You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: әмерика құрлығында да пайғамбарлар өткен, Мәхди келгенде барлық құпиялар ашылады (2025.11.03 / Хижри 1447-жыл 12-Жұмадал Әл-Ауал)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8567
Сұхбат: әмерика құрлығында да пайғамбарлар өткен, Мәхди келгенде барлық құпиялар ашылады (2025.11.03 / Хижри 1447-жыл 12-Жұмадал Әл-Ауал)
Исламбол (Станбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

(Chile, Santiago-да айтылған сұхбат) Әлхамдулилла, біз елімізден өте алыс жерлерде тұратын осындай адамдармен кездестірген Алла ﷻға алғыс айтамыз, біздің жолымыз нұрдың жолы болған пайғамбарымыз ﷺның жолы, барлық пайғамбарлар ел арасын сапарлап өткенде, оларды жәннәтқа әкету үшін оларға хақты айтатын еді. Ал біздің жиналысымыз тек Алла ﷻ үшін, Алла Әззә уә-Жәллә осындай жиныдарды жақсы көреді, және оларды берекелейді. Ал бұнда ниеті тек Алла ﷻдың ризалығы үшін болған осындай жиын-отырыстар жәйлы айтылған пайғамбарымыз ﷺның көптеген хадистері бар, және Алла Әззә уә-Жәлләның да ондай жиындар жәйлы айтылған сөздері көп. Пайғамбарымыз ﷺ бір хадисінде, «Алла ﷻ Алла үшін жиналған адамдардың табанына періштелердің қанаттарын төсеп қояды, және оларға өз рахымын жіберер» дейді. Пайғамбарымыз ﷺ тағы да, «екі мұсылман бауыр Алла ﷻ үшін кездескенде, Алла ﷻ оларға сауап береді, және олардың әрбір қадамы үшін бір күнәсін кешіріп, бір сауап береді, тағы бір дәреже көтерер» дейді.

Әлхамдулилла, біз де сонау алыс жерден келдік, иншалла, бұның барлығы баршамызға сауап болар, шын жеңу міне осы, біз шын жеңіске жетушілерміз, себебі бұлар Алла Әззә уә-Жәлләның илаһи құзіретінде сақталынады, ал ақиретте оны тауып аламыз. Ол кәдімгі бәнкеге ақша салып, одан соң бірдеңе ұтып алғанға ұқсайды, бұндай нәрсе біздің елде де, көптеген елдерде де бар. Адамдар ақшасын бәнкеге салар, бірақ бәнке оны бермей қоятын жағдай бар, ал Алла ﷻ илаһи құзіретінде ол сіз үшін сақталынады, қысқа уақыт үшін емес, бірақ мәңгілік сақталынар. Міне бұл Алла ﷻдың адам баласына деген жомарттығынан, Алла ﷻ жаратушы-дүр, бүкіл барлығы Оның қолында, және барлығы Алла ﷻ үшін, бүкіл әлем, және басқа барлығы да Алла үшін. Алла ﷻ біздің құлшылығымызға мұхтаж емес, Ол оны да, және біздің істеп жатқан бар ісімізді де керек етпейді, бірақ сіз осыларды істесеңіз, Ол сізге риза болады. Ал Алла ﷻ риза болса, сіз ұтасыз, әдетте адамдар өзгелердің жеңіске жетіп, бірдеңе ұтып алғанын ұнатпайды, тіпті олардың қолында милион-милион болса да, бірдеңе бергенге қуанбайды. Тіпті олардың байлығы мыңдаған жылға жетерлік болса да, олар ештеңе бере алмайды, бірақ Алла Әззә уә-Жәллә санамастан хисапсыз бере береді, «بِغَيْرِ حِسَابٍ» яғни (бихайри хисаб) делінер, (құран 39інш сүре 10інші аят).

Егер сіз кейбір жақсы амал істесеңіз, Алла ﷻ оған он еседен жеті жүз есеге дейін сауап береді, онан соң Алла ﷻ оған тағы да қанша есе сауап қосады, оны Өзі білер, міне бұл бағы зор тәлейлі адамдар үшін еді. Көптеген адамдар ақиқатты біледі, жақсы жолды біледі, бірақ олар оған ермейді, сондықтан Алла ﷻ, Алла махаббаты үшін осында жиналған сіздер сияқты адамдарға риза болады. Әрине, бұл әмерика құрлығында, осы өңірлерде адамдар өмір сүргелі неше мыңдаған жылдар болды, біреулер, «бұл - бір жаңа құрлық» дейді, жоқ, мүлдем олай емес, бұндағы адамдар бұл құрлықта сонау Адам әлехиссаламның заманынан бері бар, ал Адам ата күллі адамзаттың әкесі. Алла Әззә уә-Жәллә барлық адам баласын Адам әлейхиссалам арқылы жасап таратты, және Алла Әззә уә-Жәллә өз хикіметімен әр адамның не жейтінін, қай кезде жейтінін, және қайда өлетінін жазып қойды. Алла ﷻ бұны әр адам үшін алдын ала бекітіп қойған, сондықтан бұл құрлықтағы адамдар Алла ﷻға білінбей қалған адамдар емес. Оларды Алла ﷻ жаратты, олар мүмкін бұнда 5000 жыл бұрын, я он мың жыл бұрын келді, жершарындағы бұл өңірге адамдардың қашан жеткенін Алла ﷻ өзі біледі.

Сондықтан, әлхамдулилла, біз осы құрлықта көптеген жерлерді зиярат еттік, ақырында білгеніміз сол, Алла Әззә уә-Жәллә құранда, бисмиллахиррахманиррахим, «‎وَلِكُلِّ قَوْمٍ هَادٍ», «уәкүлли қуаминхад» яғни «әр қауым үшін бір жол көрсетуші бар» деп атап өтеді, (құран 13інші сүре 7інші аят). Демек әр ұлт-қауым үшін оларды ақиқатқа бастайтын жол көрсетуші бар, адамдар жиналған әр жерге Алла ﷻ пайғамбар жіберген, бұл құрлықта да, осы жерлерде де солай, яғни бұнда да пайғамбар өткен, демек әр жерде пайғамбар болған. Бірақ әрине, адамдар дереу өзгерер, яғни олар онымен бес жылдай тұрған соң, өзгере бастайды, содан олар тағы да ақырын-ақырын өзгеріп, біраз уақыт өткен соң, олар, «бұл өңірлерде пайғамбар болмаған» деп ойлап қалады. Алайда, жердің әр өңірінде пайғамбар болған, әрине, бұл пайғамбарлар Иса әлейхиссаламнан бұрынғы пайғамбарлар еді, одан бері мыңдаған жылдар өтті, адамдар да өзгерді. Бірақ сонда да бұл жерлерде біраз құрмет бар еді, немесе олар бірдеңеге еру керек болды да, пайдасы жоқ нәрселерге құлшылық ететін болып алды. Одан соң олар неше мыңдаған жылдар бойы осылай өмір сүріп жүрді. Ал мен олардың не істеп жүргенін білмедім, бірақ соңында біреулер шығып, «біз жаңа құрлық таптық» деп жар салды да, басқа адамдар осы жаңа өңірге келіп, отырақтаса бастады. Міне осылай, Алла ﷻ адамзаттың өмірін ақырластыруда, Ол адамзатқа бүкіл дүниені біртіндеп аралатты, жер шолғызды.

Бұрын айтып өткеніміздей, Алла ﷻ оларды осында келтірді, олар жақсы істерді істер, бірақ әрине, тым жақсы да емес, жоқ, олар жамандық істеді, жақсыдан әлдеқайда жаман істерді қылды, бірақ олардың жейтін риздықтары осы мемлекетте болғандықтан, осында келіп қалды. Алайда бақытсыздыққа орай, бұнда келген адамдар бұнда зұлымдық істеп, ешкімге Алла Әззә уә-Жәлләны ойламайтын, дінді ойламайтын, я басқа оңды бірдеңені ойламайтын етіп тастады. Олар діндегі жақсы болған нәрселерді басқа сенімге өзгертіп, оны тек адамдарға зұлымдық қылу үшін істетті. Солай, Алла Әззә уә-Жәллә, сүбіханАлла, бұнда келіп, Алла ﷻның әміріндегідей мұсылман сияқты өмір сүргісі келген адамдар болды, бірақ зұлымдар оларға еш орай бермеді. Алла Әззә уә-Жәллә бұларға барлығын берді, бұндағы барлық елдер, машалла, мыңдаған шақырымға созылған, біз ұшақпен де, машинамен де жүрдік, жәяу жалпы да жүрдік, расында тамаша екен, өте бай жерлер, Алла Әззә уә-Жәллә оларға барлығын беріпті. СүбіханАлла, ал біз осы жақта мәлім мәселелердің болып жатқанын естіп жатамыз, бұндағы адамдар қуана алмайды, басқа елдегілер сияқты емес, олар жақсы болмаған істерді істер. Ал бұнда да бір хикімет бар, ол не хикімет? себебі бұнда бұрын адамдарға аса зор зұлымдықтармен көптеген жамандықтар істелінген, сол үшін бұл жаман нәрселер бұндағыларға бейне бір мұра сияқты жалғанып келеді.

Демек олардың ата-бабаларының істегендері қазірге дейін жалғасып келеді, сіз осы құрлыққа келіп жатқан милиондаған мұсылманды көресіз, бірақ оларда исламның еш белгісі қалмады, әйтпесе, олар онда 24 я 30 жыл бұрын ғана келген еді. Ал бұның шешімі не? шешім мынау, өкіне тәубе етіп, Алла ﷻдан кешірім сұрау керек. «أسِلمتَ ْسلَم», «әслім тәсілім» яғни «мұсылман бол, аман қаласың» делінер, демек бағынып, бой ұсыныңыз, сонда сіз аман боласыз, ислам діні бейбітшілік діні, ол ешбір зұлымдықты қабыл етпейді, ондағы ең бірінші іс әділдік. Бұл исламда аса маңызды, қазір барлық адам, «демократия» дер, және басқа бірдеңелерді айтар, олар әр жолы осылай жаңа нәрселерді алып келеді, бірақ оларында еш әділдік жоқ. Қазір мына дүниедегі ешбір елде әділдік жоқ, ал кім, «мына елде, я ана елде әділдік бар» десе, ол өтірікші суайыт болмақ, олардың аталмыш әділдігі әділдік сияқты көрінеді, бірақ ақиқатында ол екіжүзді мұафиықтықтан басқа ештеңе емес. Бізде, «ел басқарумен жақсы өмірдің негізі әділдікте» деген сөз бар, егер сонау пайғамбарымыз ﷺнан бастап, соңғы Османлы сұлтанына дейін қараңыз, сіз олардан еш әділетсіздік таба алмайсыз. Ол елдерде тек мұсылман ғана емес, еврейлер де, христандар да, бұдисттер де, үнділер де өмір сүрді, яғни онда 70 түрлі сенім-наным болды.

Бірақ әрине, адам баласының ең бірінші дұшпаны кім? ол - шайтан, ал шайтан болса, адамдарға жақсы нәрселердің берілгенін қаламайды, олар жабылып, соңғы ислам халифасы Османылы құлатты, оны шайтан қиратты. Міне содан бастап ең жаман ғасыр, 20інші ғасыр басталды, ал қазір содан бері жүз жыл өтті, бүкіл дүние қиындық көріп жатыр, ал манағы бұзық адамдар, «біз сендерге оны береміз, бұны береміз» деп, уәде етті, бірақ олар не істеді? олар ештеңе бермеді, бірақ барлығын тартып алды. Тәрихты қарасақ, ешбір билік мәңгі болмағанын көреміз, ал Алла ﷻ бізге пайғамбарымыз ﷺның ұрпағынан бір кісіні жіберіп құтқаратындығын уәде еткен, иншалла. Иншалла, біз соны күтудеміз, себебі мына дүние күн өткен сайын қатты бұзылып барады. Иншалла, Сәйдина Әл-Мәхди әлейхиссалам келгенде, манағылардың жасап жатқан барша сұмдықтарымен жағдайлары, шешімі жоқ істері түгел құрып, күллі дүниеге әділдік орнайтын болады. Мына бүкіл әлем берекеге бөленіп, ешкім ешкімге зұлымдық жасамайтын болады, бұнда адамдар еш хабарсыз жатқан, еш білмейтін көптеген құпия-сырлар бар.

Бұрын сіз адамдардың, «бұл не, ол не» деп жүргенін көресіз, олар осылай ойлана таң қалып жүреді, ал ол келгенде бүкіл барлығы анық болады. Сонау Сәйдина Адам әлейхиссаламнан қазірге дейін болған істер, жершарында кімдердің өмір сүргені, анау жатқан таулар, мына мұхиттар, және адамдарға белгісіз болған барша істер анықталынып, олардың сырлары ашылады. Ал біздің адамзаттың тәрихы жәйлы білеріміз 5 пайызға да жетпеуі мүмкін, ал Мәхди хазірет келгенде бүкіл барлығы білінетін болады, ол кез жақын, иншалла, ал оның заманына жеткендерге не істердің болып кеткендігі түсінумен білуге жеңіл болмақ. Ол кез бір ерекше құтты заман, берекелі дәуір, ал қазіргі осыбір барша жамандықтардан соң, сол бір өте жақсы заман келеді. Бірақ әрине, ол заман тек 40 жыл ғана жалғасады, одан соң заман тағы өзгереді, ал қазір алда Сәйдина Әл-Мәхди хазірет келеді, одан Сәйдина Иса әлехиссалам келіп, онымен бірге болады. Сәйдина Әл-Мәхди хазірет 7 жыл билік құрады, одан соң Сәйдина Иса әлейхиссалам жершарыны 40 жыл билейді. Білесіздер, өте көп адам Иса хазірет жәйлы қате нәрселерге алданды, ал Сәйдина Иса әлейхиссалам Алла ﷻдың мұғжизасы еді. Демек, Алла ﷻ Сәйдатина Мәриям әлейхиссаламды еш некесіз, ешбір ердің жақындауынсыз жүкті етті.

Ал адамдардың Иса хазіретті, «құдайдың ұлы» деуі асқан ақымақтық-дүр, ол қалай болмақ? хаша, ол одан мүлдем жырақ, мысал үшін айтсақ, олардың ісі бейне, «құмырсқаны пілге үйлендіреміз» деген сияқты күлкілі әңгімеге ұқсайды. Ал, ол қалай болмақ! сіз қалайша, «Алла Әззә уә-Жәлләның ұл баласы бар» деп айтпақсыз! ешкім Алла Әззә уә-Жәлләны, «Ол қайда, Ол қай жерде» деп, елестете алмайды! Міне бұл жәйлы нәрселер біздің ақыл-санамызға сыюы еш мүмкін емес! Сәйдина Иса хазірет сол кезде келеді, ал қазір ол екінші көкте отыр, адамдар оны өлтіре алмайды, Алла оны құтқарды, ол сонда өзінің қайта келер уақытын күтіп отыр. Сол уақыт келгенде, ол келеді, иншалла, және ол Сәйдина Әл-Мәхди хазіретпен бірге болып, билік жүргізеді, ол кіресітті сындырады, және адамдардың шошқа-доңыз жегенін қабыл етпейді. Ол адамзатты пайғамбарымыз ﷺның шәриғат жолымен басқарады, ол осылай 40 жыл билік жүргізген соң, қайтыс болып, Мединадағы пайғамбарымыз ﷺның қасына жерленеді.

Пайғамбарымыз ﷺның бауыр пайғамбарлар жәйлы айтып кеткені белгілі болатын, ол, «менің бауырым, Иса әлейхиссалам» деп айтып кеткен. Ал манағы 40 жыл өткен соң, Иса әлейхиссалам қайтыс болады, бұл іс қияметтің аса үлкен бір белгісі еді. Демек қиямет жақындай түседі, ал адамдар тағы да дінді, жақсылықты тастап, қайтадан нәпсілеріне ілесіп кететін болады, міне бұл адамдардың тәбиғаты, себебі оларда шайтан бар, нәпсі бар. Яғни олар бірдеңе таба қалса, дереу соған ілесіп кетеді, сол кезде олардың шипасы бітетін болады, міне осындай нәрселер болуы керек. Одан соң Алла ﷻ бір түтін жібереді де, мүминдер оны иіскеген кезде, олар қайтыс болады, тек кәпірлер ғана аман қалады, одан Алла ﷻ тағы басқа нәрселерді жіберіп, олардың шипасын бітіреді. Өмірдің соңы міне осылай ақырына жетеді, ол кезде жершарында ешбір тірі адам қалмайды, бүкіл барлығы қияметті күтіп жатады. Қиямет келеді, иншалла, ол кейін келеді, содан әрбір адам мына дүниеде істегендерінің қарымжысын алатын болады. Біз сұхбат басында, «сол кезде не сауап тапсаңыз, Алла ﷻ соны сізге берер» деп айтқан едік, міне сол істер болады. Иншалла, ықыласты адамдардың берекесімен де Алла ﷻ адамдарды Алланың жолына, рахымның жолына әкелетін болады.

- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопылық #намаз #алла #аллаһ #ораза #нақшыбанд #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami



سۇحبات: امەريكا قۇرلىعىندا دا پايعامبارلار وتكەن، ءماحدي كەلگەندە بارلىق قۇپيالار اشىلادى (2025.11.03 / حيجري 1447-جىل 12-جۇمادال ءال-اۋال)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

(Chile، Santiago-دا ايتىلعان سۇحبات) ءالحامدۋليللا، ءبىز ەلىمىزدەن وتە الىس جەرلەردە تۇراتىن وسىنداي ادامدارمەن كەزدەستىرگەن اللا ﷻعا العىس ايتامىز، ءبىزدىڭ جولىمىز نۇردىڭ جولى بولعان پايعامبارىمىز ﷺنىڭ جولى، بارلىق پايعامبارلار ەل اراسىن ساپارلاپ وتكەندە، ولاردى ءجانناتقا اكەتۋ ءۇشىن ولارعا حاقتى ايتاتىن ەدى. ال ءبىزدىڭ جينالىسىمىز تەك اللا ﷻ ءۇشىن، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا وسىنداي جينىداردى جاقسى كورەدى، جانە ولاردى بەرەكەلەيدى. ال بۇندا نيەتى تەك اللا ﷻدىڭ ريزالىعى ءۇشىن بولعان وسىنداي جيىن-وتىرىستار ءجايلى ايتىلعان پايعامبارىمىز ﷺنىڭ كوپتەگەن حاديستەرى بار، جانە اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ دا ونداي جيىندار ءجايلى ايتىلعان سوزدەرى كوپ. پايعامبارىمىز ﷺ ءبىر حاديسىندە، «اللا ﷻ اللا ءۇشىن جينالعان ادامداردىڭ تابانىنا پەرىشتەلەردىڭ قاناتتارىن توسەپ قويادى، جانە ولارعا ءوز راحىمىن جىبەرەر» دەيدى. پايعامبارىمىز ﷺ تاعى دا، «ەكى مۇسىلمان باۋىر اللا ﷻ ءۇشىن كەزدەسكەندە، اللا ﷻ ولارعا ساۋاپ بەرەدى، جانە ولاردىڭ ءاربىر قادامى ءۇشىن ءبىر كۇناسىن كەشىرىپ، ءبىر ساۋاپ بەرەدى، تاعى ءبىر دارەجە كوتەرەر» دەيدى.

ءالحامدۋليللا، ءبىز دە سوناۋ الىس جەردەن كەلدىك، ينشاللا، بۇنىڭ بارلىعى بارشامىزعا ساۋاپ بولار، شىن جەڭۋ مىنە وسى، ءبىز شىن جەڭىسكە جەتۋشىلەرمىز، سەبەبى بۇلار اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ يلاھي قۇزىرەتىندە ساقتالىنادى، ال اقيرەتتە ونى تاۋىپ الامىز. ول كادىمگى بانكەگە اقشا سالىپ، ودان سوڭ بىردەڭە ۇتىپ العانعا ۇقسايدى، بۇنداي نارسە ءبىزدىڭ ەلدە دە، كوپتەگەن ەلدەردە دە بار. ادامدار اقشاسىن بانكەگە سالار، ءبىراق بانكە ونى بەرمەي قوياتىن جاعداي بار، ال اللا ﷻ يلاھي قۇزىرەتىندە ول ءسىز ءۇشىن ساقتالىنادى، قىسقا ۋاقىت ءۇشىن ەمەس، ءبىراق ماڭگىلىك ساقتالىنار. مىنە بۇل اللا ﷻدىڭ ادام بالاسىنا دەگەن جومارتتىعىنان، اللا ﷻ جاراتۋشى-ءدۇر، بۇكىل بارلىعى ونىڭ قولىندا، جانە بارلىعى اللا ﷻ ءۇشىن، بۇكىل الەم، جانە باسقا بارلىعى دا اللا ءۇشىن. اللا ﷻ ءبىزدىڭ قۇلشىلىعىمىزعا مۇحتاج ەمەس، ول ونى دا، جانە ءبىزدىڭ ىستەپ جاتقان بار ءىسىمىزدى دە كەرەك ەتپەيدى، ءبىراق ءسىز وسىلاردى ىستەسەڭىز، ول سىزگە ريزا بولادى. ال اللا ﷻ ريزا بولسا، ءسىز ۇتاسىز، ادەتتە ادامدار وزگەلەردىڭ جەڭىسكە جەتىپ، بىردەڭە ۇتىپ العانىن ۇناتپايدى، ءتىپتى ولاردىڭ قولىندا ميليون-ميليون بولسا دا، بىردەڭە بەرگەنگە قۋانبايدى. ءتىپتى ولاردىڭ بايلىعى مىڭداعان جىلعا جەتەرلىك بولسا دا، ولار ەشتەڭە بەرە المايدى، ءبىراق اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ساناماستان حيساپسىز بەرە بەرەدى، «بِغَيْرِ حِسَابٍ» ياعني (بيحايري حيساب) دەلىنەر، (قۇران 39ءىنش سۇرە 10ءىنشى ايات).

ەگەر ءسىز كەيبىر جاقسى امال ىستەسەڭىز، اللا ﷻ وعان ون ەسەدەن جەتى ءجۇز ەسەگە دەيىن ساۋاپ بەرەدى، ونان سوڭ اللا ﷻ وعان تاعى دا قانشا ەسە ساۋاپ قوسادى، ونى ءوزى بىلەر، مىنە بۇل باعى زور تالەيلى ادامدار ءۇشىن ەدى. كوپتەگەن ادامدار اقيقاتتى بىلەدى، جاقسى جولدى بىلەدى، ءبىراق ولار وعان ەرمەيدى، سوندىقتان اللا ﷻ، اللا ماحابباتى ءۇشىن وسىندا جينالعان سىزدەر سياقتى ادامدارعا ريزا بولادى. ارينە، بۇل امەريكا قۇرلىعىندا، وسى وڭىرلەردە ادامدار ءومىر سۇرگەلى نەشە مىڭداعان جىلدار بولدى، بىرەۋلەر، «بۇل - ءبىر جاڭا قۇرلىق» دەيدى، جوق، مۇلدەم ولاي ەمەس، بۇنداعى ادامدار بۇل قۇرلىقتا سوناۋ ادام الەحيسسالامنىڭ زامانىنان بەرى بار، ال ادام اتا كۇللى ادامزاتتىڭ اكەسى. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا بارلىق ادام بالاسىن ادام الەيحيسسالام ارقىلى جاساپ تاراتتى، جانە اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءوز حيكىمەتىمەن ءار ادامنىڭ نە جەيتىنىن، قاي كەزدە جەيتىنىن، جانە قايدا ولەتىنىن جازىپ قويدى. اللا ﷻ بۇنى ءار ادام ءۇشىن الدىن الا بەكىتىپ قويعان، سوندىقتان بۇل قۇرلىقتاعى ادامدار اللا ﷻعا بىلىنبەي قالعان ادامدار ەمەس. ولاردى اللا ﷻ جاراتتى، ولار مۇمكىن بۇندا 5000 جىل بۇرىن، يا ون مىڭ جىل بۇرىن كەلدى، جەرشارىنداعى بۇل وڭىرگە ادامداردىڭ قاشان جەتكەنىن اللا ﷻ ءوزى بىلەدى.

سوندىقتان، ءالحامدۋليللا، ءبىز وسى قۇرلىقتا كوپتەگەن جەرلەردى زيارات ەتتىك، اقىرىندا بىلگەنىمىز سول، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا قۇراندا، بيسميللاحيرراحمانيرراحيم، «وَلِكُلِّ قَوْمٍ هَادٍ»، «ۋاكۇللي قۋامينحاد» ياعني «ءار قاۋىم ءۇشىن ءبىر جول كورسەتۋشى بار» دەپ اتاپ وتەدى، (قۇران 13ءىنشى سۇرە 7ءىنشى ايات). دەمەك ءار ۇلت-قاۋىم ءۇشىن ولاردى اقيقاتقا باستايتىن جول كورسەتۋشى بار، ادامدار جينالعان ءار جەرگە اللا ﷻ پايعامبار جىبەرگەن، بۇل قۇرلىقتا دا، وسى جەرلەردە دە سولاي، ياعني بۇندا دا پايعامبار وتكەن، دەمەك ءار جەردە پايعامبار بولعان. ءبىراق ارينە، ادامدار دەرەۋ وزگەرەر، ياعني ولار ونىمەن بەس جىلداي تۇرعان سوڭ، وزگەرە باستايدى، سودان ولار تاعى دا اقىرىن-اقىرىن وزگەرىپ، ءبىراز ۋاقىت وتكەن سوڭ، ولار، «بۇل وڭىرلەردە پايعامبار بولماعان» دەپ ويلاپ قالادى. الايدا، جەردىڭ ءار وڭىرىندە پايعامبار بولعان، ارينە، بۇل پايعامبارلار يسا الەيحيسسالامنان بۇرىنعى پايعامبارلار ەدى، ودان بەرى مىڭداعان جىلدار ءوتتى، ادامدار دا وزگەردى. ءبىراق سوندا دا بۇل جەرلەردە ءبىراز قۇرمەت بار ەدى، نەمەسە ولار بىردەڭەگە ەرۋ كەرەك بولدى دا، پايداسى جوق نارسەلەرگە قۇلشىلىق ەتەتىن بولىپ الدى. ودان سوڭ ولار نەشە مىڭداعان جىلدار بويى وسىلاي ءومىر ءسۇرىپ ءجۇردى. ال مەن ولاردىڭ نە ىستەپ جۇرگەنىن بىلمەدىم، ءبىراق سوڭىندا بىرەۋلەر شىعىپ، «ءبىز جاڭا قۇرلىق تاپتىق» دەپ جار سالدى دا، باسقا ادامدار وسى جاڭا وڭىرگە كەلىپ، وتىراقتاسا باستادى. مىنە وسىلاي، اللا ﷻ ادامزاتتىڭ ءومىرىن اقىرلاستىرۋدا، ول ادامزاتقا بۇكىل دۇنيەنى بىرتىندەپ ارالاتتى، جەر شولعىزدى.

بۇرىن ايتىپ وتكەنىمىزدەي، اللا ﷻ ولاردى وسىندا كەلتىردى، ولار جاقسى ىستەردى ىستەر، ءبىراق ارينە، تىم جاقسى دا ەمەس، جوق، ولار جاماندىق ىستەدى، جاقسىدان الدەقايدا جامان ىستەردى قىلدى، ءبىراق ولاردىڭ جەيتىن ريزدىقتارى وسى مەملەكەتتە بولعاندىقتان، وسىندا كەلىپ قالدى. الايدا باقىتسىزدىققا وراي، بۇندا كەلگەن ادامدار بۇندا زۇلىمدىق ىستەپ، ەشكىمگە اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانى ويلامايتىن، ءدىندى ويلامايتىن، يا باسقا وڭدى بىردەڭەنى ويلامايتىن ەتىپ تاستادى. ولار دىندەگى جاقسى بولعان نارسەلەردى باسقا سەنىمگە وزگەرتىپ، ونى تەك ادامدارعا زۇلىمدىق قىلۋ ءۇشىن ىستەتتى. سولاي، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، ءسۇبىحاناللا، بۇندا كەلىپ، اللا ﷻنىڭ امىرىندەگىدەي مۇسىلمان سياقتى ءومىر سۇرگىسى كەلگەن ادامدار بولدى، ءبىراق زۇلىمدار ولارعا ەش وراي بەرمەدى. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا بۇلارعا بارلىعىن بەردى، بۇنداعى بارلىق ەلدەر، ماشاللا، مىڭداعان شاقىرىمعا سوزىلعان، ءبىز ۇشاقپەن دە، ماشينامەن دە جۇردىك، ءجاياۋ جالپى دا جۇردىك، راسىندا تاماشا ەكەن، وتە باي جەرلەر، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ولارعا بارلىعىن بەرىپتى. ءسۇبىحاناللا، ال ءبىز وسى جاقتا ءمالىم ماسەلەلەردىڭ بولىپ جاتقانىن ەستىپ جاتامىز، بۇنداعى ادامدار قۋانا المايدى، باسقا ەلدەگىلەر سياقتى ەمەس، ولار جاقسى بولماعان ىستەردى ىستەر. ال بۇندا دا ءبىر حيكىمەت بار، ول نە حيكىمەت؟ سەبەبى بۇندا بۇرىن ادامدارعا اسا زور زۇلىمدىقتارمەن كوپتەگەن جاماندىقتار ىستەلىنگەن، سول ءۇشىن بۇل جامان نارسەلەر بۇنداعىلارعا بەينە ءبىر مۇرا سياقتى جالعانىپ كەلەدى.

دەمەك ولاردىڭ اتا-بابالارىنىڭ ىستەگەندەرى قازىرگە دەيىن جالعاسىپ كەلەدى، ءسىز وسى قۇرلىققا كەلىپ جاتقان ميليونداعان مۇسىلماندى كورەسىز، ءبىراق ولاردا يسلامنىڭ ەش بەلگىسى قالمادى، ايتپەسە، ولار وندا 24 يا 30 جىل بۇرىن عانا كەلگەن ەدى. ال بۇنىڭ شەشىمى نە؟ شەشىم مىناۋ، وكىنە تاۋبە ەتىپ، اللا ﷻدان كەشىرىم سۇراۋ كەرەك. «أسِلمتَ ْسلَم»، «ءاسلىم ءتاسىلىم» ياعني «مۇسىلمان بول، امان قالاسىڭ» دەلىنەر، دەمەك باعىنىپ، بوي ۇسىنىڭىز، سوندا ءسىز امان بولاسىز، يسلام ءدىنى بەيبىتشىلىك ءدىنى، ول ەشبىر زۇلىمدىقتى قابىل ەتپەيدى، ونداعى ەڭ ءبىرىنشى ءىس ادىلدىك. بۇل يسلامدا اسا ماڭىزدى، ءقازىر بارلىق ادام، «دەموكراتيا» دەر، جانە باسقا بىردەڭەلەردى ايتار، ولار ءار جولى وسىلاي جاڭا نارسەلەردى الىپ كەلەدى، ءبىراق ولارىندا ەش ادىلدىك جوق. ءقازىر مىنا دۇنيەدەگى ەشبىر ەلدە ادىلدىك جوق، ال كىم، «مىنا ەلدە، يا انا ەلدە ادىلدىك بار» دەسە، ول وتىرىكشى سۋايىت بولماق، ولاردىڭ اتالمىش ادىلدىگى ادىلدىك سياقتى كورىنەدى، ءبىراق اقيقاتىندا ول ەكىجۇزدى مۇافيىقتىقتان باسقا ەشتەڭە ەمەس. بىزدە، «ەل باسقارۋمەن جاقسى ءومىردىڭ نەگىزى ادىلدىكتە» دەگەن ءسوز بار، ەگەر سوناۋ پايعامبارىمىز ﷺنان باستاپ، سوڭعى وسمانلى سۇلتانىنا دەيىن قاراڭىز، ءسىز ولاردان ەش ادىلەتسىزدىك تابا المايسىز. ول ەلدەردە تەك مۇسىلمان عانا ەمەس، ەۆرەيلەر دە، حريستاندار دا، بۇديستتەر دە، ۇندىلەر دە ءومىر ءسۇردى، ياعني وندا 70 ءتۇرلى سەنىم-نانىم بولدى.

ءبىراق ارينە، ادام بالاسىنىڭ ەڭ ءبىرىنشى دۇشپانى كىم؟ ول - شايتان، ال شايتان بولسا، ادامدارعا جاقسى نارسەلەردىڭ بەرىلگەنىن قالامايدى، ولار جابىلىپ، سوڭعى يسلام حاليفاسى وسمانىلى قۇلاتتى، ونى شايتان قيراتتى. مىنە سودان باستاپ ەڭ جامان عاسىر، 20ءىنشى عاسىر باستالدى، ال ءقازىر سودان بەرى ءجۇز جىل ءوتتى، بۇكىل دۇنيە قيىندىق كورىپ جاتىر، ال ماناعى بۇزىق ادامدار، «ءبىز سەندەرگە ونى بەرەمىز، بۇنى بەرەمىز» دەپ، ۋادە ەتتى، ءبىراق ولار نە ىستەدى؟ ولار ەشتەڭە بەرمەدى، ءبىراق بارلىعىن تارتىپ الدى. ءتاريحتى قاراساق، ەشبىر بيلىك ماڭگى بولماعانىن كورەمىز، ال اللا ﷻ بىزگە پايعامبارىمىز ﷺنىڭ ۇرپاعىنان ءبىر كىسىنى جىبەرىپ قۇتقاراتىندىعىن ۋادە ەتكەن، ينشاللا. ينشاللا، ءبىز سونى كۇتۋدەمىز، سەبەبى مىنا دۇنيە كۇن وتكەن سايىن قاتتى بۇزىلىپ بارادى. ينشاللا، ءسايدينا ءال-ءماحدي الەيحيسسالام كەلگەندە، ماناعىلاردىڭ جاساپ جاتقان بارشا سۇمدىقتارىمەن جاعدايلارى، شەشىمى جوق ىستەرى تۇگەل قۇرىپ، كۇللى دۇنيەگە ادىلدىك ورنايتىن بولادى. مىنا بۇكىل الەم بەرەكەگە بولەنىپ، ەشكىم ەشكىمگە زۇلىمدىق جاسامايتىن بولادى، بۇندا ادامدار ەش حابارسىز جاتقان، ەش بىلمەيتىن كوپتەگەن قۇپيا-سىرلار بار.

بۇرىن ءسىز ادامداردىڭ، «بۇل نە، ول نە» دەپ جۇرگەنىن كورەسىز، ولار وسىلاي ويلانا تاڭ قالىپ جۇرەدى، ال ول كەلگەندە بۇكىل بارلىعى انىق بولادى. سوناۋ ءسايدينا ادام الەيحيسسالامنان قازىرگە دەيىن بولعان ىستەر، جەرشارىندا كىمدەردىڭ ءومىر سۇرگەنى، اناۋ جاتقان تاۋلار، مىنا مۇحيتتار، جانە ادامدارعا بەلگىسىز بولعان بارشا ىستەر انىقتالىنىپ، ولاردىڭ سىرلارى اشىلادى. ال ءبىزدىڭ ادامزاتتىڭ ءتاريحى ءجايلى بىلەرىمىز 5 پايىزعا دا جەتپەۋى مۇمكىن، ال ءماحدي حازىرەت كەلگەندە بۇكىل بارلىعى بىلىنەتىن بولادى، ول كەز جاقىن، ينشاللا، ال ونىڭ زامانىنا جەتكەندەرگە نە ىستەردىڭ بولىپ كەتكەندىگى تۇسىنۋمەن بىلۋگە جەڭىل بولماق. ول كەز ءبىر ەرەكشە قۇتتى زامان، بەرەكەلى ءداۋىر، ال قازىرگى ءوسىبىر بارشا جاماندىقتاردان سوڭ، سول ءبىر وتە جاقسى زامان كەلەدى. ءبىراق ارينە، ول زامان تەك 40 جىل عانا جالعاسادى، ودان سوڭ زامان تاعى وزگەرەدى، ال ءقازىر الدا ءسايدينا ءال-ءماحدي حازىرەت كەلەدى، ودان ءسايدينا يسا الەحيسسالام كەلىپ، ونىمەن بىرگە بولادى. ءسايدينا ءال-ءماحدي حازىرەت 7 جىل بيلىك قۇرادى، ودان سوڭ ءسايدينا يسا الەيحيسسالام جەرشارىنى 40 جىل بيلەيدى. بىلەسىزدەر، وتە كوپ ادام يسا حازىرەت ءجايلى قاتە نارسەلەرگە الداندى، ال ءسايدينا يسا الەيحيسسالام اللا ﷻدىڭ مۇعجيزاسى ەدى. دەمەك، اللا ﷻ ءسايداتينا ءماريام الەيحيسسالامدى ەش نەكەسىز، ەشبىر ەردىڭ جاقىنداۋىنسىز جۇكتى ەتتى.

ال ادامداردىڭ يسا حازىرەتتى، «قۇدايدىڭ ۇلى» دەۋى اسقان اقىماقتىق-ءدۇر، ول قالاي بولماق؟ حاشا، ول ودان مۇلدەم جىراق، مىسال ءۇشىن ايتساق، ولاردىڭ ءىسى بەينە، «قۇمىرسقانى پىلگە ۇيلەندىرەمىز» دەگەن سياقتى كۇلكىلى اڭگىمەگە ۇقسايدى. ال، ول قالاي بولماق! ءسىز قالايشا، «اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ۇل بالاسى بار» دەپ ايتپاقسىز! ەشكىم اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانى، «ول قايدا، ول قاي جەردە» دەپ، ەلەستەتە المايدى! مىنە بۇل ءجايلى نارسەلەر ءبىزدىڭ اقىل-سانامىزعا سىيۋى ەش مۇمكىن ەمەس! ءسايدينا يسا حازىرەت سول كەزدە كەلەدى، ال ءقازىر ول ەكىنشى كوكتە وتىر، ادامدار ونى ولتىرە المايدى، اللا ونى قۇتقاردى، ول سوندا ءوزىنىڭ قايتا كەلەر ۋاقىتىن كۇتىپ وتىر. سول ۋاقىت كەلگەندە، ول كەلەدى، ينشاللا، جانە ول ءسايدينا ءال-ءماحدي حازىرەتپەن بىرگە بولىپ، بيلىك جۇرگىزەدى، ول كىرەسىتتى سىندىرادى، جانە ادامداردىڭ شوشقا-دوڭىز جەگەنىن قابىل ەتپەيدى. ول ادامزاتتى پايعامبارىمىز ﷺنىڭ ءشاريعات جولىمەن باسقارادى، ول وسىلاي 40 جىل بيلىك جۇرگىزگەن سوڭ، قايتىس بولىپ، مەديناداعى پايعامبارىمىز ﷺنىڭ قاسىنا جەرلەنەدى.

پايعامبارىمىز ﷺنىڭ باۋىر پايعامبارلار ءجايلى ايتىپ كەتكەنى بەلگىلى بولاتىن، ول، «مەنىڭ باۋىرىم، يسا الەيحيسسالام» دەپ ايتىپ كەتكەن. ال ماناعى 40 جىل وتكەن سوڭ، يسا الەيحيسسالام قايتىس بولادى، بۇل ءىس قيامەتتىڭ اسا ۇلكەن ءبىر بەلگىسى ەدى. دەمەك قيامەت جاقىنداي تۇسەدى، ال ادامدار تاعى دا ءدىندى، جاقسىلىقتى تاستاپ، قايتادان ناپسىلەرىنە ىلەسىپ كەتەتىن بولادى، مىنە بۇل ادامداردىڭ ءتابيعاتى، سەبەبى ولاردا شايتان بار، ءناپسى بار. ياعني ولار بىردەڭە تابا قالسا، دەرەۋ سوعان ىلەسىپ كەتەدى، سول كەزدە ولاردىڭ شيپاسى بىتەتىن بولادى، مىنە وسىنداي نارسەلەر بولۋى كەرەك. ودان سوڭ اللا ﷻ ءبىر ءتۇتىن جىبەرەدى دە، مۇميندەر ونى يىسكەگەن كەزدە، ولار قايتىس بولادى، تەك كاپىرلەر عانا امان قالادى، ودان اللا ﷻ تاعى باسقا نارسەلەردى جىبەرىپ، ولاردىڭ شيپاسىن بىتىرەدى. ءومىردىڭ سوڭى مىنە وسىلاي اقىرىنا جەتەدى، ول كەزدە جەرشارىندا ەشبىر ءتىرى ادام قالمايدى، بۇكىل بارلىعى قيامەتتى كۇتىپ جاتادى. قيامەت كەلەدى، ينشاللا، ول كەيىن كەلەدى، سودان ءاربىر ادام مىنا دۇنيەدە ىستەگەندەرىنىڭ قارىمجىسىن الاتىن بولادى. ءبىز سۇحبات باسىندا، «سول كەزدە نە ساۋاپ تاپساڭىز، اللا ﷻ سونى سىزگە بەرەر» دەپ ايتقان ەدىك، مىنە سول ىستەر بولادى. ينشاللا، ىقىلاستى ادامداردىڭ بەرەكەسىمەن دە اللا ﷻ ادامداردى اللانىڭ جولىنا، راحىمنىڭ جولىنا اكەلەتىن بولادى.

- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاھ #ورازا #ناقشىباند #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8567