Сұхбат: ислам аз-аздан түсіп, пайғамбарымызға келгенде толық түсіп болды (2025.10.18 / Хижри 1447-жыл 26-Рабих Әл-Ақир)

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8555
Сұхбат: ислам аз-аздан түсіп, пайғамбарымызға келгенде толық түсіп болды (2025.10.18 / Хижри 1447-жыл 26-Рабих Әл-Ақир)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.
(Argentina, Buenos Aires, Tekkia Sufi Halveti-Yerrahi дергасында айтылған сұхбат) Біздің сопылық тәриқатымыз сол, бір болу, жақсы нәсихат беру және нәсихат есту. Нақышбанд сопылық тәриқаты 41 тәриқаттың бірі болып, пайғамбарымыз ﷺнан келген, осы 41 тәриқаттың біреуі Сәйдина Әбубәкір Әс-Сыддық хазіреттен келсе, қалғандары Сәйдина Әли хазіреттен келген. Ал үмбеттің ішінде пайғамбарымыз ﷺның сахабалары ең жоғары, ал адам баласындағы ең жоғарылар пайғамбарлар, бұнда 124000 пайғамбар өткен, және олардың ішіндегі ең биігі дінді тамам еткен пайғамбарымыз Сәйдина Мұхаммад ﷺ. Себебі оның есімі Алла ﷻдың есімімен, «ләләхә иллаллах мұхаммадұн расулаллах» деп бірге келген, оның дәрежесі ең жоғары, ал біз оның үмбеті болып, бағы зор тәлейлі болдық. Барлық пайғамбарлар ұқсас жолда жүрген, ұқсамастығы жоқ, олар хақында, «бұл пайғамбар Алладан басқа әмір әкелді» деп, оларды бөліп жара алмайсыз, жоқ олай емес, әмірлер келді, бірақ әлі бітпеген еді, ал олар біздің пайғамбарымыз ﷺмен бітіп, тамам болды.
Әрине адамдар, мүминдер исламға еруде. Ал христандармен яхудилер, «осы пайғамбарымыз ﷺнан соң пайғамбар келеді» деген жоқ, өз кезінде әр пайғамбар, «менен соң бәлен пайғамбар келеді» деп айтатын. Пайғамбарымыз ﷺнан бұрынғы ең соңғы пайғамбар Сәйдина Иса хазірет еді, әрине, ол тауратқа сенді, және ол, «Алла ﷻ менен соң Ахмад есімді пайғамбар жіберер» деп айтқан. Сондықтан барлығы анық тұр, ал адамдар діннің бір екендігін білуі керек, және осыған сенуі керек, келген пайғамбар Алла ﷻдың бергендерін қабыл етіп, адамдарға дін әмірлерін үйретті. Алла Әззә уә-Жәллә оларға әмірлерін пайғамбарымыз ﷺға дейін бір-бірден түсіріп отырды, ал пайғамбарымыз өмірінің соңындағы қажылықта, «бүгін мен сендердің діндеріңді тамам еттім» дейді. Пайғамбарымыз ﷺның пайғамбарлығында айтып кеткен нәрселер туылды, ал қазір әлі де туылатын көптеген пайғамбарлық хабарлар бар, олар туылатын болады, иншалла. Әсіресе, Сәйдина Иса әлейхиссалам жәйлы солай болмақ, Алла Әззә уә-Жәллә оның мұғжизасын құранда айтып өткен.
Құран Алла Әззә уә-Жәлләның шын сөзі, дінде аман қалған кітап сол ғана, басқа діндегілер кітаптарын әлдеқашан өзгертіп тастаған, тек құран әзиму-шән ғана Алла Әззә уә-Жәлләдан болғандықтан аман сақталынды. Және ол мәлім ұқсатуға ұқсайды, сіз бірдеңе жәйлы одан мүлдем алыс болған мысал бересіз, демек өз айта алғанымызша мысал береміз. Мәселен, мәлім бір қылмысты іс болады, ал адамдар ештеңе білмей оған қарайды. Мәселен сіз бір кино көресіз, және онда мәлім қылмыс туылады, бірақ адамдар не болғанын білмейді, оны кім істегенін түсіне алмайды, нақты не болғанын білмейді. Одан соң көбінде күнәсіз адамдар түрмеге түседі немесе өлімге үкім етіледі, одан соң ел не болғанын білмей жүре береді. Бірақ Алла Әззә уә-Жәлләға бұл келмес, жоқ, Алла ﷻ, «Алланың бар айтқаны хақ» дер, Алла ﷻ құранда бұл жәйлы көптеген істерді айтып кеткен. Ал осыған қатысты іс мынау еді, бірақ біз оны жалғастырудан бұрын мына бір істі айта кетелік.
Ол кез пайғамбар Сәйдина Мұса әлейхиссаламның кезі еді, мәлім біреулер бір адамды өлтіріп кетеді, тағы біреулер манағы адамдардың оны өлтіріп қойғандығын күмән етеді. Содан олар Сәйдина Мұса әлейхиссаламға келіп, «бұл адамды кім өлтірді, біз одан кек алуымыз керек» дейді. Себебі яхудилерде яғни иудизимде, біреуді өлтірсең, сен өлтірілесің, біреудің басын я қолын кессе, қарсы жақта солай ұқсас кесілуі керек, егер біреудің құлағын кессең, ол да сенің құлағыңды кесу керек, олар, «тіске тіс» дейтін. Сонымен олар оған келді, ал Мұса әлейхиссалам Алла ﷻға сөйледі, ол кәлимуллаһ еді, олар оған, «бұл адамды кім өлтіргенін білу үшін не істеу керектігін Алла Әззә уә-Жәлләдан сұрашы» дейді, ол сұрайды, және оларға, «бір сиырды сойып, оның етімен өлген адамды ұрыңдар» дейді. Ал манағылар одан, «о Мұса, ол қайсы сиыр» деп сұрар, ол, «сиыр кәрі сиыр болмасын» дейді, одан соң олар тағы, «сиырдың түсі қандай болу керек» дейді, ол, «сиыр сары түсті немесе өте сары түсті» дейді.
Олар осылай сұрай береді, соңында олар, «біз оның қандай сиыр болуы керектігі жәйлы біле алмай шатастық» дейді, онан соң оларға бір жауап келіп, «ол жас сыир болуы керек, өте әдемі сары сыйыр болуы керек, ешқашан істетілмеген сыйыр болуы керек, ол олай, ол бұлай болуы тиіс» делінді. Онан олар, «жарайды, біз түсіндік, енді осылай істелік» дейді, олар бүкіл елді аралап жүріп, манағы айтылған сыйырды табады, ол біреу ғана еді. Онан соң олар оны сатып алып, соймақ болады, оның бағасын сұрайды, ал сыйырдың иесі кедей, бірақ жақсы кісі, шын мүмин кісі еді. Сол кезде Алла ﷻ бұл кісіге илхам беріп, ол, «сендер бұл сыйырдың терісіне толатындай алтын беріңдер» дейді, әрине манағы адамдар өте бай еді, бірақ олар өте сараң еді. Бірақ сонда да олар оның бағасын төлейді, өте көп алтын береді, мүмкін бір тонна алтын немесе одан көп алтын төлейді. Сонымен олар сыйырды сояды, және оның тілін алып, манағы өлген адамды осы тілмен ұрады, сол кезде манағы өлген адам тіріліп, «мені өлтірген жиенім еді, ол мен менің ақшам үшін өлтірді» дейді.
Алла ﷻ, «адамдардың сенулері үшін Алла ﷻ мысал-ғибырат берер» дейді, онда Сәйдина Иса әлейхиссалам жәйлы да айтылған, Алла Әззә уә-Жәллә, «Сәйдатина Мәриям хазірет ұдайы құлшылық қылып, намаз оқитын» дейді. Алла ﷻ оған бір періште жіберіп, ол үйленбестен, ешкім оған тиіспестен жүкті болады, барлығын жаратушы Алла ﷻ, бұнда Алла Әззә уә-Жәллә Сәйдина Иса хазіреттің жаралуы жәйлы ғибырат береді. Ол кәдімгі Сәйдина Адам хазірет сияқты жаралды, Алла ﷻ оны топырақтан, балшықтан жаратты, және, «бол» деді, ол бола қалды. Онан соң не болды? Сәйдина Иса әлейхиссалам хикаясының арты былай еді. Онда бір сатқын болған еді, елдің бәрі оның кім екендігін біледі, ал Алла ﷻ құранда, «Біз оның түрін Сәйдина Иса хазіреттің түріне ұқсатып қойдық, адамдар сол адамды ұстады, соны кіресітке асып өлтірді» дер. Демек құранда Алла Әззә уә-Жәллә бізге, «وَمَا قَتَلُوهُ وَمَا صَلَبُوهُ وَلَٰكِن شُبِّهَ لَهُمْ» яғни (бірақ олар оны өлтірмеді, оны кіресттеген де жоқ, бірақ басқа біреу Исаға ұқсатылды) дейді, (құран 4іінші сүре 157інші аят).
Яғни олар оны өлтірген жоқ, оны кіресіттеген жоқ, немесе кірестіке асқан жоқ, бірақ жағдай қарамаққа солай болып қалды, ал олар болса, «біз осыны істедік» деп ойлап жүр. Алла ﷻ құранда, «“بَل رَّفَعَهُ اللَّهُ إِلَيْهِ» яғни (бірақ Алла оны Өзіне көтеріп әкетті) дейді, (құран 4інші сүре, 158інші аят), демек Алла ﷻ Иса хазіретті алып, бұл дүниеден көкке, яғни екінші көкке алып кетті. Бұнда жеті көк бар, ол олардың екінші көгінде отыр, және ол қайтып келіп, бүкіл адамзатқа кімдердің алдамшы адамдар жағынан алданып қалғанын көрсетеді, және адамзатқа өзінің шын Сәйдина Иса әлейхиссалам екендігін айтады. Ол біреулердің айтып жүргеніндей құдайдың ұлы емес, әсілі титтей ойлана білетін адамның өзі бұндай жалғандыққа сенбес еді. Алла Әззә уә-Жәлләда бейне жоқ, онда мекен жоқ, ал мына бүкіл әлем, дүние, мекен, уақыт, нұр, дауыс, күн, түн, ғасыр, ай, тәрих барлығы Алла Әззә уә-Жәллә жағынан жаратылған.
Сондықтан сіз біреуді құдайдың ұлы дей алмайсыз, сәл ойлана білетін әрқандай адам үшін бұған сену мүмкін емес, әр діндегілердің көбі өздерін ғұлама атаған біреулер жағынан құртылды. Олар адамдарды ақша, пайда, дүние үшін құртты, олар ел-жұртты Алла ﷻ жолынан шығару арқылы милион, милиярт ақша жасады. Сондықтан Алла Әззә уә-Жәллә ... мүмкін біреу, «ох, діндар поп, діндар рабби, я діндар біреу бұны қалай істемек» дер, ал шындығында бұл жәйлы мысал толып жатыр. Мүмкін білерсіздер, сонау Сәйдина Юша әлейхиссаламның кезінде бір рабби яғни яхудилердің дін басы өткен еді, және ол Алла Әззә уә-Жәлләның мәлім бір құпия есімін білетін еді, ол - Оның бір ұлық есімі болып, кім осы есімді айтса, бәрін істей алатын. Тіпті осы рабиидың өзі біреулердің, «біз саған ең сұлу әйелді алып береміз» дегеніне алданып, Юша хазіретке сатқындық жасайды. Сондықтан бұл бұзықтар күнәсіз таза біреулер емес, бірақ олар шайтанмен бір адамдар, олар көптеген нәрсені өзгертіп жбіерді, мүмкін олар қасиетті кітабінің 95 немесе 99 пайызын өзгертіп жіберді.
Әлхамдулилла, пайғамбарымыз ﷺның ең үлкен мұғжизасы құран әзиму-шән, ол қолымызда, ол көктен келді, мүлдем өзгертілмеген, әрбір игі іс, әрбір білім оның ішінде. Сондықтан Сәйдина Иса хазірет келгенде ... иншалла, біз оны күтудеміз, әр адам оның келуін күтеді, мүминдер де, кәпірлер де, барлығы да оны күтуде, бұл Алла Әззә уә-Жәлләдан еді. Демек Алла Әззә уә-Жәллә әр адамның жүрегіне, «біреу келіп, адамзатты бақытты етеді, осыбір зұлымдықтан немесе бұзғыншылықтан соң, ол келіп, бүкіл дүниеге әділдік орнатады» деген сөзді салды. Иншалла, біз күтудеміз, менше уақыт алыс емес, иншалла, Сәйдина Иса әлейхиссалам келеді, одан Сәйдина Иса әлейхиссалам көктен түседі, және бүкіл дүниені тазалап, ластықтарды жоқ қылады, иншалла. Алла ﷻ оны тезден жібергей, және біз онымен бірге болғандардан болайық, иншалла. Иншалла, ол пайғамбарымыз ﷺға ереді, оның арманы пайғамбарымыз Мұхаммад ﷺға үмбет болу еді. Бұл бір аса зор абырой, әлхамдулилла, біз оның үмбетіненбіз, біз Алла ﷻға осы үшін алғыс айтуымыз керек, Алла ﷻ сіздерді берекелегей.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопылық #намаз #алла #аллаһ #ораза #нақшыбанд #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: يسلام از-ازدان ءتۇسىپ، پايعامبارىمىزعا كەلگەندە تولىق ءتۇسىپ بولدى (2025.10.18 / حيجري 1447-جىل 26-رابيح ءال-اقير)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.
(Argentina، Buenos Aires، Tekkia Sufi Halveti-Yerrahi دەرگاسىندا ايتىلعان سۇحبات) ءبىزدىڭ سوپىلىق ءتاريقاتىمىز سول، ءبىر بولۋ، جاقسى ءناسيحات بەرۋ جانە ءناسيحات ەستۋ. ناقىشباند سوپىلىق ءتاريقاتى 41 ءتاريقاتتىڭ ءبىرى بولىپ، پايعامبارىمىز ﷺنان كەلگەن، وسى 41 ءتاريقاتتىڭ بىرەۋى ءسايدينا ابۋباكىر ءاس-سىددىق حازىرەتتەن كەلسە، قالعاندارى ءسايدينا ءالي حازىرەتتەن كەلگەن. ال ۇمبەتتىڭ ىشىندە پايعامبارىمىز ﷺنىڭ ساحابالارى ەڭ جوعارى، ال ادام بالاسىنداعى ەڭ جوعارىلار پايعامبارلار، بۇندا 124000 پايعامبار وتكەن، جانە ولاردىڭ ىشىندەگى ەڭ بيىگى ءدىندى تامام ەتكەن پايعامبارىمىز ءسايدينا مۇحامماد ﷺ. سەبەبى ونىڭ ەسىمى اللا ﷻدىڭ ەسىمىمەن، «ءلالاحا يللاللاح مۇحاممادۇن راسۋلاللاح» دەپ بىرگە كەلگەن، ونىڭ دارەجەسى ەڭ جوعارى، ال ءبىز ونىڭ ۇمبەتى بولىپ، باعى زور تالەيلى بولدىق. بارلىق پايعامبارلار ۇقساس جولدا جۇرگەن، ۇقساماستىعى جوق، ولار حاقىندا، «بۇل پايعامبار اللادان باسقا ءامىر اكەلدى» دەپ، ولاردى ءبولىپ جارا المايسىز، جوق ولاي ەمەس، امىرلەر كەلدى، ءبىراق ءالى بىتپەگەن ەدى، ال ولار ءبىزدىڭ پايعامبارىمىز ﷺمەن ءبىتىپ، تامام بولدى.
ارينە ادامدار، مۇميندەر يسلامعا ەرۋدە. ال حريستاندارمەن ياحۋديلەر، «وسى پايعامبارىمىز ﷺنان سوڭ پايعامبار كەلەدى» دەگەن جوق، ءوز كەزىندە ءار پايعامبار، «مەنەن سوڭ بالەن پايعامبار كەلەدى» دەپ ايتاتىن. پايعامبارىمىز ﷺنان بۇرىنعى ەڭ سوڭعى پايعامبار ءسايدينا يسا حازىرەت ەدى، ارينە، ول تاۋراتقا سەندى، جانە ول، «اللا ﷻ مەنەن سوڭ احماد ەسىمدى پايعامبار جىبەرەر» دەپ ايتقان. سوندىقتان بارلىعى انىق تۇر، ال ادامدار ءدىننىڭ ءبىر ەكەندىگىن ءبىلۋى كەرەك، جانە وسىعان سەنۋى كەرەك، كەلگەن پايعامبار اللا ﷻدىڭ بەرگەندەرىن قابىل ەتىپ، ادامدارعا ءدىن امىرلەرىن ۇيرەتتى. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ولارعا امىرلەرىن پايعامبارىمىز ﷺعا دەيىن ءبىر-بىردەن ءتۇسىرىپ وتىردى، ال پايعامبارىمىز ءومىرىنىڭ سوڭىنداعى قاجىلىقتا، «بۇگىن مەن سەندەردىڭ دىندەرىڭدى تامام ەتتىم» دەيدى. پايعامبارىمىز ﷺنىڭ پايعامبارلىعىندا ايتىپ كەتكەن نارسەلەر تۋىلدى، ال ءقازىر ءالى دە تۋىلاتىن كوپتەگەن پايعامبارلىق حابارلار بار، ولار تۋىلاتىن بولادى، ينشاللا. اسىرەسە، ءسايدينا يسا الەيحيسسالام ءجايلى سولاي بولماق، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ونىڭ مۇعجيزاسىن قۇراندا ايتىپ وتكەن.
قۇران اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ شىن ءسوزى، دىندە امان قالعان كىتاپ سول عانا، باسقا دىندەگىلەر كىتاپتارىن الدەقاشان وزگەرتىپ تاستاعان، تەك قۇران ءازيمۋ-ءشان عانا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان بولعاندىقتان امان ساقتالىندى. جانە ول ءمالىم ۇقساتۋعا ۇقسايدى، ءسىز بىردەڭە ءجايلى ودان مۇلدەم الىس بولعان مىسال بەرەسىز، دەمەك ءوز ايتا العانىمىزشا مىسال بەرەمىز. ماسەلەن، ءمالىم ءبىر قىلمىستى ءىس بولادى، ال ادامدار ەشتەڭە بىلمەي وعان قارايدى. ماسەلەن ءسىز ءبىر كينو كورەسىز، جانە وندا ءمالىم قىلمىس تۋىلادى، ءبىراق ادامدار نە بولعانىن بىلمەيدى، ونى كىم ىستەگەنىن تۇسىنە المايدى، ناقتى نە بولعانىن بىلمەيدى. ودان سوڭ كوبىندە كۇناسىز ادامدار تۇرمەگە تۇسەدى نەمەسە ولىمگە ۇكىم ەتىلەدى، ودان سوڭ ەل نە بولعانىن بىلمەي جۇرە بەرەدى. ءبىراق اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا بۇل كەلمەس، جوق، اللا ﷻ، «اللانىڭ بار ايتقانى حاق» دەر، اللا ﷻ قۇراندا بۇل ءجايلى كوپتەگەن ىستەردى ايتىپ كەتكەن. ال وسىعان قاتىستى ءىس مىناۋ ەدى، ءبىراق ءبىز ونى جالعاستىرۋدان بۇرىن مىنا ءبىر ءىستى ايتا كەتەلىك.
ول كەز پايعامبار ءسايدينا مۇسا الەيحيسسالامنىڭ كەزى ەدى، ءمالىم بىرەۋلەر ءبىر ادامدى ءولتىرىپ كەتەدى، تاعى بىرەۋلەر ماناعى ادامداردىڭ ونى ءولتىرىپ قويعاندىعىن كۇمان ەتەدى. سودان ولار ءسايدينا مۇسا الەيحيسسالامعا كەلىپ، «بۇل ادامدى كىم ءولتىردى، ءبىز ودان كەك الۋىمىز كەرەك» دەيدى. سەبەبى ياحۋديلەردە ياعني يۋديزيمدە، بىرەۋدى ولتىرسەڭ، سەن ولتىرىلەسىڭ، بىرەۋدىڭ باسىن يا قولىن كەسسە، قارسى جاقتا سولاي ۇقساس كەسىلۋى كەرەك، ەگەر بىرەۋدىڭ قۇلاعىن كەسسەڭ، ول دا سەنىڭ قۇلاعىڭدى كەسۋ كەرەك، ولار، «تىسكە ءتىس» دەيتىن. سونىمەن ولار وعان كەلدى، ال مۇسا الەيحيسسالام اللا ﷻعا سويلەدى، ول كاليمۋللاھ ەدى، ولار وعان، «بۇل ادامدى كىم ولتىرگەنىن ءبىلۋ ءۇشىن نە ىستەۋ كەرەكتىگىن اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان سۇراشى» دەيدى، ول سۇرايدى، جانە ولارعا، «ءبىر سيىردى سويىپ، ونىڭ ەتىمەن ولگەن ادامدى ۇرىڭدار» دەيدى. ال ماناعىلار ودان، «و مۇسا، ول قايسى سيىر» دەپ سۇرار، ول، «سيىر كارى سيىر بولماسىن» دەيدى، ودان سوڭ ولار تاعى، «سيىردىڭ ءتۇسى قانداي بولۋ كەرەك» دەيدى، ول، «سيىر سارى ءتۇستى نەمەسە وتە سارى ءتۇستى» دەيدى.
ولار وسىلاي سۇراي بەرەدى، سوڭىندا ولار، «ءبىز ونىڭ قانداي سيىر بولۋى كەرەكتىگى ءجايلى بىلە الماي شاتاستىق» دەيدى، ونان سوڭ ولارعا ءبىر جاۋاپ كەلىپ، «ول جاس سىير بولۋى كەرەك، وتە ادەمى سارى سىيىر بولۋى كەرەك، ەشقاشان ىستەتىلمەگەن سىيىر بولۋى كەرەك، ول ولاي، ول بۇلاي بولۋى ءتيىس» دەلىندى. ونان ولار، «جارايدى، ءبىز تۇسىندىك، ەندى وسىلاي ىستەلىك» دەيدى، ولار بۇكىل ەلدى ارالاپ ءجۇرىپ، ماناعى ايتىلعان سىيىردى تابادى، ول بىرەۋ عانا ەدى. ونان سوڭ ولار ونى ساتىپ الىپ، سويماق بولادى، ونىڭ باعاسىن سۇرايدى، ال سىيىردىڭ يەسى كەدەي، ءبىراق جاقسى كىسى، شىن ءمۇمين كىسى ەدى. سول كەزدە اللا ﷻ بۇل كىسىگە يلحام بەرىپ، ول، «سەندەر بۇل سىيىردىڭ تەرىسىنە تولاتىنداي التىن بەرىڭدەر» دەيدى، ارينە ماناعى ادامدار وتە باي ەدى، ءبىراق ولار وتە ساراڭ ەدى. ءبىراق سوندا دا ولار ونىڭ باعاسىن تولەيدى، وتە كوپ التىن بەرەدى، مۇمكىن ءبىر توننا التىن نەمەسە ودان كوپ التىن تولەيدى. سونىمەن ولار سىيىردى سويادى، جانە ونىڭ ءتىلىن الىپ، ماناعى ولگەن ادامدى وسى تىلمەن ۇرادى، سول كەزدە ماناعى ولگەن ادام ءتىرىلىپ، «مەنى ولتىرگەن جيەنىم ەدى، ول مەن مەنىڭ اقشام ءۇشىن ءولتىردى» دەيدى.
اللا ﷻ، «ادامداردىڭ سەنۋلەرى ءۇشىن اللا ﷻ مىسال-عيبىرات بەرەر» دەيدى، وندا ءسايدينا يسا الەيحيسسالام ءجايلى دا ايتىلعان، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «ءسايداتينا ءماريام حازىرەت ۇدايى قۇلشىلىق قىلىپ، ناماز وقيتىن» دەيدى. اللا ﷻ وعان ءبىر پەرىشتە جىبەرىپ، ول ۇيلەنبەستەن، ەشكىم وعان تيىسپەستەن جۇكتى بولادى، بارلىعىن جاراتۋشى اللا ﷻ، بۇندا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءسايدينا يسا حازىرەتتىڭ جارالۋى ءجايلى عيبىرات بەرەدى. ول كادىمگى ءسايدينا ادام حازىرەت سياقتى جارالدى، اللا ﷻ ونى توپىراقتان، بالشىقتان جاراتتى، جانە، «بول» دەدى، ول بولا قالدى. ونان سوڭ نە بولدى؟ ءسايدينا يسا الەيحيسسالام حيكاياسىنىڭ ارتى بىلاي ەدى. وندا ءبىر ساتقىن بولعان ەدى، ەلدىڭ ءبارى ونىڭ كىم ەكەندىگىن بىلەدى، ال اللا ﷻ قۇراندا، «ءبىز ونىڭ ءتۇرىن ءسايدينا يسا حازىرەتتىڭ تۇرىنە ۇقساتىپ قويدىق، ادامدار سول ادامدى ۇستادى، سونى كىرەسىتكە اسىپ ءولتىردى» دەر. دەمەك قۇراندا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا بىزگە، «وَمَا قَتَلُوهُ وَمَا صَلَبُوهُ وَلَٰكِن شُبِّهَ لَهُمْ» ياعني (ءبىراق ولار ونى ولتىرمەدى، ونى كىرەستتەگەن دە جوق، ءبىراق باسقا بىرەۋ يساعا ۇقساتىلدى) دەيدى، (قۇران 4ءىىنشى سۇرە 157ءىنشى ايات).
ياعني ولار ونى ولتىرگەن جوق، ونى كىرەسىتتەگەن جوق، نەمەسە كىرەستىكە اسقان جوق، ءبىراق جاعداي قاراماققا سولاي بولىپ قالدى، ال ولار بولسا، «ءبىز وسىنى ىستەدىك» دەپ ويلاپ ءجۇر. اللا ﷻ قۇراندا، «“بَل رَّفَعَهُ اللَّهُ إِلَيْهِ» ياعني (ءبىراق اللا ونى وزىنە كوتەرىپ اكەتتى) دەيدى، (قۇران 4ءىنشى سۇرە، 158ءىنشى ايات)، دەمەك اللا ﷻ يسا حازىرەتتى الىپ، بۇل دۇنيەدەن كوككە، ياعني ەكىنشى كوككە الىپ كەتتى. بۇندا جەتى كوك بار، ول ولاردىڭ ەكىنشى كوگىندە وتىر، جانە ول قايتىپ كەلىپ، بۇكىل ادامزاتقا كىمدەردىڭ الدامشى ادامدار جاعىنان الدانىپ قالعانىن كورسەتەدى، جانە ادامزاتقا ءوزىنىڭ شىن ءسايدينا يسا الەيحيسسالام ەكەندىگىن ايتادى. ول بىرەۋلەردىڭ ايتىپ جۇرگەنىندەي قۇدايدىڭ ۇلى ەمەس، ءاسىلى تيتتەي ويلانا بىلەتىن ادامنىڭ ءوزى بۇنداي جالعاندىققا سەنبەس ەدى. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادا بەينە جوق، وندا مەكەن جوق، ال مىنا بۇكىل الەم، دۇنيە، مەكەن، ۋاقىت، نۇر، داۋىس، كۇن، ءتۇن، عاسىر، اي، ءتاريح بارلىعى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا جاعىنان جاراتىلعان.
سوندىقتان ءسىز بىرەۋدى قۇدايدىڭ ۇلى دەي المايسىز، ءسال ويلانا بىلەتىن ءارقانداي ادام ءۇشىن بۇعان سەنۋ مۇمكىن ەمەس، ءار دىندەگىلەردىڭ كوبى وزدەرىن عۇلاما اتاعان بىرەۋلەر جاعىنان قۇرتىلدى. ولار ادامداردى اقشا، پايدا، دۇنيە ءۇشىن قۇرتتى، ولار ەل-جۇرتتى اللا ﷻ جولىنان شىعارۋ ارقىلى ميليون، ميليارت اقشا جاسادى. سوندىقتان اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ... مۇمكىن بىرەۋ، «وح، ءدىندار پوپ، ءدىندار راببي، يا ءدىندار بىرەۋ بۇنى قالاي ىستەمەك» دەر، ال شىندىعىندا بۇل ءجايلى مىسال تولىپ جاتىر. مۇمكىن بىلەرسىزدەر، سوناۋ ءسايدينا يۋشا الەيحيسسالامنىڭ كەزىندە ءبىر راببي ياعني ياحۋديلەردىڭ ءدىن باسى وتكەن ەدى، جانە ول اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ءمالىم ءبىر قۇپيا ەسىمىن بىلەتىن ەدى، ول - ونىڭ ءبىر ۇلىق ەسىمى بولىپ، كىم وسى ەسىمدى ايتسا، ءبارىن ىستەي الاتىن. ءتىپتى وسى رابيدىڭ ءوزى بىرەۋلەردىڭ، «ءبىز ساعان ەڭ سۇلۋ ايەلدى الىپ بەرەمىز» دەگەنىنە الدانىپ، يۋشا حازىرەتكە ساتقىندىق جاسايدى. سوندىقتان بۇل بۇزىقتار كۇناسىز تازا بىرەۋلەر ەمەس، ءبىراق ولار شايتانمەن ءبىر ادامدار، ولار كوپتەگەن نارسەنى وزگەرتىپ جبىەردى، مۇمكىن ولار قاسيەتتى كىتابىنىڭ 95 نەمەسە 99 پايىزىن وزگەرتىپ جىبەردى.
ءالحامدۋليللا، پايعامبارىمىز ﷺنىڭ ەڭ ۇلكەن مۇعجيزاسى قۇران ءازيمۋ-ءشان، ول قولىمىزدا، ول كوكتەن كەلدى، مۇلدەم وزگەرتىلمەگەن، ءاربىر يگى ءىس، ءاربىر ءبىلىم ونىڭ ىشىندە. سوندىقتان ءسايدينا يسا حازىرەت كەلگەندە ... ينشاللا، ءبىز ونى كۇتۋدەمىز، ءار ادام ونىڭ كەلۋىن كۇتەدى، مۇميندەر دە، كاپىرلەر دە، بارلىعى دا ونى كۇتۋدە، بۇل اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان ەدى. دەمەك اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءار ادامنىڭ جۇرەگىنە، «بىرەۋ كەلىپ، ادامزاتتى باقىتتى ەتەدى، ءوسىبىر زۇلىمدىقتان نەمەسە بۇزعىنشىلىقتان سوڭ، ول كەلىپ، بۇكىل دۇنيەگە ادىلدىك ورناتادى» دەگەن ءسوزدى سالدى. ينشاللا، ءبىز كۇتۋدەمىز، مەنشە ۋاقىت الىس ەمەس، ينشاللا، ءسايدينا يسا الەيحيسسالام كەلەدى، ودان ءسايدينا يسا الەيحيسسالام كوكتەن تۇسەدى، جانە بۇكىل دۇنيەنى تازالاپ، لاستىقتاردى جوق قىلادى، ينشاللا. اللا ﷻ ونى تەزدەن جىبەرگەي، جانە ءبىز ونىمەن بىرگە بولعانداردان بولايىق، ينشاللا. ينشاللا، ول پايعامبارىمىز ﷺعا ەرەدى، ونىڭ ارمانى پايعامبارىمىز مۇحامماد ﷺعا ۇمبەت بولۋ ەدى. بۇل ءبىر اسا زور ابىروي، ءالحامدۋليللا، ءبىز ونىڭ ۇمبەتىنەنبىز، ءبىز اللا ﷻعا وسى ءۇشىن العىس ايتۋىمىز كەرەك، اللا ﷻ سىزدەردى بەرەكەلەگەي.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاھ #ورازا #ناقشىباند #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8555