپ، ادامداردى اداستىرۋ ءۇشىن شايتان سان ءتۇرلى ايلا-قۋلىقتارمەن ور-تۇزاقتاردى قۇرىپ كەلدى. سول ءۇشىن اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي، اللا ﷻ ءبىزدى ونىڭ كەسىر-كەساپاتىنان قورعاعاي، ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت ايتقانداي، شايتان دەمالمايدى، پەنسياعا شىقپايدى. ول تەك ادامداردىڭ بارلىعى تۇگەل ازعىنداپ كەتسە عانا دەمالادى، ءبىراق بۇل دا مۇمكىن ەمەس، سوندىقتان ساق بولۋىڭىز كەرەك، قازىرگى كەزدە كوپتەگەن فەرعاۋىن بار، ەشقاشان، «اناۋ كەتتى، ەندى ەشكىم قالمادى» دەمەڭىز. ولار كوپ، ولار ءار جولى الدىڭىزدان ۇقساماعان بەينەمەن شىعادى، سوندىقتان، ءسىز ساق بولۋىڭىز كەرەك. ءار كۇنى ءمالىم جاقتاردان ءمالىم شاعىمدانۋشى كەلىپ، «بۇل ادام مىنانى ىستەدى، انانى ىستەدى» دەر، ءجا، ءسىز سوناۋ باستا سول ادام ءجايلى سۇراۋىڭىز كەرەك ەدى، تەكسەرۋىڭىز كەرەك ەدى. ول جاقسىما؟ ول كىم؟ وسىلاي سۇراستىرىڭىز، سونان سوڭ بارىپ، جاعدايعا قاراي ءىس قىلىڭىز. اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي، بارشامىزدى الدانىپ قالۋدان ساقتاعاي، اللا ﷻ ءبىزدى تۋرا جولدان ءبولىپ جىبەرمەگەي.
- ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايىعى
#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاھ #ورازا #ناقشىباند #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8305