ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ, 'СЕМІЗДЕР ҚАПТАР' ДЕЙДІ, АЛ АЛЛА СЕМІЗДЕРДІ ЖАҚСЫ КӨРМЕЙДІ

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8571
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ, 'СЕМІЗДЕР ҚАПТАР' ДЕЙДІ, АЛ АЛЛА СЕМІЗДЕРДІ ЖАҚСЫ КӨРМЕЙДІ
пайғамбарымыз мәлім сахабасына, 'кейін бір заман болғанда сондай адамдар келеді, олар адал болмайды, көп өтірік айтады, сенімді болмайды, өтірік куәгерлік қыла береді, уәде берер, бірақ уәдесін орындамайды, және олардың арасында семіздік жаппай етек алар' дейді. Расында, осы кездің адамдары тым сенімсіз, әдепсіз, арсыз, тәкаппар келеді, оларға сенуге келмейді, жалған істі көп істейді, және бұл оларға әдет болып кеткен. Қазір екінің бірі семіз болып, семіздік әр жерде кең етек алды. Ал пайғамбарымыз оны алдын ала айтып кеткен. Мұсылмандар арасында да семіздік тым өршіп тұр, мінбелерде жұртқа үлгі болып, уағыз-нәсихат айтатын молдаларға дейін семіріп, құрсақтары салақтап тұр. Яғни қазан құрсақ имам-молдалар да көбейіп кетті, жас балаларда да семіру дерті өршіп тұр. Ал шындығында семіздік Алла алдында жек көрілген іске жатады. Себебі, семіздік артық жеуден келетін ысырапқа жатады. Ал құранда Алла, 'ішіп же, бірақ ысырап етпе, Алла ысырапшылды жек көрер' дейді. Алла семіз адамдарды ұнатпайды, пайғамбарымыз да, әулиелер де семіздікті ұнатпайды. Тіпті пайғамбарымыздың заманында адамдар семіз кісі көрсе, оларға қарағысы келмейтін кездер де болған. Исламда тамақ жейтіндер үш түрге бөлінеді. Бірінші топ, олар тамақ болса, не келсе, соны уақытқа қарамай жей беретін адамдар. Бұлар надан адамдар тобы болып, харекеті хайуанға ұқсайды. Екінші топ, олар құрсағы ашқан кезде ғана тамақ жейтін, ал аштығы басылғанда, я тоя бергенде тамақ жеуді тоқтататын адамдар. Міне бұлар тепе теңдігін сақтай білетін, жақсы мәнері бар адамдар. Үшінші топ, олар өздерін аш ұстап, қалауларын жеңе білетін адамдар. Олар қажет кезде ғана, аштығын басу үшін ғана тамақ жейді. Міне бұлар салихтармен тақуалардың тамақ жеу дағдысы. Тамақты сыйырша соғып, жеті ішегі толғанша жеу кәпірлердің мінезі еді, ал мүмин бір ішегіне жейді. Ал бұхаримен Мүсілимде келген бір хадисте пайғамбарымыз, 'қияметтегі қайта тірілген күнде Алла алдына әкелінген бір семіз адамның құны маса қанатының құнынан да аз болар' дейді. Демек, семіздік Алла алдында да жек көрілген іске жатады. Семіздік зейінді түсіріп, қозғалыспен намазды қиын етеді. Сондықтан имам ШАФИҒИ ХАЗІРЕТ, 'мен семіз адамдардың арасында ақылы ұшқыр адам көрген емеспін' дейді. Исламда тамақ жеу мына жеті түрге бөлінген. Бірінші, өлмей жансақтайтындай жеу, бұл ашаршылықта болар. Екінші, намаз құлшылық өтеп, ораза ұстауға жететіндей күш берерлік тамақ жеу. Үшінші, парыздан тыс сүннет және нәфил құлшылық өтеуге жетерлік қуат беретіндей тамақ жеу. Төртінші, жұмыс істеп, риздық табуға жетерлік тамақ жеу. Бесінші, екі ішегі толғанша жеу. Алтыншы, үш ішектен көп жеу. Жетінші, жеті ішегі толып, денсаулықты бұзғанша жеу. Әдетте, үшінші, төртінші түр бойынша тамақ жеу қалыпты болмақ. Ал алтыншы, жетінші түр бойынша тамақ жеу адамға залалды болмақ.
پايعامبارىمىز، 'سەمىزدەر قاپتار' دەيدى، ال اللا سەمىزدەردى جاقسى كورمەيدى
پايعامبارىمىز ءمالىم ساحاباسىنا، 'كەيىن ءبىر زامان بولعاندا سونداي ادامدار كەلەدى، ولار ادال بولمايدى، كوپ وتىرىك ايتادى، سەنىمدى بولمايدى، وتىرىك كۋاگەرلىك قىلا بەرەدى، ۋادە بەرەر، ءبىراق ۋادەسىن ورىندامايدى، جانە ولاردىڭ اراسىندا سەمىزدىك جاپپاي ەتەك الار' دەيدى. راسىندا، وسى كەزدىڭ ادامدارى تىم سەنىمسىز، ادەپسىز، ارسىز، تاكاپپار كەلەدى، ولارعا سەنۋگە كەلمەيدى، جالعان ءىستى كوپ ىستەيدى، جانە بۇل ولارعا ادەت بولىپ كەتكەن. ءقازىر ەكىنىڭ ءبىرى سەمىز بولىپ، سەمىزدىك ءار جەردە كەڭ ەتەك الدى. ال پايعامبارىمىز ونى الدىن الا ايتىپ كەتكەن. مۇسىلماندار اراسىندا دا سەمىزدىك تىم ءورشىپ تۇر، مىنبەلەردە جۇرتقا ۇلگى بولىپ، ۋاعىز-ءناسيحات ايتاتىن مولدالارعا دەيىن سەمىرىپ، قۇرساقتارى سالاقتاپ تۇر. ياعني قازان قۇرساق يمام-مولدالار دا كوبەيىپ كەتتى، جاس بالالاردا دا سەمىرۋ دەرتى ءورشىپ تۇر. ال شىندىعىندا سەمىزدىك اللا الدىندا جەك كورىلگەن ىسكە جاتادى. سەبەبى، سەمىزدىك ارتىق جەۋدەن كەلەتىن ىسىراپقا جاتادى. ال قۇراندا اللا، 'ءىشىپ جە، ءبىراق ىسىراپ ەتپە، اللا ىسىراپشىلدى جەك كورەر' دەيدى. اللا سەمىز ادامداردى ۇناتپايدى، پايعامبارىمىز دا، اۋليەلەر دە سەمىزدىكتى ۇناتپايدى. ءتىپتى پايعامبارىمىزدىڭ زامانىندا ادامدار سەمىز كىسى كورسە، ولارعا قاراعىسى كەلمەيتىن كەزدەر دە بولعان. يسلامدا تاماق جەيتىندەر ءۇش تۇرگە بولىنەدى. ءبىرىنشى توپ، ولار تاماق بولسا، نە كەلسە، سونى ۋاقىتقا قاراماي جەي بەرەتىن ادامدار. بۇلار نادان ادامدار توبى بولىپ، حارەكەتى حايۋانعا ۇقسايدى. ەكىنشى توپ، ولار قۇرساعى اشقان كەزدە عانا تاماق جەيتىن، ال اشتىعى باسىلعاندا، يا تويا بەرگەندە تاماق جەۋدى توقتاتاتىن ادامدار. مىنە بۇلار تەپە تەڭدىگىن ساقتاي بىلەتىن، جاقسى مانەرى بار ادامدار. ءۇشىنشى توپ، ولار وزدەرىن اش ۇستاپ، قالاۋلارىن جەڭە بىلەتىن ادامدار. ولار قاجەت كەزدە عانا، اشتىعىن باسۋ ءۇشىن عانا تاماق جەيدى. مىنە بۇلار ساليحتارمەن تاقۋالاردىڭ تاماق جەۋ داعدىسى. تاماقتى سىيىرشا سوعىپ، جەتى ىشەگى تولعانشا جەۋ كاپىرلەردىڭ مىنەزى ەدى، ال ءمۇمين ءبىر ىشەگىنە جەيدى. ال بۇحاريمەن مۇسىليمدە كەلگەن ءبىر حاديستە پايعامبارىمىز، 'قيامەتتەگى قايتا تىرىلگەن كۇندە اللا الدىنا اكەلىنگەن ءبىر سەمىز ادامنىڭ قۇنى ماسا قاناتىنىڭ قۇنىنان دا از بولار' دەيدى. دەمەك، سەمىزدىك اللا الدىندا دا جەك كورىلگەن ىسكە جاتادى. سەمىزدىك زەيىندى ءتۇسىرىپ، قوزعالىسپەن نامازدى قيىن ەتەدى. سوندىقتان يمام شافيعي حازىرەت، 'مەن سەمىز ادامداردىڭ اراسىندا اقىلى ۇشقىر ادام كورگەن ەمەسپىن' دەيدى. يسلامدا تاماق جەۋ مىنا جەتى تۇرگە بولىنگەن. ءبىرىنشى، ولمەي جانساقتايتىنداي جەۋ، بۇل اشارشىلىقتا بولار. ەكىنشى، ناماز قۇلشىلىق وتەپ، ورازا ۇستاۋعا جەتەتىندەي كۇش بەرەرلىك تاماق جەۋ. ءۇشىنشى، پارىزدان تىس سۇننەت جانە ءنافيل قۇلشىلىق وتەۋگە جەتەرلىك قۋات بەرەتىندەي تاماق جەۋ. ءتورتىنشى، جۇمىس ىستەپ، ريزدىق تابۋعا جەتەرلىك تاماق جەۋ. بەسىنشى، ەكى ىشەگى تولعانشا جەۋ. التىنشى، ءۇش ىشەكتەن كوپ جەۋ. جەتىنشى، جەتى ىشەگى تولىپ، دەنساۋلىقتى بۇزعانشا جەۋ. ادەتتە، ءۇشىنشى، ءتورتىنشى ءتۇر بويىنشا تاماق جەۋ قالىپتى بولماق. ال التىنشى، جەتىنشى ءتۇر بويىنشا تاماق جەۋ ادامعا زالالدى بولماق.
#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8571