БҰЛ ДҮНИЕДЕ КЕЗДЕСКЕН АДАМҒА ӘЛМИСАҚТА КЕЗДЕСІП БОЛҒАНСЫҢ

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8591
БҰЛ ДҮНИЕДЕ КЕЗДЕСКЕН АДАМҒА ӘЛМИСАҚТА КЕЗДЕСІП БОЛҒАНСЫҢ
жан-рух аса сырлы болып, оның нақ сыры тек Аллаға аян, оған адам ақылы жетпейді, сондықтан кім жанды зеріттемек болса, ол адасып кетер, иманы бұзылар. Ал біз жан жәйлы тек пайғамбарымызбен әулиелер арқылы білдірілген нәрселерден басқа білмейміз. Жан тәннен бұрынғы сонау әлмисақта пайғамбарымыздың нұрынан жаратылған. Сол әлмисақта бүкіл жан Раббысы Алланы танып, серт берген болатын, ол әлмисақ уәдесі еді. Осы жандар араласып, өзара кездеседі, және олардың кейбірі бірін-бірі жек көрсе, кейбірі бірін-бірі ұнатты. Ал сіз осы өмірде кімге кездессеңіз, сіздің жаныңыз оның жанына сонау әлмисақта кездесіп болған. Жақсы көрсеңіз де солай, сонау әлмисақта сіздің жаныңыз оның жанын жақсы көріп болған. Жек көрсеңіз де сол, оны әлмисақта жек көргенсіз. Ал бұндағы маңыздысы кімге ғашық болып, кімді сүйгеніңіз болмақ. Егер осы өмірде жақсы адамды сүйген болсаңыз, ол жақсылықтың нышаны. Ал жаман адамды сүйген болсаңыз, ол жамандықтың нышаны. Демек, әлмисақта кімді сүйсеңіз, мына дүниеде де соны сүйесіз, ал ақиретке барғанда сонымен бірге боласыз. Бірақ сүю ісі қиын іс, сондықтан, егер біреу тағы біреуді шын сүйіп өтсе, оған шәхиттік дәреже беріледі. Ал әулиелер сүюдің үш түрі бар дейді. Олар, көзбен сүю, жүрекпен сүю, жанмен сүю. Олар тағы, 'көзбен сүйгендерде қоштасу бар, жүрекпен жанмен сүйгендерде қоштасу жоқ, ол мәңгілік' дейді. Демек, олар ақиретте мәңгі бірге болады. Жан аса сырлы, пайғамбарымыздың нұры шыр айналғанда, күллі адамзаттың жандары одан жаңбырша төгіле, шашырап шығады. Ал оның маңдай, жүз, мойын, кеудесінен атып шыққан жандар осы дүниеге келгенде әулие, игі ғұлама, салихтар болды. Ал төмен арт жағынан шыққан жандар осы дүниеде ферғауын сияқты күпірлерден болды. Одан жандар пайғамбарымыздың нұрын шыр айналар, сол кезде оларға пайғамбарымыздың нұрына қарау әмір етіледі. Сонда манағы күпірлердің жандары нұрға қарамай, теріс тұрып алды. Міне бұлар жан жаралғанда болған, бізге жеткен аз ғана хабарлар. Ол жәйлы осындай ғана айтылар. Ал әулиелер құранды жанмен оқи алады, жәй адамдар көзбен әріп оқиды. Сол үшін әйгілі әулие Мәуләнә Руми хазірет, 'құранды көзбен оқысаң, әріп көресің, ақылмен оқысаң, білім көресің, жүрекпен оқысаң, махаббат көресің, ал жанмен оқысаң, Алланы көресің' дейді. Демек, жанның қуаты орасан зор, оның күшін мына күллі әлем, галактика көтере алмас. Сондықтан, исламда, 'егер жанның қуаты осы дүниеде көрсетілсе, күн де күйіп кетер' делінеді. Ал қазіргі ғалымдар әр адамның бойында 700 трилион волттық жасырын электр күші барлығын айтуда. Әдетте, ең күшті найзағайда 1 миллион волттық күш бар. Міне бұлар жан қуатына байланысты болмашы нәрселер. Ал жанның шын құпиясы бір Аллаға аян, оған қашан өлетініне, басында қанша шашы барына ақылы жетпейтін адамдардың ақылы қайдан жетсін.
بۇل دۇنيەدە كەزدەسكەن ادامعا ءالميساقتا كەزدەسىپ بولعانسىڭ
جان-رۋح اسا سىرلى بولىپ، ونىڭ ناق سىرى تەك اللاعا ايان، وعان ادام اقىلى جەتپەيدى، سوندىقتان كىم جاندى زەرىتتەمەك بولسا، ول اداسىپ كەتەر، يمانى بۇزىلار. ال ءبىز جان ءجايلى تەك پايعامبارىمىزبەن اۋليەلەر ارقىلى بىلدىرىلگەن نارسەلەردەن باسقا بىلمەيمىز. جان تاننەن بۇرىنعى سوناۋ ءالميساقتا پايعامبارىمىزدىڭ نۇرىنان جاراتىلعان. سول ءالميساقتا بۇكىل جان راببىسى اللانى تانىپ، سەرت بەرگەن بولاتىن، ول ءالميساق ۋادەسى ەدى. وسى جاندار ارالاسىپ، ءوزارا كەزدەسەدى، جانە ولاردىڭ كەيبىرى ءبىرىن-ءبىرى جەك كورسە، كەيبىرى ءبىرىن-ءبىرى ۇناتتى. ال ءسىز وسى ومىردە كىمگە كەزدەسسەڭىز، ءسىزدىڭ جانىڭىز ونىڭ جانىنا سوناۋ ءالميساقتا كەزدەسىپ بولعان. جاقسى كورسەڭىز دە سولاي، سوناۋ ءالميساقتا ءسىزدىڭ جانىڭىز ونىڭ جانىن جاقسى كورىپ بولعان. جەك كورسەڭىز دە سول، ونى ءالميساقتا جەك كورگەنسىز. ال بۇنداعى ماڭىزدىسى كىمگە عاشىق بولىپ، كىمدى سۇيگەنىڭىز بولماق. ەگەر وسى ومىردە جاقسى ادامدى سۇيگەن بولساڭىز، ول جاقسىلىقتىڭ نىشانى. ال جامان ادامدى سۇيگەن بولساڭىز، ول جاماندىقتىڭ نىشانى. دەمەك، ءالميساقتا كىمدى سۇيسەڭىز، مىنا دۇنيەدە دە سونى سۇيەسىز، ال اقيرەتكە بارعاندا سونىمەن بىرگە بولاسىز. ءبىراق ءسۇيۋ ءىسى قيىن ءىس، سوندىقتان، ەگەر بىرەۋ تاعى بىرەۋدى شىن ءسۇيىپ وتسە، وعان شاحيتتىك دارەجە بەرىلەدى. ال اۋليەلەر ءسۇيۋدىڭ ءۇش ءتۇرى بار دەيدى. ولار، كوزبەن ءسۇيۋ، جۇرەكپەن ءسۇيۋ، جانمەن ءسۇيۋ. ولار تاعى، 'كوزبەن سۇيگەندەردە قوشتاسۋ بار، جۇرەكپەن جانمەن سۇيگەندەردە قوشتاسۋ جوق، ول ماڭگىلىك' دەيدى. دەمەك، ولار اقيرەتتە ماڭگى بىرگە بولادى. جان اسا سىرلى، پايعامبارىمىزدىڭ نۇرى شىر اينالعاندا، كۇللى ادامزاتتىڭ جاندارى ودان جاڭبىرشا توگىلە، شاشىراپ شىعادى. ال ونىڭ ماڭداي، ءجۇز، مويىن، كەۋدەسىنەن اتىپ شىققان جاندار وسى دۇنيەگە كەلگەندە اۋليە، يگى عۇلاما، ساليحتار بولدى. ال تومەن ارت جاعىنان شىققان جاندار وسى دۇنيەدە فەرعاۋىن سياقتى كۇپىرلەردەن بولدى. ودان جاندار پايعامبارىمىزدىڭ نۇرىن شىر اينالار، سول كەزدە ولارعا پايعامبارىمىزدىڭ نۇرىنا قاراۋ ءامىر ەتىلەدى. سوندا ماناعى كۇپىرلەردىڭ جاندارى نۇرعا قاراماي، تەرىس تۇرىپ الدى. مىنە بۇلار جان جارالعاندا بولعان، بىزگە جەتكەن از عانا حابارلار. ول ءجايلى وسىنداي عانا ايتىلار. ال اۋليەلەر قۇراندى جانمەن وقي الادى، ءجاي ادامدار كوزبەن ءارىپ وقيدى. سول ءۇشىن ايگىلى اۋليە ءماۋلانا رۋمي حازىرەت، 'قۇراندى كوزبەن وقىساڭ، ءارىپ كورەسىڭ، اقىلمەن وقىساڭ، ءبىلىم كورەسىڭ، جۇرەكپەن وقىساڭ، ماحاببات كورەسىڭ، ال جانمەن وقىساڭ، اللانى كورەسىڭ' دەيدى. دەمەك، جاننىڭ قۋاتى وراسان زور، ونىڭ كۇشىن مىنا كۇللى الەم، گالاكتيكا كوتەرە الماس. سوندىقتان، يسلامدا، 'ەگەر جاننىڭ قۋاتى وسى دۇنيەدە كورسەتىلسە، كۇن دە كۇيىپ كەتەر' دەلىنەدى. ال قازىرگى عالىمدار ءار ادامنىڭ بويىندا 700 تريليون ۆولتتىق جاسىرىن ەلەكتر كۇشى بارلىعىن ايتۋدا. ادەتتە، ەڭ كۇشتى نايزاعايدا 1 ميلليون ۆولتتىق كۇش بار. مىنە بۇلار جان قۋاتىنا بايلانىستى بولماشى نارسەلەر. ال جاننىڭ شىن قۇپياسى ءبىر اللاعا ايان، وعان قاشان ولەتىنىنە، باسىندا قانشا شاشى بارىنا اقىلى جەتپەيتىن ادامداردىڭ اقىلى قايدان جەتسىن.
#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8591