ҚҰЛАҒЫҢЫЗДЫҢ КЕНЕТ ШЫҢЫЛДАУЫ БІРЕУДІҢ ҚАЙТЫС БОЛАТЫНЫН БІЛДІРЕДІ

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8298
ҚҰЛАҒЫҢЫЗДЫҢ КЕНЕТ ШЫҢЫЛДАУЫ БІРЕУДІҢ ҚАЙТЫС БОЛАТЫНЫН БІЛДІРЕДІ
Алланың илаһи құзіретінде бір аса алып бәйтерек бар болып, оның әрбір жапырағына қияметке дейінгі әрбір адамның есімі жазылған, олар бір-біріне ұқсамайды. Ал мына дүниедегі мәлім адам қайтыс болардан 40 күн бұрын, сол адамның есімі жазылған жапырақ осы алып бәйтеректен үзіліп түседі. Ал жан алғыш Әзірейіл періште болса, осы жапырақты алып, ондағы есімді оқиды, және сол адамның жанын алуға 40 күн бұрын дайындалады. Ал манағы жапырақ осы аса биік бәйтеректен құлап келе жатып, кейбір жапырақтарға соғылады, сүйкеп өтеді, демек ол басқа адамдардың есімдері жазылған жапырақтарға жанасып өтеді. Егер осы кезде ол жапырақ сіздің есміңіз жазылған жапыраққа соғылса, сіздің құлағыңыз кенеттен шың ете түсетін болады, демек құлағыңыздан шыңылдаған бір тілсім үн естіледі, кейін жоғалып кетеді. Ол құлақ ауру емес, бірақ ол мәлім белгісіз бір адамның 40 күн ішінде қайтыс болатынын білдіреді, яғни құлағыңыздың кенет шыңылдауының өзі сізге өлімді ескертуде. Сондықтан, мұсылмандар құлағы кенет шыңылдаса, 'инна лилахи уа инна илаихи ражиғұн', яғни 'біз Алладан келдік, және біз Аллаға қайтамыз' деп, иман айтады. Адам өмірі исламда тыныс санымен есептелінеді, адам өлерде бір періште оған келіп, 'жер-әлемді айналып келдім, сенің артық бір дем тынысың қалмапты' дейді. Тағы бір періште келіп, 'жер-әлемді айналып келдім, сен ішерлік бір тамшы су қалмапты' дейді. Ал соңғы періште келіп, 'жер-әлемді айналып келдім, сен жейтін бір түйір риздық қалмапты' деп айтады. Сосын, тыныс саны, ішерлігі, риздығы мүлдем таусылған адамға Әзірейіл періште келіп, оның жанын алады. Егер өлетін адам мүмин болса, Әзірейіл періште оған әдемі бейнемен, кәпір болса, оған аса қорқынышты бейнемен келеді. Ал Әзірейіл періштеге біреудің жанын қашан, қайда, қалай алу керектігі манағы алып илаһи бәйтеректен үзіліп түскен жапырақта жазылған.
قۇلاعىڭىزدىڭ كەنەت شىڭىلداۋى بىرەۋدىڭ قايتىس بولاتىنىن بىلدىرەدى
اللانىڭ يلاھي قۇزىرەتىندە ءبىر اسا الىپ بايتەرەك بار بولىپ، ونىڭ ءاربىر جاپىراعىنا قيامەتكە دەيىنگى ءاربىر ادامنىڭ ەسىمى جازىلعان، ولار ءبىر-بىرىنە ۇقسامايدى. ال مىنا دۇنيەدەگى ءمالىم ادام قايتىس بولاردان 40 كۇن بۇرىن، سول ادامنىڭ ەسىمى جازىلعان جاپىراق وسى الىپ بايتەرەكتەن ءۇزىلىپ تۇسەدى. ال جان العىش ازىرەيىل پەرىشتە بولسا، وسى جاپىراقتى الىپ، ونداعى ەسىمدى وقيدى، جانە سول ادامنىڭ جانىن الۋعا 40 كۇن بۇرىن دايىندالادى. ال ماناعى جاپىراق وسى اسا بيىك بايتەرەكتەن قۇلاپ كەلە جاتىپ، كەيبىر جاپىراقتارعا سوعىلادى، سۇيكەپ وتەدى، دەمەك ول باسقا ادامداردىڭ ەسىمدەرى جازىلعان جاپىراقتارعا جاناسىپ وتەدى. ەگەر وسى كەزدە ول جاپىراق ءسىزدىڭ ەسمىڭىز جازىلعان جاپىراققا سوعىلسا، ءسىزدىڭ قۇلاعىڭىز كەنەتتەن شىڭ ەتە تۇسەتىن بولادى، دەمەك قۇلاعىڭىزدان شىڭىلداعان ءبىر ءتىلسىم ءۇن ەستىلەدى، كەيىن جوعالىپ كەتەدى. ول قۇلاق اۋرۋ ەمەس، ءبىراق ول ءمالىم بەلگىسىز ءبىر ادامنىڭ 40 كۇن ىشىندە قايتىس بولاتىنىن بىلدىرەدى، ياعني قۇلاعىڭىزدىڭ كەنەت شىڭىلداۋىنىڭ ءوزى سىزگە ءولىمدى ەسكەرتۋدە. سوندىقتان، مۇسىلماندار قۇلاعى كەنەت شىڭىلداسا، 'يننا ليلاحي ۋا يننا يلايحي راجيعۇن'، ياعني 'ءبىز اللادان كەلدىك، جانە ءبىز اللاعا قايتامىز' دەپ، يمان ايتادى. ادام ءومىرى يسلامدا تىنىس سانىمەن ەسەپتەلىنەدى، ادام ولەردە ءبىر پەرىشتە وعان كەلىپ، 'جەر-الەمدى اينالىپ كەلدىم، سەنىڭ ارتىق ءبىر دەم تىنىسىڭ قالماپتى' دەيدى. تاعى ءبىر پەرىشتە كەلىپ، 'جەر-الەمدى اينالىپ كەلدىم، سەن ىشەرلىك ءبىر تامشى سۋ قالماپتى' دەيدى. ال سوڭعى پەرىشتە كەلىپ، 'جەر-الەمدى اينالىپ كەلدىم، سەن جەيتىن ءبىر ءتۇيىر ريزدىق قالماپتى' دەپ ايتادى. سوسىن، تىنىس سانى، ىشەرلىگى، ريزدىعى مۇلدەم تاۋسىلعان ادامعا ازىرەيىل پەرىشتە كەلىپ، ونىڭ جانىن الادى. ەگەر ولەتىن ادام ءمۇمين بولسا، ازىرەيىل پەرىشتە وعان ادەمى بەينەمەن، كاپىر بولسا، وعان اسا قورقىنىشتى بەينەمەن كەلەدى. ال ازىرەيىل پەرىشتەگە بىرەۋدىڭ جانىن قاشان، قايدا، قالاي الۋ كەرەكتىگى ماناعى الىپ يلاھي بايتەرەكتەن ءۇزىلىپ تۇسكەن جاپىراقتا جازىلعان.
#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8298