МҰСЫЛМАНДАР ТӘУБЕ ЕТКЕНДЕ, ШЫҢҒЫСХАН МҰҢҒЫЛДАРЫ ИСЛАМ ҚАБЫЛДАДЫ. АЛ ЖОШЫ ХАН МҰСЫЛМАН БОЛУЫ МҮМКІН

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8508
МҰСЫЛМАНДАР ТӘУБЕ ЕТКЕНДЕ, ШЫҢҒЫСХАН МҰҢҒЫЛДАРЫ ИСЛАМ ҚАБЫЛДАДЫ. АЛ ЖОШЫ ХАН МҰСЫЛМАН БОЛУЫ МҮМКІН
Алланың қалауымен мұңғылдар орта азиямен мұсылман жеріне асыл ислам дінін қабылдауға өздері шауып келген. Нақышбанд сопылық тәриқатының әйгілі бір әулиесі шыңғысхан мұңғылдарының шапқыншылығы жәйлы былай дейді. мұсылмандар азып, ислам дінін бір жаққа тастап, дүниенің артына қатты түсіп алды. Сондықтан Алла іріп жатқан мұсылмандарды тәубесіне келтіру үшін тым алыста жатқан мұңғылдарды оларға жібереді. Егер мұсылмандар қателігін танып, тәубе етсе, Алла мұңғылдардың жүрегін исламға ашып, оларды мұсылман етіп қоятын болады, жағдай жақсарады. Мұңғылдарды бұнда шақырып келген нәрсе сендердің бұзық істеріңмен жаман харектірлерің, егер жақсы болсаңдар, Алла мұңғылдарды сендерге жібермес еді. Сендер қазір исламға лайықты қауым болмай қалдыңдар. Міне әулие осылай дейді. Ал Шыңғысхан да бұхарадағы ең үлкен мешітке атпен кіріп, имам құтпа айтатын мінберге шығады. Және сонда жиналған елге, 'сендер білесіңдерме, мен бұнда қалай келіп қалдым' дейді. Онан соң ол, 'мен тәңірдің жазасымын, сендер жақсы емессіңдер, әйтпесе тәңір мен сияқты қарғысты сендерге жібермес' дейді. Ал кейін мұсылмандар көп тәубе етті, арада аз уақыт өткен соң көптеген мұңғыл хандары ислам қабылдай бастады. Соңында мұңғыл имперясының төрттен үш бөлігі мұсылман болып кетті. Тек қытайды билеп жатқан құбылай ханның мұңғылдары ислам қабылдай алмай қалды. Құбылай ханның ұрпақтарынан да ислам дінін бүкіл қытай, көрей және ветінамға дейін мемлекеттік дін етіп орнатпақ болған мұсылман ханзадалар шықты. Бірақ бұддис ханзадалар оларға қарсы шығып, оларды қастықпен өлтірді. Міне осылай Ислам дінін шығыс азияда ресіми түрде кең тарату іске аспай қалды. Бұл тағы бір жағынан бұндағы халықтардың тәлейсіз екендігін, олардың исламға лайықты емес екендігін білдіреді. Демек мәлім қауым, ұлт немесе халық исламға лайықты болмаса, оларға исламды тарату өте қиынға түседі, олар исламнан қашып, шайтанның даргайына өтіп кетеді. Ал осы мұсылман болып кеткен мұңғылдардың үлкен бөлімі қазіргі қазақ халқының арасында жүр. Қазақтың жартысы осы түркілесіп, мұсылман болып кеткен ертедегі мұңғылдардан тұрады. Олардың тағы бір бөлімі өзбек, татар, ноғай арасында үлкен қауым болып кетті. Ал Шыңғысхан мұсылман болмады, бірақ ислам дініне тиіскен жоқ, алайда жошы ханның ислам қабылдаған мүмкіндігі күшті, себебі оның мұсылман әйелі болған. Сол мұсылман әйелінен әйгілі берке хан туылады. Ал берке хан ислам дінінің қорғаушы әскеріне айналып, мамлүк сұлтаны бейбарыспен жақсы байланыста болады. Берке ханмен Бейбарыс сұлтан қыз алысып, құда болады. Шыңғысхан ұрпақтарынан берке хан, өзбек хан, ғазан хан, барақ хан, тұғылық темір хан, уәйіс хан, қасым хан, алаш хан, сәйд хан сияқты ислам діні үшін күрескен көрнекті тұлғалар шықты. Бұдан тыс әмір Темір, ойрат наурызбай, ойрат кетбұға сұлтан сияқты мұңғыл тектес түркіленген әйгілі хан-сұлтандар шықты.
مۇسىلماندار تاۋبە ەتكەندە، شىڭعىسحان مۇڭعىلدارى يسلام قابىلدادى. ال جوشى حان مۇسىلمان بولۋى مۇمكىن
اللانىڭ قالاۋىمەن مۇڭعىلدار ورتا ازيامەن مۇسىلمان جەرىنە اسىل يسلام ءدىنىن قابىلداۋعا وزدەرى شاۋىپ كەلگەن. ناقىشباند سوپىلىق ءتاريقاتىنىڭ ايگىلى ءبىر اۋليەسى شىڭعىسحان مۇڭعىلدارىنىڭ شاپقىنشىلىعى ءجايلى بىلاي دەيدى. مۇسىلماندار ازىپ، يسلام ءدىنىن ءبىر جاققا تاستاپ، دۇنيەنىڭ ارتىنا قاتتى ءتۇسىپ الدى. سوندىقتان اللا ءىرىپ جاتقان مۇسىلمانداردى تاۋبەسىنە كەلتىرۋ ءۇشىن تىم الىستا جاتقان مۇڭعىلداردى ولارعا جىبەرەدى. ەگەر مۇسىلماندار قاتەلىگىن تانىپ، تاۋبە ەتسە، اللا مۇڭعىلداردىڭ جۇرەگىن يسلامعا اشىپ، ولاردى مۇسىلمان ەتىپ قوياتىن بولادى، جاعداي جاقسارادى. مۇڭعىلداردى بۇندا شاقىرىپ كەلگەن نارسە سەندەردىڭ بۇزىق ىستەرىڭمەن جامان حارەكتىرلەرىڭ، ەگەر جاقسى بولساڭدار، اللا مۇڭعىلداردى سەندەرگە جىبەرمەس ەدى. سەندەر ءقازىر يسلامعا لايىقتى قاۋىم بولماي قالدىڭدار. مىنە اۋليە وسىلاي دەيدى. ال شىڭعىسحان دا بۇحاراداعى ەڭ ۇلكەن مەشىتكە اتپەن كىرىپ، يمام قۇتپا ايتاتىن مىنبەرگە شىعادى. جانە سوندا جينالعان ەلگە، 'سەندەر بىلەسىڭدەرمە، مەن بۇندا قالاي كەلىپ قالدىم' دەيدى. ونان سوڭ ول، 'مەن ءتاڭىردىڭ جازاسىمىن، سەندەر جاقسى ەمەسسىڭدەر، ايتپەسە ءتاڭىر مەن سياقتى قارعىستى سەندەرگە جىبەرمەس' دەيدى. ال كەيىن مۇسىلماندار كوپ تاۋبە ەتتى، ارادا از ۋاقىت وتكەن سوڭ كوپتەگەن مۇڭعىل حاندارى يسلام قابىلداي باستادى. سوڭىندا مۇڭعىل يمپەرياسىنىڭ تورتتەن ءۇش بولىگى مۇسىلمان بولىپ كەتتى. تەك قىتايدى بيلەپ جاتقان قۇبىلاي حاننىڭ مۇڭعىلدارى يسلام قابىلداي الماي قالدى. قۇبىلاي حاننىڭ ۇرپاقتارىنان دا يسلام ءدىنىن بۇكىل قىتاي، كورەي جانە ۆەتىنامعا دەيىن مەملەكەتتىك ءدىن ەتىپ ورناتپاق بولعان مۇسىلمان حانزادالار شىقتى. ءبىراق بۇدديس حانزادالار ولارعا قارسى شىعىپ، ولاردى قاستىقپەن ءولتىردى. مىنە وسىلاي يسلام ءدىنىن شىعىس ازيادا رەسىمي تۇردە كەڭ تاراتۋ ىسكە اسپاي قالدى. بۇل تاعى ءبىر جاعىنان بۇنداعى حالىقتاردىڭ تالەيسىز ەكەندىگىن، ولاردىڭ يسلامعا لايىقتى ەمەس ەكەندىگىن بىلدىرەدى. دەمەك ءمالىم قاۋىم، ۇلت نەمەسە حالىق يسلامعا لايىقتى بولماسا، ولارعا يسلامدى تاراتۋ وتە قيىنعا تۇسەدى، ولار يسلامنان قاشىپ، شايتاننىڭ دارگايىنا ءوتىپ كەتەدى. ال وسى مۇسىلمان بولىپ كەتكەن مۇڭعىلداردىڭ ۇلكەن ءبولىمى قازىرگى قازاق حالقىنىڭ اراسىندا ءجۇر. قازاقتىڭ جارتىسى وسى تۇركىلەسىپ، مۇسىلمان بولىپ كەتكەن ەرتەدەگى مۇڭعىلداردان تۇرادى. ولاردىڭ تاعى ءبىر ءبولىمى وزبەك، تاتار، نوعاي اراسىندا ۇلكەن قاۋىم بولىپ كەتتى. ال شىڭعىسحان مۇسىلمان بولمادى، ءبىراق يسلام دىنىنە تيىسكەن جوق، الايدا جوشى حاننىڭ يسلام قابىلداعان مۇمكىندىگى كۇشتى، سەبەبى ونىڭ مۇسىلمان ايەلى بولعان. سول مۇسىلمان ايەلىنەن ايگىلى بەركە حان تۋىلادى. ال بەركە حان يسلام ءدىنىنىڭ قورعاۋشى اسكەرىنە اينالىپ، ماملۇك سۇلتانى بەيبارىسپەن جاقسى بايلانىستا بولادى. بەركە حانمەن بەيبارىس سۇلتان قىز الىسىپ، قۇدا بولادى. شىڭعىسحان ۇرپاقتارىنان بەركە حان، وزبەك حان، عازان حان، باراق حان، تۇعىلىق تەمىر حان، ءۋايىس حان، قاسىم حان، الاش حان، ءسايد حان سياقتى يسلام ءدىنى ءۇشىن كۇرەسكەن كورنەكتى تۇلعالار شىقتى. بۇدان تىس ءامىر تەمىر، ويرات ناۋرىزباي، ويرات كەتبۇعا سۇلتان سياقتى مۇڭعىل تەكتەس تۇركىلەنگەن ايگىلى حان-سۇلتاندار شىقتى.
#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8508